OBJ_BUCH-1271-006.book Page 140 Friday, April 29, 2016 9:48 AM
140 | Қaзақша
шаңсорғышқа қосыңыз (жабдықтар). Осы нұсқаулықтар
соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті 1 алға
жылжытып қосқышты „I" көзге түсетін қылыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 1 „0"
қосқышы көрінгеніше артқа жылжытыңыз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Тербелу санын таңдау
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы 2 қажетті
тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға
болады.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
Ескертпе: Электр құралының желдеткіш саңылауын 3
жұмыс істеу кезінде жаппаңыз, әйтпесе электр құралының
пайдалану мерзімі қысқарады.
Жұмыс ережелері
Тербелтетін жетек арқылы алмалы-салмалы аспап
минутына 20000 реттей 2,8° тербеледі. Бұл қолайсыз, тар
жерде де жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Жай және бір қалыпты қысыммен жұмыс
істеңіз, әйтпесе жұмыс өнімділігі
төмендеп, алмалы-салмалы аспап
сыналанып қалады.
Электр құралын жұмыс істеу кезінде жан-
жаққа жылжытыңыз, сонда алмалы-
салмалы аспап қызбайды,
сыналанбайды.
1 609 92A 2PJ | (29.4.16)
Аралау
Бұзылмаған мінсіз ара полотносын пайдаланыңыз.
Қисайған немесе өтпес ара полотнолары сынуы, кесікті
зақымдауы немесе кері соғу себебін тудырады.
Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде заң
нұсқауларын және материал өндірушісінің
ұсыныстарын орындаңыз.
Қол арасымен тек ағаш, гипсокартон және т.б.
сияқты жұмсақ материалдарды өңдеу қажет!
HCS ара полотноларымен ағаш, ЖАТ, құрылыс
материалдарын т.б. аралаудан алдын шеге, бұранда т.б.
сияқты бөгде денелердің жоқтығын тексеріңіз. Қажет
болса бөгде денелерді алып тастаңыз немесе биметалды
ара полотноларын пайдаланыңыз.
Кесу
Ескертпе: Қабырға плиткаларын кесу барысында алмалы-
салмалы аспаптар ұзақ пайдаланудан да тозатындығын
есте сақтаңыз.
Ажарлау
Көшіру деңгейі және тегістелген бет сапасы тегістеу дискін
таңдау, таңдалған тербелулер саны және басу күші
арқылы реттеледі.
Тек мінсіз тегістеу дискімен ғана дұрыс тегістеуге, сол
арқылы электр құралын сақтауға болады.
Ажарлау дискінің қызмет мерзімін ұзарту үшін бірқалыпты
басуға талпыныңыз.
Өте қатты басу электр құралы мен тегістеу дискінің тез
тозуын тудырады.
Бұрыш, қыр және әрең жететін жайларды нақты тегістеу
үшін тегістеу пластинасының ұшын немесе қырын
пайдалану керек.
Нүктелі тегістеуде диск қатты қызып кетуі мүмкін. Тербелу
саны мен қысымды азайтып тегістеу дискін жүйелі түрде
суытыңыз.
Металл өңдеген тегістеу дискін басқа материалдар үшін
пайдаланбаңыз.
Тек түпнұсқалы Bosch ажарлау жабдықтарын
пайдаланыңыз.
Тегістеу барысында әрдайым шаңсорғышты
пайдаланыңыз.
Қыру
Қыру үшін жоғары тербелу басқышын таңдаңыз.
Жұмсақ тіректе (мысалы ағашта) жалпақ бұрышта және аз
қысымбен жұмыс істеңіз. Әйтпесе қырғыш қатты кесіп
кетуі мүмкін.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Bosch Power Tools