Сондықтан көгалшапқышпен жұмыс
бастамас бұрын шөп алаңында қалып
қойған барлық кетірілмейтін бөгде
заттарды (кедергілерді) белгілеп қою
керек.
Құрылғыны пайдаланар алдында
ақауларды жойып, барлық тозған жəне
зақым келген бөлшектерді алмастыру
керек. Құрылғыдағы анық емес немесе
зақымдалған қауіп жəне ескерту
белгілерін жаңартыңыз. STIHL
делдалыңызда қосалқы жапсырмалар
мен барлық басқа қосалқы бөліктер бар.
Тек қолданысқа жарамды күйдегі
құрылғыны қолданыңыз. Жұмысты
бастау алдында төмендегілерді тексеру
керек:
– құрылғының дұрыс орнатылғанын.
– кескіш құрал жəне барлық кескіш
бөліктің (шапқыш пышағы, бекіткіш
элементтер, көгалшапқыштың
корпусы) мінсіз күйін. Бас назарды
бекіткіштің қауіпсіздігіне, бүлінген
жерлеріне (жарықтар немесе
сызаттар), сондай-ақ тозғанына
аударыңыз.
– күйінің мінсіздігі жəне қорғаныс
құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуі
(түсіріп тастауға арналған жапқыш,
корпус, меңгерік, қозғалтқышты
тоқтату тұтқасы сияқты).
– шөп жинағышта зақымдалған
жерлердің бар-жоғын жəне дұрыс
орнатылғандығын; зақымдалған шөп
жинағышты қолдануға болмайды.
– электр қозғалтқыштың кері шегіну
тежегішінің дұрыс жұмыс істеуін.
464
Қажет болса, барлық қажетті
жұмыстарды орындаңыз немесе
делдалға хабарласыңыз. STIHL
компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
«Электр тогына соғылу қаупі»
бөліміндегі ақпаратты есте сақтаңыз
(
4.2).
Ешқашан пышағы дұрыс орнатылмаған
жағдайда электр қозғалтқышты
қоспаңыз. Электр қозғалтқышының
қызып кету қаупі!
4.6 Жұмыс уақытында
Жануарлар немесе құстар,
əсіресе балалар қауіпті
аумақта болғанда, ешбір
жағдайда жұмыс істемеңіз.
Құралдағы орнатылған алмастырып-
қосқыштар мен сақтандырғыш
құрылғыларды алуға немесе қайта
қосуға болмайды. Атап айтқанда,
қозғалтқышты тоқтату тұтқасын
меңгерікке ешқашан бекітпеңіз
(мысалы, байлау арқылы).
Тұтқасы тиісті тұрпатта монтаждалуға
тиіс, құрылымына еш өзгеріс енгізуге
болмайды. Тұтқасы жиналып қойылған
көгалшапқышты ешқашан
қолданбаңыз.
Ешбір жағдайда заттарды меңгерікке
қыстырмаңыз (мысалы, жұмыс киімін).
Ұзартқыш кабель меңгерікке оратылып
қалмауын қадағалаңыз.
Жұмысты күндіз немесе жеткілікті
дəрежедегі жасанды жарық болған
жағдайда ғана орындаған жөн.
Қоршаған орта температурасы +5°C-
ден төмен болғанда көгал шаппаңыз.
Құрылғымен жаңбыр, күн күркірегенде
жəне əсіресе найзағай жарқылдағанда
жұмыс істеуге болмайды.
Су жерлерде орнықты
тұрмайтындықтан жазатайым оқиға
қаупі артады.
Жұмыс барысында сырғанап кетпеу
үшін ерекше абай болған жөн.
Мүмкіндігінше құрылғыны дымқыл
жерлерде қолданудың алдын алу керек.
Бұйымды жаңбырдың астына
қалдырмаңыз.
Құрылғыны қосу:
«Қолданысқа енгізу» бөлімінің
нұсқауларын сақтай отырып, шапқышты
абайлап қосыңыз. (
11.)
Аяқтарыңыз кескіш құрал-сайманнан
едəуір қашықтықта болғанын байқап
тұрыңыз.
Қосқан кезде құрылғы тегіс жерде тұруы
тиіс.
Сөндірер алдында жəне қосу
процессінде құрылғы аударулы күйде
болмауы тиіс.
Түсіріп тастауға арналған арналар
қақпақпен немесе шөп жинағышпен
жабылмаған болса, электр
қозғалтқышты қоспаңыз.
Қысқа уақыт аралығында, жиі қосуды,
атап айтсақ қосу түймешігін қайта-қайта
басып «ойнамаған» жөн. Электр
қозғалтқышының қызып кету қаупі!
Еңістерде жұмыс істеу:
Еңіс жерде тек көлденең бағытта
қозғалуға болады, бірақ бойлай
қозғалмаңыз.
Егер пайдаланушы, еңістің бойымен
көгалшапқышпен қозғалған кезде, оны
басқара алмай қалған болса, шапқыш
оны аяқтан жығуы мүмкін.
0478 121 9910 A - KK