Пайдалану Түрлері; Қабылдағыш Режим; Нивелирлеу Автоматикасы; Өлшеу Құралының Дәлдігін Тексеру - Bosch GLL 3-80 G Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GLL 3-80 G Professional:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 26
Өшу автоматикасын өшіру
Егер шам. 120 минут ішінде өлшеу құралында ешбір
түйме басылмаса, өлшеу құралы батарея зарядын сақтау
үшін автоматты түрде өшіп қалады.
Өлшеу құралын автоматты өшуден соң қайта қосу үшін,
қосқыш/өшіргішті (7) алдымен "Off" күйіне жылжытып,
сосын өлшеу құралын қайта қосыңыз немесе жұмыс түрі
пернесін (6) немесе қабылдағыш режим пернесін (4) бір
рет басуға боладыыңыз.
Өшу автоматикасын өшіру үшін (өлшеу құралы қосулы
болғанда) жұмыс түрлері пернесін (6) кемінде 3 сек.
басып ұстаңыз. Өшу автоматикасы өшкен болса, лазер
сәулелері растау үшін қысқа уақыт жыпылықтайды.
Автоматты өшуді белсендендіру үшін өлшеу құралын
өшіріп, қайта қосыңыз.
Сигналдық дыбысты өшіру
Өлшеу құралы қосылғанда сигналдық дыбыс әрдайым
қосулы болады.
Сигналдық дыбысты өшіру немесе қосу үшін жұмыс
түрлері пернесі (6) мен қабылдағыш режимі пернесін (4)
бірдей басып кемінде 3 сек. ұстаңыз.
Белсендендіру мен өшіруді де растау үшін қысқа
сигналдық дыбыстар шығады.
Пайдалану түрлері
Өлшеу құралында бірнеше пайдалану түрлері бар,
оларды әрқашан ауыстыру мүмкін:
– Көлденең лазер жазықтығын жасау,
– Тік лазер жазықтығын жасау,
– Екі тік лазер жазықтығын жасау,
– Көлденең лазер жазықтығын және екі тік лазер
жазықтықтарын жасау.
Қосудан соң өлшеу құралы көлденең лазер жазықтығын
жасайды. Пайдалану түрін ауыстыру үшін пайдалану
түрлері пернесін (6) басыңыз.
Жұмыс режимдерінің барлығын нивелирлеу
автоматикасымен де, маятникті бұғаттау тетігімен де
таңдауға болады.
Қабылдағыш режим
Лазер қабылдағышымен (18) жұмыс істеу үшін
пайдалану түріне байланыссыз қабылдағыш режимді
белсендіруге болады.
Қабылдағыш режимде лазер сызықтары жоғары жиілікте
жыпылықтап, лазер қабылдағышы үшін (18) көрінетін
болады.
Қабылдағыш режимді қосу үшін қабылдағыш режимінің
(4) пернесін басыңыз. Қабылдау режимі (5) индикаторы
жасыл түсте жанады.
Адам көзі үшін қабылдағыш режим қосулы болғанда
лазер сызықтарының көрінісі төмендетіледі. Лазер
қабылдағышысыз жұмыс істегенде қабылдағыш режимді
(4) түймешесін қайта басып өшіріңіз. Қабылдағыш
режимінің (5) көрсеткіші өшеді.
Bosch Power Tools
Нивелирлеу автоматикасы
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу
Өлшеу құралын көлденең, берік бетке қойып, әмбебап
ұстағышқа (16) немесе штативке (21) бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін қосқыш/
өшіргішті (7) "
On" күйіне жылжытыңыз.
Нивелирлеу автоматикасы ±4° шамасындағы өздігінен
нивелирлеу аймағында тегіс емес жерлерді автоматты
түрде тегістейді. Лазер сызықтары одан ары қозғалмаса,
нивелирлеу аяқталады.
Автоматты нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы өлшеу
құралы тұрған табан көлденең сызықтан 4° көп ауған
болса, лазер сызықтары жылдам жыпылықтайды. Сигнал
дыбысы қосулы болса сигнал жылдам тактта дыбыс
шығарады.
Өлшеу құралын көлденең қойып, өз нивелирлеу
аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы өз нивелирлеу
аймағында ±4° тұрса лазер сызықтары үздіксіз жанып,
сигнал дыбысы өшеді.
Пайдалану кезінде қағылулар болса немесе күй өзгерсе
өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді. Жаңа
нивелирлеген соң өлшеу құралының жылжып қалуынан
қателердің алдын алу үшін көлденең немесе тік лазер
сызығының күйін негізгі нүктелерге салыстырып
тексеріңіз.
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін
ажыратқышты (7) " On" күйіне жылжытыңыз. Маятникті
бұғаттау индикаторы (3) қызыл түспен жанып тұрады
және лазер сызықтары бояу жыпылықтайды.
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеген кезде,
нивелирлеу автоматикасы өшіріледі. Өлшеу құралын
еркін қолда ұстауға немесе еңіс бетке қоюға болады.
Лазер сызықтары бұдан былай нивелирленбейді және
бір-біріне тігінен өтпейді.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Дәлдік әсерлері
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден
жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін
ауытқуы мүмкін.
Еден жағынында температура өзгерістері қатты болғаны
үшін өлшеу құралын 20 м қашықтықтан бастап штативке
орнату керек. Өлшеу құралын мүмкіншілік бойынша
жұмыс аймағының ортасына қойыңыз.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін
тексеріңіз.
Алдымен көлденең лазер сызығының нивелирлеу
дәлдігін, сосын тік лазер сызықтарының нивелирлеу
дәлдігін тексеріңіз.
Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды
ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында
жөндетіңіз.
Қазақ | 123
1 609 92A 5DL | (02.10.2019)

Hide quick links:

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gll 3-80 professionalProfessional gll 3-80 gProfessional gll 3-80

Tabla de contenido