ПАЙДАЛАНУ
3.
Пайдалану
3.1.
Сүзгілерді орнату
Назар аударыңыз!
Респираторлық сүзгінің күйі жақсы және мақсатты қолданысқа
сәйкес болуы тиіс. Сүзгілерді орнату алдында:
сүзгілердің зақымдалмағанын,
сүзгілердің күтілетін қауіпті заттарға сәйкес келетінін,
түрлері бірдей (үлгі, сүзу класы) 2 сүзгі орнатылғанын тексеріңіз.
A
B
3.2.
Қызмет ету мерзімі
Тыныс алу қорғанысына ұсынатын сүзгілердің жарамды жұмыс уақыты
пайдалану жағдайларына байланысты болады.
Газ сүзгілері үшін қызмет ету уақытының аяқталуын әдетте сүзгі
құрылғысының таза жағындағы иіс бойынша анықтауға болады. Содан
кейін сүзгіні дереу ауыстыру қажет.
Ұсақ бөлшек сүзгілері үшін қызмет ету уақытының аяқталуын әдетте
ағын кедергісінің артуы бойынша анықтауға болады. Күшейткіші бар
сүзгілеу құрылғыларында минималды ағын жылдамдығына қол
жеткізілмейді және ескерту сигналы және/немесе көрнекі ескерту сигналы
(қызыл СКД) іске қосылады. Содан кейін сүзгіні дереу ауыстыру қажет.
Назар аударыңыз!
Пайдаланылған сүзгілерді айырбастаған кезде, тек біреуінің қызмет
ету мерзімі аяқталса да, екі сүзгіні де ауыстыру қажет. Болмаса,
сәйкес респираторлық қорғанысқа кепілдік берілмейді.
108
(1) Қажетті сүзгілер үшін тиісті сүзгі қалпағын
таңдаңыз:
ұсақ бөлшек немесе газ сүзгілеріне арналған
егіс қалпақ (A суреті)
аралас сүзгілерге арналған биік қалпақ (B
суреті)
(2) Сүзгілерді OptimAir 3000 ішіне салыңыз да, тек
қолмен бекіте отырып, сүзгілер орнына
бекітілгенше қалпақты төмен бұраңыз.
OptimAir 3000 арналған сүзгілер
MSA