Metabo W 750-125 Manual Original página 126

Ocultar thumbs Ver también para W 750-125:
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 44
kk
ҚАЗАҚША
Ауыстырып-қосқышы бар аспаптар:
Қосу: ауыстырып-қосқышты (5) алға
жылжытыңыз. Үздіксіз жұмыс режимі үшін
ауыстырып-қосқышты тірелгенше төмен
қайырыңыз.
Өшіру: ауыстырып-қосқыштың (5) артқы ұшын
басып жіберіңіз.
Бекітілмейтін ажыратқышы бар аспаптар
(қауіпсіз тоқтату функциясымен):
(WP... белгісі бар аспаптар)
Қосу: қосу құлпын (9) көрсеткі бағытымен
жылжытып, батырма ауыстырып қосқышты (8)
басыңыз.
Өшіру: батырма ауыстырып қосқышты (8)
жіберіңіз.
8.3
Жұмыс бойынша нұсқаулар
Ажарлау және егеуқұм қағазымен ажарлау:
Аспапты орташа күшпен қысып, дайындаманың
беті қатты қызбайтындай етіп үстіңгі бет
бойынша алға-артқа жылжытыңыз.
Сиыра ажарлау: жақсы нәтижеге қол жеткізу
үшін 30° - 40° орнату бұрышында жұмыс істеңіз.
Абразивті кесу:
Абразивті кесу кезінде әрдайым
қарама-қарсы бағытпен (суретті
қараңыз) жұмыс істеңіз. Кері
жағдайда аспап кесіктен кенет
секіріп шығуы мүмкін. Орташа,
өңделетін материалға жарамды беріліспен
жұмыс істеңіз. Қисайтуға, басуға және
теңселтуге болмайды.
Сым қылшақтармен жұмыс істеу:
Аспапты орташа күшпен қысыңыз.
9. Тазалау
Жұмыс барысында электрлік құралдың ішінде
материал бөлшектері жиналуы мүмкін. Бұл
электрлік құралдың суытылуын нашарлатады.
Ток өткізгіш шөгінді электрлік құралдың
қорғайтын оқшаулағышын бұзып, ток соғу қаупін
тудыруы мүмкін.
Электрлік құралдағы кірді барлық алдыңғы мен
артқы желдету саңылаулары арқылы жүйелі
түрде, жиі және мұқият сорып немесе құрғақ
ауамен үрлеп тазартыңыз. Бұл әрекеттің
алдында электрлік құралды қуат көзінен
ажыратып, қорғаныш көзілдірік пен
респираторды киіп алыңыз. Үрлеп тазарту
кезінде жеткілікті ауа тартқыш желдету
қамтамасыз етілуі тиіс.
126
5
I
0
8 9
8 8 9
I
0
10. Ақаулықтарды жою
(жабдықталуға байланысты)
Аспап жұмыс істемей тұр. Қайта іске
қосылудан қорғаныс іске қосылды.
Аспаптың қосулы күйінде желілік аша
розеткаға салынған немесе электр қуатымен
жабдықтау үзілгеннен кейін қалпына келген
жағдайда, аспап іске қосылмайды. Аспапты
өшіріп қайта қосыңыз.
Тек WEV 850-115, WEV 850-125, WEQ 1400-125:
Жүктеме астындағы айналу жиілігі
төмендейді. Аспапқа түскен жүктеме тым
жоғары! Аспапты суығанша бос жүріс
күйінде жұмыс істетіңіз.
11. Керек-жарақтар
Тек қана түпнұсқа Metabo керек-жарақтарын
қолданыңыз.
4-бетті қараңыз.
Тек қана осы пайдалану бойынша нұсқаулықта
келтірілген талаптар мен сипаттарға сай келетін
керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
A Кескіш дөңгелекке арналған қорғаныш
қалпақтың қысқышы / абразивті кесуге
арналған қорғаныш қалпақ
Кескіш дөңгелектермен, алмасты кескіш
дөңгелектермен жұмыс істеуге арналған. Кескіш
дөңгелекке арналған қорғаныш қалпақтың
қысқышы орнатылған жағдайда, аспапты
абразивті кесу үшін пайдалануға болады.
B Абразивті кесуге арналған ауа тартатын
қорғаныш қалпақ
Алмасты кескіш дөңгелектермен тас
тақталарды кесуге арналған. Тиісті сорғыш
құрылғының көмегімен тас шаңын кетіруге
арналған келте құбыры бар.
C Қол қорғанысы
Тіреуіш тәрелкемен, тіреуіш ажарлағыш
табақшамен, сым қылшақтармен және
керамикаға арналған алмасты бұрғылау
коронкаларымен жұмыс істеуге арналған.
Қол қорғанысын бүйірлік қосымша тұтқыштың
астына орнатыңыз.
D Екі саңылаулы гайка (12)
E M-Quick қыспа гайкасы (1)
F Қыспа гайка (кілтсіз) (14)
Керек-жарақтардың толық тізімін
www.metabo.com сайтында немесе керек-
жарақтар каталогінен қараңыз.
12. Жөндеу
Электрлік құралда жөндеу жұмыстарын тек
қана электрші маман өткізуі тиіс!
Metabo филиалына жөндеуді қажет ететін
Metabo электрлік құралдарымен бірге барыңыз.
Мекенжайлары www.metabo.com сайтында
берілген.
loading