ЕСКЕРТПЕ: Зарядтау уақыты аккумулятор картриджі зарядталатын температураға (10°C (50°F)–40°C
(104°F)) және аккумулятор картриджінің күйіне (мысалы, аккумулятор картриджі жаңа немесе ұзақ уақыт
пайдаланылмаған болса) байланысты.
Кернеу
40 В (макс.)
40 В (макс.)
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
аккумулятор картридждерін зарядтауға арналған. Оны басқа мақсаттар немесе басқа өндірушінің
аккумуляторлары үшін пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер зарядтау шамы көк түспен баяу жыпылықтаса, зарядтау аккумулятор картриджінің
төмендегі жағдайына байланысты басталмауы мүмкін:
—
Аккумулятор картриджі жаңа жұмыс істеген құралдан алынған немесе аккумулятор картриджі тікелей
күн сәулесінің астында ұзақ уақыт тұрған.
—
Салқын жерде ұзақ уақыт қалдырылған аккумулятор картриджі.
ЕСКЕРТПЕ: Аккумулятор картриджі тым ыстық болған кезде, зарядтау аккумулятор картриджінің
температурасы зарядтауға қажетті деңгейге жетпейінше басталмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Егер зарядтау шамы қызыл түске ауысса, зарядтау мүмкін болмайды. Зарядтау
құрылғысындағы немесе аккумулятор картриджіндегі клеммаларда шаң жиналып, бітелген, аккумулятор
картриджі тозған немесе зақымдалған болуы мүмкін.
Зарядтау аяқталғанда шығатын әуенді өзгерту
1.
Аккумулятор картриджін зарядтау құрылғысына салғанда, зарядтаудың аяқталғандығын білдіретін
алдын ала орнатылған қысқа әуендердің ішінен ең соңғысы ойнатылады.
2.
Осы әрекеттен кейін оны бес секундқа шығарып, қайта салсаңыз, әуен дыбысы өзгереді.
3.
Оны бес секундқа шығарып, қайта салған сайын, әуен дыбысы ретімен өзгеріп отырады.
4.
Кезек қажетті әуен дыбысына жеткен кезде, аккумулятор картриджін құрылғыда қалдырыңыз; зарядтау
басталады. "Қысқа дыбыстық сигнал" режимі таңдалғанда, зарядтаудың аяқталғандығын білдіретін
ешқандай сигнал шықпайды. (Дыбыссыз режим)
5.
Зарядтау аяқталған кезде, зарядтау шамы жасыл түсті болып жанып, салынған аккумулятор
картриджіндегі алдын ала орнатылған әуен дыбысы немесе зарядталудың аяқталғанын ескертетін
дыбыстық сигнал (ұзақ дыбыстық сигнал) естіледі. (Дыбыссыз режим таңдалғанда, ешқандай дыбыстар
шықпайды.)
6.
Алдын ала орнатылған әуен дыбысы зарядтау құрылғысы ажыратылған кезде де сақталады.
Суыту жүйесі
Бұл зарядтау құрылғысы қызған аккумуляторды
суытуға арналған желдеткішпен жабдықталған.
Ол аккумулятордың толық жұмыс өнімділігін
қамтамасыз етеді. Суыту кезінде суытатын ауаның
дыбысы естіледі. Бұл зарядтау құрылғысында ақау
бар екендігін білдірмейді.
Көк және қызыл түсті шам келесі жағдайлар орын
алғанда кезек-кезек жыпылықтайды.
•
Суыту желдеткішіндегі ақау
•
Аккумулятордың толық суымауы (мысалы, шаң
толып қалуына байланысты)
Аккумулятор көк және қызыл түсті шам жанса да
кезек-кезек зарядтала береді. Бірақ зарядтау уақыты
әдеттегіден ұзағырақ болады. Суыту желдеткішінің
дыбысын, сондай-ақ зарядтау құрылғысы мен
аккумулятордағы желдету саңылауында шаң толып,
бітеліп қалмағанын тексеріңіз.
Элементтер саны
10
10
Аккумуляторларға арналған зарядтау құрылғысы Makita компаниясының
Литий-ионды
Сыйымдылығы
аккумулятор
картриджі
IEC61960 стандартына
BL4025
BL4040
Зарядтау құрылғысы мен аккумулятордағы желдету
саңылауын әрқашан таза ұстаңыз.
► Сурет3: 1. Ауа шығу желдеткіші 2. Ауа кіру
жетдеткіші
ЕСКЕРТПЕ: Суыту жүйесі көк және қызыл түсті
шам жыпылықтамай, салқындату желдеткішінен
ешқандай дыбыс шықпаған жағдайда да дұрыс
жұмыс істейді.
ЕСКЕРТПЕ: Егер көк және қызыл түсті шам кезек-
кезек жиі жыпылықтаса, өнімдерді жөндетуге
немесе техникалық қызмет көрсетуге жіберу қажет.
75 ҚАЗАҚША
Зарядтау уақыты
(А/сағ)
(минут)
сәйкес
2,5
4
28
45