● Құрылғының барлық сыртқы
бөлшектерін дұрыстап тазалап
шығыңыз.
● Барлық қозғалмалы бөлшектерді
жақсылап майлаңыз.
● Жанармай багы мен карбюраторды
босатыңыз (мысалы, іштен жанатын
қозғалтқышты оталдыру арқылы).
● От алдыру білтесін бұрап алып,
іштен жанатын қозғалтқышқа от
алдыру білтесінің тесігі арқылы
шамамен 3 см³ мотор майын
құйыңыз. Іштен жанатын
қозғалтқышты от алдыру білтесінсіз
бірнеше рет айналдырыңыз.
Өрт қаупі бар!
От алдыру білтесі сымының
штекерін от алдыру білтесінің
тесігінен алшақ ұстаңыз (тұтану
қаупі бар).
● От алдыру білтесін қайтадан бұрап
бекітіңіз.
● Майды ауыстырыңыз (
жанатын қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығы).
● Іштен жанатын қозғалтқышты
жақсылап жауып, құрылғыны құрғақ,
шаңнан қорғалған бөлмеде тік күйде
сақтаңыз.
12. Тозу дəрежесін
барынша азайту жəне
зақымдардан қорғау
Техникалық қызмет көрсету туралы
маңызды ақпарат
Бензинді бақша ұсақтағышы
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың
талаптарын сақтамау нəтижесінде,
əсіресе қолдану мен қызмет көрсету
470
All manuals and user guides at all-guides.com
қауіпсіздігіне немесе рұқсат етілмеген
құрамдас бөліктерді немесе қосалқы
бөлшектерді қолдану нəтижесінде
алынған кез-келген материалдық
зияндар немесе жарақаттар үшін
VIKING компаниясы жауапкершілік
тартпайды.
VIKING құрылғысының зақымдалуын
немесе шамадан тыс тозуын
болдырмау үшін келесі маңызды
сілтемелерді орындаңыз:
1. Тез тозатын бөлшектер
VIKING құрылғының кейбір бөлшектерін
мақсатына сай пайдаланған кездің
өзінде де, олар қалыпты түрде тозуы
мүмкін, сондықтан уақытына қарай
пайдаланудың ұзақтығына жəне түріне
байланысты ауыстырылуы қажет.
Атап айтқанда, оларға мыналар
жатады:
– Пышақ
– Дискілі пышақ
іштен
– Сына тəрізді белдік
2. Пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтағы ақпаратқа сəйкестілік
VIKING құрылғыларын пайдалану,
оларға техникалық қызмет көрсету жəне
сақтау жөніндегі осы нұсқаулықтың
талаптарын мұқият орындаңыз.
Қауіпсіздік, басқару жəне қызмет
көрсету бойынша нұсқауларды
сақтамау нəтижесінде келтірілген кез-
келген залал үшін пайдаланушы
жауапкершілік тартады.
Атап айтқанда, бұл мыналарға қатысты:
– өнімнің мақсатына сай
қолданылмауы.
– VIKING бекітпеген өндірістік
материалдардың пайдаланылуы
(майлағыш материалдар, бензин
жəне мотор майы, іштен жанатын
қозғалтқыштың пайдалану жөніндегі
нұсқаулығын қараңыз).
– өнімге VIKING компаниясы рұқсат
етпеген өзгеріс енгізу.
– VIKING қамтамасыз етпеген аспа
бөлшектерді, аспа құрылғыларды
немесе кескіш құралдарды
пайдалану.
– өнімді спорттық немесе конкурстық
іс-шараларда қолдану.
– ақаулы элементтері бар өнімді одан
əрі пайдаланудан болатын
зақымдар.
3. Техникалық қызмет көрсету
"Техникалық қызмет көрсету" бөлімінде
көрсетілген барлық жұмыстар тұрақты
жүзеге асырылуы тиіс.
Егер пайдаланушы өз бетімен бұл
жұмыстарды орындай алмаған болса,
делдалға жүгіну керек.
VIKING компаниясы, ТҚ жəне жөндеу
жасау үшін тек ресми делдалдарға
жүгінуді ұсынады.
VIKING компаниясы тұрақты оқыту
курстарын өткізіп тұрады жəне ресми
делдалдар үшін техникалық ақпарат
ұсынады.
Техникалық қызмет көрсетілмеген
жағдайда аспап істен шығуы мүмкін, ол
үшін жауапкершілік пайдаланушыға
жүктеледі.
Олар мыналарды қамтиды:
– Тоттануға жəне дұрыс сақтамауға
байланысты басқа да зақымдары.
0478 216 9901 D - KK