Байланыстырғыш бөлшекпен сорғыту
шлангісі
Сурет
Сорғыту шлангісін бұйымдағы контактіге
енгізіңіз, ол бекітіледі.
Алып тастау үшін ойықты саусақпен басыңыз
жəне сорғыту шлангісін шығарыңыз.
Нұсқау: Сорғыш қылшағы (қосымша) сияқты керек-
жарақтар байланыстырғыш бөлшекке тікелей
жалғануы мүмкін жəне осылайша сорғыту
шлангісімен байланыстырылуы мүмкін.
Шектелген аймақта ыңғайлы жұмыс істеуге
арналған.
Алынбалы тұтқаны қажетінше керек-жарақтар мен
сорғыту шлангісінің арасында орнатуға болады.
17-күйді қараңыз.
Кеңес: Еденнен сору үшін тұтқаны сорғыту
шлангісіне жалғаңыз.
Алынбалы тұтқа
Сурет
Тұтқаны сорғыту шлангісіне бекітілмегенше
орнатыңыз.
Сурет
Тұтқаны сорғыту шлангісінен алып тастау үшін
ойықты саусақпен басыңыз жəне тұтқаны
шығарыңыз.
Нұсқау: Тұтқаны алып тастау кезінде керек-
жарақтар сорғыту шлангісіне тікелей жалғануы
мүмкін.
Кеңес: Еденнен сору үшін тұтқаны сорғыту
шлангісіне жалғаңыз.
Сорғыш түтігі, 2 x 0,5 м
Сурет
Сорғыш түтіктерінің екеуін де бірге жалғаңыз
жəне тұтқамен байланыстырыңыз.
Еденнен сору шүмегі
(ауысу тетігімен бірге)
Сурет
Құрғақ пен ылғалды қоқыс арасында ыңғайлы
ауысу:
Құрғақ қоқысты сорған кезде, шығыңқы тұратын
ысқышты пайдаланыңыз.
Сулы қоқысты сору кезінде, шығыңқы тұратын
резеңкелі ернеуді пайдаланыңыз.
Жапсарлар үшін шүмек
Бұрыштар, жапсарлар, батареялар мен қол
жеткізу қиын жерлерге арналған.
Адаптер
Сурет
Сорғыту шлангісін электрлік құралға қосуға
арналған.
Қажет болғанда адаптерді электрлік құралдар
контактілерінің диаметріне бейімдеуге болады.
176
Икемді шланг
Сурет
Электр құралымен жұмыс істеген кезде
барынша ыңғайлы қолданысқа арналған.
Нұсқау: Адаптермен бірге қолдануға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Ылғалды не құрғақ тазалау кезінде, əрқашан
кірістірілген тегіс бүгілмелі сүзгімен жұмыс
істеңіз!
Іске қосу алдында
Сурет
Бұйым жапқышын алып тастаңыз да, сауыттан
ішіндегісін алыңыз.
Сауытты айналдырыңыз, бағыттағыш
роликтерді сауыттың түбіндегі саңылауларға
тірелгенше басыңыз.
Бұйым жапқышын орнатыңыз жəне бекітіңіз.
Керек-жараққа арналған тіреуішті құрал
басының артқы жағына іліңіз.
Бұйымды іске қосу
Сурет
Керек-жарақтарды жалғаңыз.
Сурет
Желі ашасын енгізіңіз.
Сурет
Бұйымды қосыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Тек құрғақ тегіс бүгілмелі сүзгімен жұмыс істеңіз!
Сүзгіні қолданбас бұрын зақымдардың бар-жоғын
тексеріңіз жəне қажет болса, ауыстырыңыз.
Сурет
Құрғақ қоқысты сору кезінде, қажет болған
жағдайда сүзгі қалтасын қосымша орнатуға
болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Сүзгіні тазалау кезінде сүзгі қалтасын алып
тастаңыз, əйтпесе қалта зақымдануы мүмкін.
Сүзгіш қап бойынша нұсқау
–
Сүзгіш қаптың толу деңгейі сорылған кірге
байланысты.
–
Жұқа шаң, құм жəне т.б. үшін сүзгіш қапты жиі
ауыстырыңыз.
–
Қатты толған сүзгіш қап жарылуы мүмкін,
сондықтан сүзгіш қапты уақытында
ауыстырыңыз!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Суық күлді тек алдын ала бөлгішпен сорыңыз.
Тапсырыс №. Негізгі нұсқасы: 2.863-139.0, Premium
нұсқасы: 2.863-161.0.
– 9
KK
Қолдану
Құрғақ тазалау