Grundfos CR Serie Instrucciones De Instalación Y Funcionamiento página 315

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 77
7.3 Бір фазалы қосылым
"Төмен кернеу"
50 Гц
220-230
17. сур. Қосылым, "төмен кернеу", 0,37 - 0,75 кВт
18. сур. Қосылым, "жоғары кернеу", 0,37 - 0,75 кВт
19. сур. Қосылым, "төмен кернеу", 1,1 - 2,2 кВт
20. сур. Қосылым, "жоғары кернеу", 1,1 - 2,2 кВт
Grundfos компаниясының бір фазалы қозғалтқыштарында
ендірілген жылу релесі бар жəне оларға қосымша қорғаныш
керек емес.
Қуат көзі [В]
"Жоғары кернеу"
/
240
7.4 Клеммалық қораптардың орналасуы
Клеммалық қорапты төрт күйге 90 °-тық қадаммен бұруға
болады. Мына процедураны орындаңыз:
1. Егер қажет болса, муфтаның қорғағыш қаптамасын
шешіңіз. Муфтаның өзін бөлшектеудің керегі жоқ.
2. Қозғалтқышты сорғыға бекіткен бұрандаларды шешіңіз.
3. Қозғалтқышты қажетті күйге бұрыңыз.
4. Бұрандаларды қайта орнатып, бекемдеңіз.
5. Муфтаның қорғағыш қаптамасын қайта орнатыңыз.
Электр қосылымды клеммалық қорап ішіндегі схемада
көрсетілген əдіспен орнатыңыз.
7.5 Жиілік түрлендіргішімен пайдалану режимі
Төмендегі шарттарды орындау арқылы 3 фазалы
қозғалтқыштарды жиілікті түрлендіргіш операциялары үшін
пайдалануға болады. Бұл бөлім IEC 60034 стандартында
сипатталған қозғалтқыштарға қолданылады.
7.5.1 Жалпы шарттар
Қозғалтқыштар мен жиілікті түрлендіргіштер арасына IEC
60034-17 стандартына сəйкес артық кернеуді азайтатын dU/dt
сүзгілерін орнатыңыз. Grundfos компаниясы типтік өлшемі
225-тен (45 кВт/2-полюсті, 30 кВт/4-полюсті жəне 22 кВт/6-
полюсті) жоғары қозғалтқыштар үшін оқшауланған
подшипниктер пайдалануды ұсынады.
Қуат кернеуіне тəуелді шарттар
200-240 В
Қуат кернеуі 240 В-ға дейінгі жиілікті түрлендіргішпен жұмыс
істейтін қозғалтқыштар үшін шығыс сүзгілер қажет емес.
380-500 В
Қозғалтқыш кабелінің ұзындығы 25 метрден кем жəне қуат
кернеуі 460 В-ға дейінгі жиілікті түрлендіргішпен жұмыс
істейтін қозғалтқыштар. Артық кернеуге қарсы қосымша
қозғалтқыш қорғанысы қажет емес. Қозғалтқыш кабелінің
ұзындығы 25 метрден артық жəне қуат кернеуі 460 В-дан
жоғары жиілікті түрлендіргішпен жұмыс істейтін
қозғалтқыштар үшін синусойдалы сүзгілер қажет.
500 В не одан жоғары
Қуат кернеуі 500 В не одан жоғары қозғалтқыштар үшін
əрқашан синусойдалы сүзгілерді пайдаланыңыз. *
Ерекшелік
Grundfos компаниясының 440 В кернеуге есептелген MG 71
жəне MG 80 (1,1 кВт/2-полюсті жəне 0,75 кВт/4-полюсті)
қозғалтқыштарын пайдаланған кезде, қозғалтқышты 650 В-
дан жоғары кернеуден қорғау үшін жалғау клеммалар
арасына қорғаныс орнату қажет.
Егер фазасы оқшауланбаған MG 71 жəне MG 80
қозғалтқыштары 240 В кіріс кернеуі үшін пайдаланылса,
жиілікті түрлендіргіш шығысына синусойдалы сүзгілерді
қолдану қажет болады.
Айнымалы жиілікті жетектермен пайдалану үшін фазасы
оқшауланған MG 71 жəне MG 80 қозғалтқыштары
стандартты өнімдер ретінде қолжетімді.
* Егер қаласаңыз, жақсырақ оқшауланған қозғалтқыштарға
тапсырыс бере аласыз. Бұл қозғалтқыштар IEC 60034-25
стандартына сəйкес, сол себепті синусойдалы сүзгілерді
қолдану қажет емес. Бұл типтік өлшемі 225-тен жоғары
қозғалтқыштар үшін оқшауланған подшипниктерді пайдалану
қажеттілігін жоққа шығармайды.
7.5.2 Grundfos компаниясы жеткізетін қозғалтқыштар
Фазасы оқшауланған кез келген үш фазалы MG қозғалтқышын
жиілікті түрлендіргішке қосуға болады.
315
loading

Este manual también es adecuado para:

Cri serieCrn serie