Тағайындалу Бойынша Қолдану; Бейнеленген Құрамды Бөлшектер - Bosch GKS 160 Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GKS 160 Professional:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 29
OBJ_BUCH-185-006.book Page 149 Thursday, June 9, 2016 10:28 AM
аралау дискісі сыналануы және кері соққы орын алуы
мүмкін.
 Қабырғаларда немесе басқа көрінбейтін жерлерде
аралау кезінде әсіресе ұқыпты болыңыз. Шығып
тұрған аралау дискісі көрінбейтін жерлерді аралау
кезінде бұғатталып, бұл кері соққыға әкелуі мүмкін.
Төменгі қорғағыш қаптама функциясы
 Әр пайдалану алдында қатесіз жабылғанын
тексеріңіз. Төменгі қорғағыш қаптаманың
қозғалысы тоқтаса немесе бірден жабылмаса,
араны пайдаланбаңыз. Ашық күйде қорғағыш
қаптаманы сыналамаңыз немесе байламаңыз. Ара
кездейсоқ еденге құласа, қорғағыш қаптама майысуы
мүмкін. Қорғағыш қаптаманы иінтірекпен ашыңыз кез
келген аралау бұрышында және кез келген аралау
тереңдігінде оның аралау дискісіне және басқа
бөліктерге тимей еркін қозғалатынына көз жеткізіңіз.
 Төменгі қорғағыш қаптаманың серіппе
функциясын тексеріңіз. Төменгі қорғағыш қаптама
және серіппе қанағаттандырарлықтай қызмет
етпей жатса, пайдаланбай тұрып араны техникалық
қызмет көрсетуге өткізіңіз. Зақымдалған бөлшектер,
жабысқақ қалдықтар немесе жиналған жоңқалар
төменгі қорғағыш қаптаманың жұмысын кідіртеді.
 Төменгі қорғағыш қақпақты тек ерекше аралау
әдістерін пайдаланғанда қолмен ашыңыз, мысалы,
„ендіру және бұрышпен аралау". Төменгі қорғағыш
қаптаманы иінтірекпен ашыңыз және оны аралау
дискісі дайындамаға кіре сала жіберіңіз. Арамен
барлық басқа жұмыстар кезінде қорғағыш қаптама
автоматты түрде жұмыс істеуі керек.
 Араны верстакқа немесе еденге қойғанда, аралау
дискісін қорғағыш қаптама жауып тұруы керек.
Қорғалмаған, айналатын аралау дискісі араны аралау
бағытында жылжытады және өзінің жолындағы барлық
нәрсені аралайды. Араның инерциялық жүріс
уақытына назар аударыңыз.
Сына функциясы
 Сынаға сәйкес ара полотносын пайдаланыңыз.
Сына әсер етуі үшін ара полотносының денесі сынадан
жұқа болуы қажет және тістерінің ені сына
қалындығынан ұзын болуы қажет.
 Сынаны пайдалану нұсқаулығында жазылғандай
реттеңіз. Қате қуаты, күйі мен бағаты сынаның керу
соғуының туындауына себеп болуы мүмкін.
 Жасырын кесіктен басқа кездерде әрдайым
сынаны пайдаланыңыз. Жасырын кесіктен соң
сынаны қайта орнатыңыз. Жасырын кесіктерде сына
кедергі болып кері соғу себебі болуы мүмкін.
 Сына әсер етуі үшін ол аралау аралығында болуы
қажет. Қысқа кесіктерде сына керу соғуларды жоя
алмайды.
 Араны қисық сынамен пайдаланбаңыз. Кіші кедергі
де қорғағыш қаптаманың жабылуын баяулатуы мүмкін.
Bosch Power Tools
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
 Шығарылған жоңқаларды қолға алмаңыз.
Айналатын бөлшектердан жарақат алуыңыз мүмкін.
 Араны бастың үстінде ұстап жұмыс істемеңіз.
Электр құралды жеткілікті бақылай алмайсыз.
 Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
 Тұрақты болмаса, электр құралмен жұмыс
істемеңіз. Ол аралау үстелінде жұмыс істеуге
арналмаған.
 Тез кесетеін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау
дискілері оңай сынуы мүмкін.
 Қара металдарды араламаңыз. Қызған жоңқалар
тұтануға әкелуі мүмкін.
 Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
 Электр құралды зақымдалған кабельмен
пайдаланбаңыз. Кабель жұмыс істеу кезінде
зақымдалған болса желі айырын шығарыңыз.
Зақымдалған кабель электр тоғының соғу қаупін
арттырады.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескер-
тпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы қозғалмайтын тіректе ағашты бойлай және
көлденеңінен, бұрышпен кесуге арналған. Сәйкес аралау
дискілерінің көмегімен профильдер сияқты түсті
металдардан жасалған жұқа қабырғалы заттарды аралауға
болады.
Қара металдарды өңдеуге болмайды.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
Қaзақша | 149
1 609 92A 2AU | (9.6.16)
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido