Bosch Professional GNA 3,5 Manual Original página 92

Ocultar thumbs Ver también para Professional GNA 3,5:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 18
92 | Қазақ
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Қалыпты алмастыру
Бұрандалардың (9) екеуін де босатып шығарыңыз. Жаңа
қалыпты (14) салып, бұрандалармен берік бұрап
бекітіңіз.
Тозған қалыпты қосымша өткірлеуге болмайды.
Бағыттауыш пластинаны алмастыру
Бағыттауыш пластина (11) қалып ұстағышын (15)
қорғауға арналған.
Бағыттауыш пластинаны (11) алмастыру үшін қалыпты
(14) жоғарыда сипатталғандай шығарып алыңыз. Содан
кейін қысқыш ұстағышындағы бұрандаларды (13)
босатып шығарыңыз. Қысқыш ұстағышын (12) және
бағыттауыш пластинаны алып тастаңыз.
Жаңа бағыттауыш пластинаны (11) орнатыңыз. Қалыпты
(14) бұрандалардың (9) көмегімен және қалып
ұстағышын (12) бұрандалардың (13) көмегімен бекітіңіз.
Барлық бұрандаларды берік бұрап бекітіңіз.
Штемпельді алмастыру
Алты қырлы дөңбек кілтті (4) штемпельді орналастыру
құралының (16) бұранда бастиегіне енгізіңіз. Штемпельді
орналастыру құралын штемпельді бекітуге арналған
бұранда (7) қалып ұстағышындағы саңылаудың (8) дәл
ортасында тұрғанша бұраңыз. Алты қырлы дөңбек кілтті
штемпельді орналастыру құралынан шығарып алыңыз.
Қалыпты (14), сондай-ақ қысқыш ұстағышын (12) және
бағыттауыш пластинаны (11) жоғарыда сипатталғандай
шығарып алыңыз.
1 609 92A 505 | (24.06.2019)
Штемпельді бекітуге арналған бұранданы (7) босатып,
штемпельді (10) төмен қарай тартып шығарыңыз. Жаңа
немесе қосымша өткірленген штемпельді жақсылап
майлаңыз да, астыңғы жақтан енгізіңіз. Штемпельді
бекітуге арналған бұранданы (7) қайтадан бұрап
бекітіңіз.
Бағыттауыш пластинаны (11) және қысқыш ұстағышын
(12), сондай-ақ қалыпты (14) жоғарыда сипатталғандай
бекітіңіз.
Штемпельді қосымша өткірлеу
Дер кезінде қосымша өткірлеу (мысалы, алмасты
ажырлағыш дискімен) көп жағдайда штемпельдің (10)
сынып қалуына жол бермейді. Қатты зақымдалған
штемпельдерді қосымша өткірлеуге болмайды.
Штемпельді екі көбі 1 мм шамасына қосымша өткірлеуге
болады. Өткірлеу тек кесік аймағында және ортаңғы
оське дәл 90° шамасына орындалуы қажет.
Штемпельдің кескіш қырларын шағын жануышпен сәл
тазартыңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
Bosch Power Tools
Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gna 3,5 professional0 601 533 1

Tabla de contenido