Bosch AHS 45-16 Manual Original página 105

Ocultar thumbs Ver también para AHS 45-16:
Tabla de contenido
OBJ_BUCH-1297-008.book Page 105 Monday, May 29, 2017 10:18 AM
 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың
толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе
энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің
ақаулануы салдарынан электр құралының
жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда,
бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған
жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру)
қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан
шығарыңыз немесе алып – салмалы
аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы
бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз.
Электр құралдарын пайдалану және күту
 Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
 Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады.
 Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
 Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы
жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін
немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл
құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз
адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады.
 Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
 Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
 Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Бақ қайшылары үшін қауіпсіздік
нұсқаулықтары
 Дене мүшелерінің барлығын бақ қию құралдың
пышағынан алыс ұстаңыз. Пышақ қосылып жұмыс
істеп тұрғанында қиылған заттарды
электрқұралдан шығармаңыз, немесе қиылатын
Bosch Power Tools
заттарды ұстамаңыз. Пышақ ішінде қиылғаннан
кейін кіріп қалып қалған заттарды тек электрбұйым
өшіріліп тұрғанда ғана алып шығарыңыз. Бақ
қайшысын қолданғанда бір сәт алаңғасарлық пен
абайсыздық ауыр апаттарға апара алады.
 Бақ қайшыны, пышағын өшіріп алып, тұтқасынан
ұстап тасуыңыз керек. Бақ қайшысын
тасымалдаған немесе сақтаған уақытта үстінен
әрқашан қорғау жапқышымен жауып қою керек.
Электрбұйымды ұқыпты түрде қолдану оның
пышағынан түсе алатын жаралану қауібін азайтады.
 Кесу пышағы көрінбейтін тоқ кабелдеріне немесе
өзінің кабеліне тиіп қала алу себебінен электр
құралын тек қана оқшауланған тұтқаларынан
ұстаңыз. Кесу пышағы кернеу өткізетін бір кабелімен
жаңалысып қалғанда электр бұйымның металдан
жасалған бөлшектері кернеу астына түсіп, электр тоқ
соғуына апара алады.
 Кабелді бұйым арқылы кесілетін аймақтан ұзақта
ұстаңыз. Жұмыс барысында кабель бұталар ішінде
түсіп көрінбейтін болып қалып, байқаусызда кесіліп
кетуі мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
 Бұл құрал физикалық, сенсорлық немесе психикалық
қабілеттері шектелген, немесе бұл құралды қолдану
үшін керекті тәжірибесі және/немесе білімі болмаған
адамдар арқылы (осылардың арасында балалар да) тек
өздерінің бақылау астында болып, немесе осы құралды
қауіпсіз түрде қолдану бойынша нұсқаулармен
танысып, мүмкін бола алатын тәуекелдермен
танысқаннан кейін ғана қолданыла алады.
Балалардың бұл құралмен ойнамауын қамтамасыз ету
үшін оларды бақылап отыру қажет.
 Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
 Электрбұйым қолданылып жатқан уақытта оған дейінгі
3 метрлік аралық ішінде басқа адамдар немесе
жануарлардың болмауы қажет. Жұмыс істеліп жатқан
аумақта электрбұйым қолданушы үшінші тараптарға
қарай жауапты болады.
 Бақ қайшысын ешқашан пышақ діңгегінен ұстамаңыз.
 Балаларға немесе осы қолдану нұсқаулықтармен
таныспаған адамдарға бақ қайшысын қолдануға рұқсат
бермеңіз. Ұлттық заңдар мен ережелер тарапынан
қолданушы жасының шектелінуі мүмкін.
 Жақын жерде басқа адамдар, әсіресе балалар немесе
үй жануарлары бар болғанда бақ қайшысын ешқашан
сыртқа шығарып қолданбаңыз.
 Электрбұйым иесі немесе қолданушысы басқа
адамдардың денсаулығына немесе осылардың мүлігіне
түскен апаттар немесе шығындар үшін жауапты болады.
Қазақша | 105
F 016 L81 732 | (29.5.17)
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido