Bosch 0 601 B19 000 Manual Original página 212

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 41
212 | Қазақ
Жұмыс істеуге дайындау
Тіреуіш планканы жылжыту (E суретін қараңыз)
Тік еңіс бұрышында аралау кезінде жылжымалы тіреуіш
планканы (6) жылжыту керек.
– Бұғаттау бұрандасын (40) жеткізілім жиынтығындағы
алты қырлы дөңбек кілтпен (35) босатыңыз.
Екі сыртқы бекіткіш бұранданы босатуға болмайды!
– Жылжымалы тіреуіш планканы (6) толықтай сыртқа
қарай тартыңыз.
– Бұғаттау бұрандасын (40) қайтадан мықтап тартыңыз.
Тік еңіс бұрышында аралағаннан кейін жылжымалы
тіреуіш планканы (6) кері жылжытыңыз (бұғаттау
бұрандасын (40) босатыңыз; тіреуіш планканы (6)
толығымен ішке жылжытыңыз; бұғаттау бұрандасын
қайтадан тартып қойыңыз).
Аралау үстелін ұзарту (F суретін қараңыз)
Ұзын дайындамаларды еркін ұшынан орналастырып
тіреу керек.
Аралау үстелін аралау үстелінің ұзартқыштары (3)
көмегімен солға немесе оңға үлкейтуге болады.
– Қысқыш бұранданы (2) босатыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын (3) қажетті ұзындыққа
дейін сыртқа тартыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын бекіту үшін қысқыш
бұранданы (2) қайтадан тартып қойыңыз.
Дайындаманы бекіту (G суретін қараңыз)
Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек.
Мықтап қысу үшін тым кішкентай болатын
дайындамаларды өңдемеңіз.
– Дайындаманы (6) және (21) тіреуіш планкаларына
қарай басыңыз.
– Жинақтағы бұрандалы қысқышты (7) арнайы
саңылауларға (41) енгізіңіз.
– Бұрандалы қысқыштың бұрандалы өзегін (42)
дайындама биіктігіне бейімдеңіз.
– Бұрандалы өзекті (42) тартып, осылайша
дайындаманы бекітіңіз.
Көлденең және тік еңіс бұрышын реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
Бекіту тетігі(25) мен қысу тұтқасын (10) аралаудан
u
алдын әрдайым бекем тартып қойыңыз. Әйтпесе
ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін.
Көлденең еңіс бұрышын реттеу (H суретін қараңыз)
Көлденең еңіс бұрышын 47° (сол жақ) және 47° (оң жақ)
аралығында реттеуге болады.
– Бекіткіш тетік (25) тартылған болса, оны босатыңыз.
1 609 92A 7NC | (26.04.2022)
– Иінтіректі (26) жоғары тартыңыз, аралау үстелін (22)
реттегіш тетігінен солға немесе оңға бұрап, бұрыш
индикаторының (24) көмегімен қажетті көлденең еңіс
бұрышын реттеп шығыңыз.
– Бекіткіш тетікті (25) қайтадан тартыңыз.
Жиі пайдаланылатын еңіс бұрыштарын жылдам әрі
дәлме-дәл реттеу үшін аралау үстелінде ойықтар (28)
бар:
сол жақ
45°; 22,5°; 15°
– Бекіткіш тетік (25) тартылған болса, оны босатыңыз.
– Иінтіректі (26) бастып, аралау үстелін (22) қажетті
ойыққа дейін солға немесе оңға бұраңыз.
– Иінтіректі жіберіңіз. Иінтірек ойыққа шерту
дыбысымен тірелуі тиіс.
– Бекіткіш тетікті (25) қайтадан тартыңыз.
Тік еңіс бұрышын реттеу (I суретін қараңыз)
Тік еңіс бұрышын 0° және 45° аралығында реттеуге
болады.
– Реттелетін тіреуіш планканы (6) толық сыртқа қарай
тартыңыз.
– Қысқыш тұтқаны (10) босатыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасынан (16) бұрыш
индикаторында (32) қажетті тік еңіс бұрышы
көрсетілгенше қайырыңыз.
– Манипуляторды осы күйде ұстап, қысқыш тұтқаны
(10) қайтадан бұрап бекітіңіз.
0° мен 45° стандартты бұрыштарды жылдам және
дәлме-дәл реттеу үшін корпуста тіреуіштер бар.
Пайдалануға ендіру
Қосу (J суретін қараңыз)
– Іске қосу үшін ажыратқышты (15) басып тұрыңыз.
Нұсқау:Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (15)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Бұғаттау ажыратқышы (17) басылғанда ғана
манипуляторды төмен жылжыту мүмкін болады.
– Сондықтан аралау үшін ажыратқышты (15) іске
қосумен қатар бұғаттау ажыратқышын (17) да
басуыңыз керек.
Өшіру
– Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (15) жіберіңіз.
Іске қосу тогының шектеулері
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралын қосу кезіндегі қуатты шектейді және
16 А сақтандырғышта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Нұсқау: Егер электр құрал қосудан кейін бірден толық
айналымдар санымен айналса, онда іске қосу тогын
шектеу керек емес. Электр құралын қызмет көрсету
орталығына жіберу керек.
оң жақ
15°; 22,5°; 45°
Bosch Power Tools
loading