Stihl RMA 248.0 Manual De Instrucciones página 313

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 43
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
Пышақты қосып өшіріңіз.
4
Қауіпсіздік техникасы
ережелері
4.1
Ескерту белгілері
Көгалшапқыштағы немесе аккумулятордағы
ескерту белгілері төмендегіні білдіреді:
Қауіпсіздік техникасының
нұсқауларын және тиісті шараларды
орындаңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
оқып шығыңыз, түсініп алыңыз және
сақтап қойыңыз.
Серпілетін заттардан сақ болыңыз -
арақашықтықты сақтаңыз және
үшінші тұлғаларды жақындатпаңыз.
Айналып тұрған пышаққа дене
мүшелеріңізді тигізбеңіз.
Жұмыс арасындағы үзілістерде,
тасымалдау, сақтау, техникалық
қызмет көрсету немесе жөндеу
кезінде аккумуляторды шығарып
алыңыз.
Көгалшапқышты жаңбыр мен
ылғалдан қорғаңыз.
Сақтандырғыш кілтті жұмыстағы
үзілістерде, тасымалдау, сақтау,
техникалық қызмет көрсету немесе
жөндеу кезінде суырып алыңыз.
Қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз.
Аккумуляторды жылу және от көзінен
қорғаңыз.
Аккумуляторды жаңбыр мен
ылғалдан сақтаңыз және суға
батырмаңыз.
4.2
Мақсаты бойынша пайдалану
STIHL RMA 248.0 көгалшапқышы құрғақ шөпті
шабуға арналған.
Көгалшапқыш STIHL AK аккумуляторынан
қуат алады.
0478-131-9861-B
Сақтандыру
■ STIHL компаниясы тарапынан
көгалшапқышқа қолдануға рұқсат етілмеген
аккумуляторлар өрт және жарылыс қаупін
тудыруы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат
алуы немесе мерт болуы, сондай-ақ мүлікке
зиян келтірілуі мүмкін.
► Көгалшапқышты STIHL AK
аккумуляторымен пайдаланыңыз.
■ Көгалшапқыш немесе аккумулятор
мақсатына сәйкес пайдаланылмаса,
адамдар ауыр жарақат алуы не мерт
болуы, сондай-ақ мүлікке зиян келтірілуі
мүмкін.
► Көгалшапқыш пен аккумуляторды осы
пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес
пайдаланыңыз.
4.3
Пайдаланушыға қойылатын
талаптар
Сақтандыру
■ Біліксіз пайдаланушылар көгалшапқыш пен
аккумулятор тәуекелдерін анықтай алмауы
және бағалай алмауы мүмкін.
Пайдаланушы немесе басқа адамдар ауыр
немесе қазалы жарақат алуы мүмкін.
► Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
оқып шығыңыз, түсініп алыңыз
және сақтап қойыңыз.
► Көгалшапқыш немесе аккумулятор басқа
адамға табыс етілген жағдайда:
пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бірге
беріңіз.
► Пайдаланушы мына талаптарды
орындайтындығына көз жеткізіңіз:
– Пайдаланушының тиісті жабдығы
бар.
– Пайдаланушының дене, сезім және
ақыл-ой қалпы көгалшапқыш пен
аккумуляторды басқаруға және
жұмыс істеуге жеткілікті. Егер
пайдаланушының дене, сезім немесе
ақыл-ой қабілеті шектеулі болса, ол
құрылғымен тек бақылау астында
немесе жауапты тұлғаның
нұсқаулары бойынша ғана жұмыс
істей алады.
– Пайдаланушы көгалшапқыш пен
аккумулятор тәуекелдерін анықтай
алады және бағалай алады.
– Пайдаланушы жазатайым оқиғалар
мен залал үшін жауапты екендігін
біледі.
қазақ
313
loading