84
ҚАЗАҚША
2
Quadpacer мүмкіндігін өшіру үшін:
«Дербестелген тазалау» түймесін 5 секунд
басып тұрыңыз. Quadpacer мүмкіндігінің
өшірілгенін білдіретін 1 дыбыстық сигнал
беріледі.
, Quadpacer мүмкіндігін қайта қосу үшін:
«Дербестелген тазалау» түймесін 2 дыбыс
сигналы берілгенге дейін 5 секунд басып
тұрыңыз . Бұл Quadpacer мүмкіндігінің қайта
іске қосылғанын білдіреді.
Ескертпе: Quadpacer мүмкіндігін алдын ала
бағдарламаланған Go Care және Max Care тазалау
үдерістері барысында өшіру мүмкін болмайды.
Делюкс
зарядтағышындағы сым орағыш
(тек белгілі бір түрлерде)
Егер сіздегі үлгіде делюкс зарядтағышының
қақпағы мен негізі болса, саяхатқа арналған
зарядтағыш қақпақтың ішіне орнатылып қойған.
Егер ток сымын қысқарту қажет болса, артық
сымды зарядтағыштың негізіне енгізілген сым
орағышта сақтауға болады.
1
Зарядтағыш қақпағын зарядтағыш негізінен
бөлу үшін, зарядтағыш негізіндегі екі сұр
ысырманы басыңыз да, ақ зарядтағыш
қақпағын жоғары қарай тартыңыз.
2
Суретте көрсетілгендей артық сымды
зарядтағыштың сұр негізіне ораңыз. Сымды
міндетті түрде екі иінтіректің ішкі жағына
ораңыз.