OBJ_BUCH-2938-001.book Page 86 Wednesday, June 29, 2016 9:50 AM
86 | Қaзақша
Осы нұсқаулықты толық орындаңыз.
Зарядтау құралын тек барлық қызметтерін толық бағалап, оларды орындай
алатыныңызға сенімді болғанда немесе тиісті нұсқаулықтарды алғаннан соң пайдалану
керек.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Бұл зарядтау құралы балалардың, дене немесе ой
қабілеттері шектелген, тәжірібесі және білімі аз
адамдардың пайдалануына арналмаған. Осы
зарядтау құралымен 8 жастан асқан балалардың
және дене, сезім, ойлау қабілеттері шектелген не
тәжірибесі мен білімі аз адамдардың жүйені
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаусыз және
жауапты адамның бақылауынсыз пайдалануы аса
қауіпті. Кері жағдайда дұрыс пайдаланбаудан
жарақаттанулар қауіпі пайда болады.
Пайдалану, тазалау және қызмет көрсету кезінде
балаларға мұқият болыңыз. Осылайша балалардың
зарядтау құралымен ойнамауын қамтамасыз етесіз.
Тек қуаты 1,3 Аh бастап Bosch литий-иондық
аккумуляторлерді зарядтаңыз (1 аккумулятор
элементтерінен бастап). Аккумулятор қуаты
зарядтау құралының аккумуляторды зарядтау
қуатына сәйкес болуы қажет. Қайта
зарядталмайтын батареяларды зарядтамаңыз.
Кері жағдайда өрт немесе жарылу қауіпі пайда
болады.
Зарядтау құралын жаңбырдан, сыздан қорғаңыз. Зарядтау құралының
ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады.
Зарядтау құралын таза ұстаңыз. Құралдың ластануы тоқ соғуы қаупін туындатады.
Әр пайдаланудан алдын зарядтау құралын, кабельді және айырды тексеріңіз.
Ақауды байқасаңыз зарядтау құралын пайдаланбаңыз. Зарядтау құралын
өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті маманға және түпнұсқалы бөлшектермен
жөндетіңіз. Зақымдалған зарядтау құралы, кабель және айыр электр тоғының соғу
қаупін арттырады.
Зарядтау құралын қосулы күйде оңай жанатын беттердің (мысалы, қағаз, мата
және т.б.) үстіне қоймаңыз немесе жанғыш заттардың жанында
пайдаланбаңыз. Зарядтау кезінде зарядтау құралының қызуы себебінен өрт қаупі
пайда болады.
1 609 92A 2UG | (29.6.16)
Bosch Power Tools