7.5.3 Фазаны оқшаулау, MG 71 жəне 80
Типтік өлшемдері 71 жəне 80 болатын MG
қозғалтқыштарының фазасы əдепкі бойынша оқшауланбайды.
Бұл қозғалтқыштарды жиілікті түрлендіргішпен бірге
пайдалануға болмайды, өйткені олар жиілікті түрлендіргішті
пайдалану кезінде туындайтын шекті кернеуден қорғалмаған.
Тек кесімді кернеу мəні 460 В не одан жоғары қозғалтқыштар
фазасы оқшауланған болады.
Фазасы оқшауланбаған MG қозғалтқышын жиілікті
түрлендіргішпен пайдалану қозғалтқышты
Сақтан
зақымдауы мүмкін.
Басқа да барлық қозғалтқыштарды 1200 В х 2000 В/мкс
өлшемдегі шекті кернеуден қорғауға кеңес беріледі.
Жоғарыда көрсетілген кедергілерді (яғни жоғары деңгейлі
шуылды жəне зиянды шекті кернеуді) жиілікті түрлендіргіш
пен қозғалтқыш арасына индуктивті сыйымдылық сүзгісін (LC
сүзгісі) орнату арқылы жоюға болады.
Қосымша ақпарат алу үшін жиілікті түрлендіргіш немесе
қозғалтқыш жеткізушісіне хабарласыңыз.
7.5.4 Grundfos фирмасынан басқа фирмалардың
қозғалтқыштары
Grundfos фирмасына немесе қозғалтқыш əзірлеушісіне
хабарласыңыз.
8. Іске қосу
Сорғыны қосудан бұрын оған сұйықтықты құйып,
ауаны шығару керек. Егер сорғы құрғақ күйде іске
Сақтан
қосылса, подшипниктер мен білік тығыздағышы
зақымдалуы мүмкін.
21. сур. Төгу клапаны шланг қосылымында стандартты
жəне қосымша шешім болып табылады
Ескерту
Сорғыдан шығатын сұйықтық қозғалтқышты не
оның бөлшектерін зақымдауы немесе
қызметкерлерді жарақаттауы қаупін болдырмау
үшін вентиляция саңылауының бағытына назар
аударған жөн.
Ыстық су орнатымдарында күйдіретін ыстық
судың жарақаттау қаупіне ерекше көңіл бөлу
керек.
351-беттегі нұсқауларды орындаңыз.
CR, CRI, CRN 1s ... 5
Осы сорғы түрлерін іске қосу кезінде айналма клапанды ашу
қажет. Айналма клапан орны 22-суретте көрсетілген. Айналма
клапан сорғының кіріс жəне шығыс бөліктерін қосып, толтыру
процедурасын жеңілдетеді. Сорғы тұрақты түрде жұмыс
істеген кезде айналма клапанды жабуға болады.
Егер айдалатын сұйықтықтар құрамында ауа болса жəне
жұмыс қысымы 6 бардан төмен болса, айналма клапанды
ашық қалдырған дұрыс.
Егер жұмыс қысымы қалыпты түрде 6 бардан асып тұрса,
айналма клапанды жабыңыз. Əйтпесе айналма клапандағы
саңылау материалы сұйықтықтың жоғары жылдамдығына
байланысты тозып кетеді.
316
8.1 Білік тығыздауышы жұмыс атқарып жатыр
Назар аударыңыз
Ағып кеткен су адамға немесе жабдыққа зиян
келтіруін болдырмаңыз.
Тығыздағыштардың беті айдалынатын сұйықтықпен
сыланады, осыған байланысты білік тығыздағышынан
сұйықтықтың белгілі бір мөлшері ағып кетеді.
Сорғы бірінші рет іске қосылғанда немесе жаңа білік
тығыздағышы орнатылғанда, сұйықтықтың ағып кету мөлшері
қалыпты деңгейге жетуі үшін белгілі бір уақыт қажет. Осыған
қажетті уақыт мөлшері жұмыс жағдайларына байланысты,
яғни, жұмыс жағдайлары өзгерген сайын жаңа іске қосу кезеңі
басталады.
Қалыпты жағдайларда ағып кететін сұйықтық буға айналады.
Осылайша ағып шыққан сұйықтық байқалмайды.
9. Техникалық қызмет көрсету
Ескерту
Техникалық қызмет көрсету жұмыстарын бастау
алдында, сорғыны қуат көзінен ажыратып, оның
кездейсоқ қосылуы мүмкіндігіне жол бермеу
шараларын қабылдау керек.
Сорғының подшипниктері мен білік тығыздағышы техникалық
қызмет көрсетуді қажет етпейді.
Қозғалтқыш подшипниктері
Майсауыттары жоқ қозғалтқыштарға техникалық қызмет
көрсету қажет емес.
Майсауыттары бар қозғалтқыштарды жоғары температуралы,
консистентті маймен майлау керек. Желдеткіш қақпағындағы
нұсқауларды қараңыз.
Егер сорғының маусымдық қолданыссыз тұру уақыты 6 айдан
асатын болса, сорғыны қолданыстан алу кезінде
қозғалтқышты майлау ұсынылады.
Қоршаған орта температурасына байланысты төмендегі
кестеге сəйкес қозғалтқыш подшипниктерін ауыстыру немесе
майлау керек. Кесте 2 полюсті қозғалтқыштарға қатысты.
Подшипникті ауыстыру үшін берілген жұмыс сағаттары тек
анықтама ретінде көрсетілген.
Подшипниктерді ауыстыру аралығы
Қозғалтқыш
[жұмыс сағаттары]
өлшемі
[кВт]
40 °C
45 °C
0,37 - 0,75
18000
-
1,1 - 7,5
20000
15500
Қозғалтқыш
Майлау аралығы [жұмыс сағаттары]
өлшемі
40 °C
45 °C
[кВт]
11 - 18,5
4500
3400
22
4000
3100
30-55
4000
3000
75
2000
1500
2 полюсті қозғалтқыштарға қарағанда 4 полюсті
қозғалтқыштар үшін уақыт аралықтары екі есе ұзағырақ.
Егер қоршаған орта температурасы 40 °C-тан төмен болса,
подшипниктерді 40 °C үшін көрсетілген аралықтарда
ауыстыру немесе майлау қажет.
50 °C
55 °C
60 °C
-
-
-
12500
10000
7500
50 °C
55 °C
60 °C
2500
1700
1100
2300
1500
1000
2000
1500
-
1000
500
-