2. Аспапты алдыңғы тұтқасынан мықтап ұстаңыз.
3. Жылжыма бастапқы күйде шерту дыбысымен тірелгенше, аспапты алдыңғы жағынан ұстап көтеріңіз.
▶ Аспап енді бастапқы күйде тұр.
Аспаптың ойық кесу әрекетінің барысында астыңғы беттен көрінбей шықпағанына көз жеткізу
қажет болса, құлып ажыратқышын
құлып басылып тұрғанша, жылжыма алдында қол жеткізілген ойық тереңдігінде автоматты
түрде бұғатталады.
6.3
Ойық тереңдігін реттеу
1. Аспаптың бастапқы күйде тұрғанына көз жеткізіңіз.
2. Ойық тереңдігін реттеу дөңгелегі арқылы қажетті ойық тереңдігін реттеңіз.
Реттеу дөңгелегінде басылған деректер миллиметр (mm) бойынша ойық тереңдігін көрсетеді.
6.4
Ойық кесу
1. Ойық тереңдігі тиісінше реттелгеніне көз жеткізіңіз. → Бет 294
ЕСКЕРТУ
Жазатайым оқиға қаупі! Аспап қосылған кезде бастапқы күйде болмаса, алмас ойық кескіш дискілер
беттік материалға тиюі мүмкін. Бұл ретте аспапты бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін.
▶ Қосу алдында аспаптың бастапқы күйде болғанына көз жеткізіңіз.
2. Аспапты өңделетін астыңғы бетке орналастырыңыз.
Кесік индикаторы кесу бағытына қарап тұр және бірінші (сол жақ кесу бағытындағы) алмас
ойық кескіш дискінің позициясын көрсетіп тұр.
Көлденеңінен ойық кесу үшін: Аспаптағы домалақ ватерпастың көмегімен аспаптың тиісінше
тураланғанын анықтауға болады.
3. Ортаңғы бұғаттау иінтірегін солға немесе оңға қайырыңыз. Содан кейін қосқыш/ажыратқышты
толықтай басып, сол күйде ұстап тұрыңыз.
4. Алдыңғы тұтқаға кіріктірілген батырғыш құлыпты басып тұрыңыз.
Оңтайлы өнімділікке қол жеткізу үшін беттік материалға батыру кезінде алмас ойық кескіш
дискілер толық айналу жиілігіне қол жеткізгенше күтіңіз.
5. Беттік материалға баяу реттелген ойық тереңдігіне дейін батыру үшін алдыңғы тұтқаға өлшенген
қысым қолданыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Зақымдалу қаупі бар! Беріліс тым қатты және ойық кесу үдеуі төмен болған жағдайда, алмас ойық
кескіш дискілерге термиялық зақым келуі мүмкін.
▶ Кесу өнімділігі төмендетілген жағдайда, алмас ойық кескіш дискілердің тозғанын тексеріңіз және
оларды алмастыру немесе өткірлеу қажеттілігін анықтаңыз.
6. Аспапты екі қолыңызбен және тиісті беріліспен жұмыс күйіне жылжытыңыз.
Тым қатты беріліс қозғалтқыштың тұрып қалуына апарып соғуы мүмкін.
7. Ойық кесу әрекетін кідірту немесе тоқтату қажет болғанда, қосқыш/ажыратқышты босатыңыз.
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі бар! Шығып тұрған алмас ойық кескіш дискілер жарақат алу қаупін тудыруы мүмкін.
▶ Аспапты бастапқы күйінде бұғаттау үшін аспапты астыңғы беттен көтермес бұрын батырғыш құлыпты
босатыңыз.
8. Алдыңғы тұтқаға кіріктірілген батырғыш құлыпты жіберіп, аспапты айналдырмай не аудартпай
астыңғы беттен көтеріңіз.
294
Қазақ
(құлыптанған) күйіне жылжытыңыз. Бұл ретте батырғыш
2208335
*2208335*