12.5 Шапқыш пышаққа
техникалық қызмет көрсету
Техникалық қызмет көрсету
аралығы:
Əр қолдану алдында
Жарақат алу қаупі бар!
Пышақты пайдалану орнына
жəне уақытына байланысты
ауыстыру керек. Егер құрылғыны
құмды жерде жəне көбінесе
құрғақ жағдайларда
пайдалансаңыз, пышақ уақыт өте
келе нашар жұмыс істейтін
болады жəне əдеттегіден тезірек
тозады. Жұқарып кеткен пышақ
бөлініп кетіп, ауыр жарақат алуға
себеп болуы мүмкін. Сондықтан
пышаққа техникалық қызмет
көрсету жөніндегі нұсқауларды
əркез ұстанған жөн.
● Көгалшапқышты тазалау күйіне
келтіріңіз. (
12.2)
● Пышақты (1) тазалаңыз.
● Пышақтың қалыңдығын A
бірнеше жерден жылжымалы
калибрдің көмегімен тексеріңіз.
Əсіресе пышақ қалқандары аумағын
мұқият өлшеңіз.
A > 2 мм
● Сызғышты (2) пышақтың алдыңғы
жиегіне қойып, кері қайрау
деңгейін B өлшеңіз.
B < 5 мм
Пышақты келесі жағдайларда ауыстыру
қажет,
– ол зақымдалған кезде (жарықтар,
сызаттар),
474
– өлшем деректеріне бір не бірнеше
жерде жеткен кезде немесе рұқсатты
деңгейден асқан жағдайда.
19
Егер көгалшапқышқа керек-жарақ
ретінде қолжетімді көп функциялы
пышақ орнатылған болса, басқа
тозудың шектері есепке алынады
(керек-жарақтарды пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты қараңыз).
12.6 Шапқыш пышақтарын алу
жəне орнату
Бөлшектеу:
● Сəйкес келетін ағаш қырлы
бөрене (1, шамамен 60х60 мм)
пышақты (2) бекіту үшін
қолданылады.
● Пышақ бұрандамасын (3) SW 24
гайка кілтінің көмегімен бұрап
шығарыңыз.
● Пышақты (2) шығарып алыңыз.
Монтаждау:
Жарақат алу қаупі бар!
Пышақты (2) тек суретке сəйкес
монтаждау керек. Тік пышақ
қалақтары жоғары қарай қарап
тұруы керек.
Пышақ бұрандамасының
көрсетілген созылу мезетін дəл
сақтаңыз, себебі кескіш құралдың
бекіту беріктігі осыған
байланысты болады. Пышақ
бұрандамаларын (3) қосымша
Loctite 243 көмегімен бекітіңіз.
Пышақ бұрандамасын (3)
пышақты əр ауыстырған сайын
ауыстырыңыз.
● Пышаққа тиіп тұратын бетті жəне
пышақтың жалғастырғышын
тазалаңыз.
● Пышақтың балансын тексеріңіз.
(
12.7)
● Пышақты (2) жоғары бүгілген
қалақтар жоғары (құрылғыға
бағытталып) қарап тұратындай етіп
монтаждаңыз.
● Сəйкес келетін ағаш қырлы
бөрене (1, шамамен 60х60 мм)
пышақты (2) бекіту үшін
20
қолданылады.
21
● Пышақ бұрандамасын (3) бұрап
бекітіңіз.
Созылу мезеті:
15 - 20 Нм
12.7 Пышақтың балансын
тексеру
● Пышақты бөлшектеңіз.
(
12.6)
● Бұрауышты (1) пышақтың (3)
ортаңғы тесігі (2) арқылы бағыттап,
пышақты көлденең бағыттаңыз.
Егер пышақ дұрыс теңдестірілсе,
онда ол көлденең күйде қалады.
● Егер пышақ бір жаққа қарай қисаятын
болса, оның тепе-теңдігі орнағанға
дейін қайраңыз. (
12.8 Шапқыш пышағын қайрау
STIHL шапқыш пышақтарын қайрауды
мамандарға тапсыруды ұсынады.
Пышақтар дұрыс қайралмаған кезде
(қайрау бұрышы дұрыс емес, теңсіздік
жəне т.б.) құрылғының жұмысы
нашарлайды.
22
12.8)
0478 121 9910 A - KK