Сақтау және тасымалдау шарттары
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
-
Өнім қатты қызып кетсе немесе иіс шықса, түсі
өзгерсе немесе зарядтау бұрынғыдан да ұзақ уақыт
алса, өнімді пайдалану мен зарядтауды тоқтатып,
Philips компаниясына хабарласыңыз.
-
Өнімдерді және батареяларын микротолқынды
пештерге немесе индукциялық плитаға салуға
болмайды.
-
Батареяларды қызудан немесе улы не қауіпті
заттардың шығуынан қорғау үшін өнімді немесе
батареяны ашуға, өзгертуге, тесуге, зақымдауға
немесе бөлшектеуге болмайды. Батареяларды
қысқа тұйықтауға, артық зарядтауға немесе кері
күйде зарядтауға болмайды.
-
Бұл құралда ауыстырылмайтын батареялар бар.
Батареяны пайдалану мерзімі біткен соң,
құрылғыны тиісінше қайта өңдеу керек, «Қайта
өңдеу» бөлімін қараңыз.
-
Батареяларды алғаннан кейін кездейсоқ қысқа
тұйықталуын болдырмау үшін батарея
клеммаларының металл нысанмен (мысалы,
тиындар, қыстырғыштар, сақиналар)
байланысуына мүмкіндік бермеңіз. Батареяларды
алюминий жұқалтырға орамаңыз. Қоқысқа тастау
алдында батарея клеммаларын ораңыз немесе
батареяларды пластик қалтаға салыңыз.
Температура: -10 °C – 60 °C.
Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге
қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен
ережелерге сәйкес келеді.
Өнімде келесі таңбалар көрінуі мүмкін:
Пайдаланушы нұсқаулығын оқып шығыңыз.
525
Қазақша