аспаптың қызмет етуіне теріс əсер етуі мүмкін
зақымдардың жоқ екенін тексеріңіз. Қолдану
алдында аспаптың зақымдалған бөліктерін
жөндеуге өткізіңіз. Жазатайым оқиғалардың көп
санының себептері электр құралына нашар қыз-
мет көрсетуден болған.
Кескіш аспаптардың үшкір жəне таза болуын
қадағалау керек. Кесу жиектері үшкір жақсы күтіл-
ген кескіш аспаптың сыналануы сиректеу болады
жəне оны жүргізу оңайырақ.
Электр құралдарын, саймандарды, жұмыс аспа-
бын жəне т.б. осы нұсқауларға сай жəне осы
аспаптың арнайы түріне нұсқау берілгендей қол-
даныңыз. Бұл кезде жұмыс жағдайларын жəне
орындалатын жұмыстың сипатын ескеріңіз.
Электр құралдарды басқа мақсаттарда қолдану
қауіпті жағдайларға əкелуі мүмкін.
5.1.5 Қызмет көрсету
Электр құралды жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы
бөлшектерді қолданатын білікті қызметкерлер-
ге сеніп тапсырыңыз. Осылайша аспап қауіпсіз-
дігін сақтау қамтамасыз етіледі.
5.2 Қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы
нұсқаулар
5.2.1 Адамдардың қауіпсіздігі
Қорғауыш құлаққапты қолданыңыз. Шу əсерінің
нəтижесінде есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
Құлауды болдырмау үшін желілік кабельді,
ұзартқыштарды жəне сору шлангысын аспап-
тан артқа жəне астымен тартыңыз. Бұл жұмыс-
тарды жүргізу кезінде кабельге құлау қаупін азай-
тады.
Əрқашан аспапты тұтқыштан жəне/немесе кор-
пустың пластмасса элементтерінен берік ұстаңыз.
Аспаптың айналатын бөліктеріне тимеңіз.
Асуға арналған ілмек пен белбеу ілмегі берік бекі-
тілгеніне көз жеткізіңіз.
Аспап тиісті нұсқау алусыз балалардың немесе
денесі əлсіреген тұлғалардың пайдалануына
арналмаған.
Балалар оларға аспаппен ойнауға тыйым
салынғаны туралы білуі керек.
Құрамында қорғасын бар материалдарды, ағаштың
кейбір түрлерін, минералдарды жəне металлдарды
өңдеу кезінде пайда болатын шаң денсаулыққа қауіп
тудыруы мүмкін. Мұндай шаңның бөлшектерімен
дем алу немесе оған тию аллергиялық реакциялардың
жəне/немесе дем алу жолдары ауруларының пайда
болуына əкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы,
еменді немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда
болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, əсіресе
ағашты өңдеу үшін қолданылатын қосымша
материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты
қорғау заттары) тіркесімде. Құрамында асбест
бар материалдарды өңдеуді тек мамандар орындауы
керек. Мүмкін болса жарамды шаңсорғыш
аппаратты қолданыңыз. Шаңды оптималды кетіру
үшін бұл электр құралды Hilti компаниясы ағаш
үгінділерін жəне/немесе минералдық шаңды
тазалау үшін ұсынылған тиісті тасымалданатын
Printed: 08.07.2013 | Doc-Nr: PUB / 5070703 / 000 / 01
шаңсорғышпен тіркесімде қолданыңыз. Жұмыс
аймағының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
P2 класты сүзгісі бар респираторды кию
ұсынылады. Материалдарды өңдеу бойынша
күшіндегі ұлттық нұсқауларды орындаңыз.
5.2.2 Электр құралына күтіммен қарау жəне оны
дұрыс пайдалану
Өңделетін бөлшекті берік бекітіңіз. Бөлшекті бекі-
ту үшін струбциналарды немесе қысқышты
қолданыңыз. Бұл оны қолмен ұстап тұрудан сенім-
дірек жəне аспапты екі қолмен ұстауға болады.
Ауыстырмалы аспаптың қысу қысқысына сай
екеніне жəне оған берік бекітілетініне көз жеткі-
зіңіз.
Электрмен қамтуда кідірістер болғанда: аспап-
ты өшіріңіз жəне кабельді желіден ажыратыңыз.
Бұл электрмен қамту қалпына келтірілгенде аспап-
тың өздігінен қосылуын болдырмайды.
Аспаптың жасырын электр сымдарын немесе
желілік кабельді зақымдау қаупі болғанда аспапты
изоляцияланған беттерінен ұстаңыз. Ток өткізетін
заттарға тигенде аспаптың қорғалмаған металл
бөліктері кернеу астында болады. Бұл электр
тогының соғуына əкелуі мүмкін.
5.2.3 Электр қауіпсіздігі
Жұмысты бастау алдында жұмыс орнында жасы-
рын электр сымдарының, газ жəне су жүргізе-
тін құбырлардың бар-жоғын тексеріңіз – мыса-
лы, металл іздегіш көмегімен. Аспаптың ашық
металл бөліктері кездейсоқ электр сымдарына
тиіп кетсеңіз, электр тогы өткізгіштеріне айна-
луы мүмкін. Бұл электр тогы соғуының үлкен қау-
пін тудырады.
Аспаптың желілік кабелін тұрақты түрде тексе-
ріңіз. Зақымдалған кабельді ауыстыру үшін тəжі-
рибелі маман-электрикті тартыңыз. Тұрақты
түрде ұзартқыш кабельдерді тексеріңіз жəне
зақымдар бар болса оларды ауыстырыңыз.
Жұмыс кезінде желілік немесе ұзартқыш кабель
зақымдалған жағдайда оған тиюге тыйым салы-
нады. Желілік кабельдің айырын розеткадан
ажыратыңыз. Зақымдалған желілік немесе ұзартқыш
кабельдерді пайдалану электр тогының соғу қау-
пін тудырады.
Сондықтан тұрақты түрде аспапты тексеру үшін
Hilti компаниясының қызмет көрсету орталығына
барыңыз, əсіресе оны ток өткізгіш материал-
дарды өңдеу үшін жиі қолдансаңыз. Жағымсыз
жағдайларда аспаптың бетінде жиналатын ылғал
мен шаң (əсіресе ток өткізгіш материалдардан)
электр тогының соғуын тудыруы мүмкін.
5.2.4 Жұмыс орны
Жұмыс орнын жақсы жарықтандыруды қамта-
масыз етіңіз.
Жұмыс орнын жақсы желдетуді қамтамасыз
етіңіз. Жұмыс орнының нашар желдетілуі жоғары
шаң жүктемесінің салдарынан денсаулығыңызға
зиян тигізуі мүмкін.
kk