Metabo WEA 19-125 Q M-BRUSH IK Manual Original página 145

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 51
- Құрал бекіткіш белдікті құралға бекіту үшін тек
арнайы жобаланған бекіту нүктелерін (бекіткіш
көз (10)) пайдаланыңыз. Бекіту нүктесін құру
үшін ЕШҚАШАН құралды өзгертпеңіз.
- Құрал бекіткіш белдікті құралға, қорғаныс
құрылғылары, ажыратқыш немесе құлыптар
тиісінше жұмыс істемей қалатындай етіп
бекітпеңіз.
- Құрал бекіткіш белдікті алмалы-салмалы
аспаптан алшақ ұстаңыз.
- Құрал бекіткіш белдікті ұшқындаудан және
жоңқадан қорғаңыз.
- Құрал бекіткіш белдікті өткір жиектерден,
ұштардан, жоңқадан және т.б. нәрселерден
қорғаңыз. Агрегатқа немесе құрал бекіткіш
белдікке баспаңыз.
- Құрал бекіткіш белдікті немесе бекіту
құрылғыларын құралдың иінтірек әсерін
ұлғайту үшін пайдаланбаңыз.
- Құлау аймағында жеткілікті бос орынның
болуын қамтамасыз етіңіз. Құлау аймағында
адамдарға қауіп төнбеуі тиіс.
- Құлағаннан кейін арқанды алмастырыңыз
және агрегатта зақымдардың бар-жоғын
тексеріп шығыңыз. Аспап әр құлағаннан кейін,
онда зақымдардың бар-жоғын тәжірибелі
техник маманға тексертіңіз және қажетінше
жөндетіңіз.
- Құлаған агрегатты ұстап алуға әрекеттенбеңіз.
Бұл жарақат тигізуі мүмкін.
8.5
Редуктор корпусын бұрау
3-беттегі E суретін қараңыз.
- Қуат ашасын тартып шығарыңыз.
- Иінтіректің (17) бекіткіш бұрандасын (a) бұрап
шығарыңыз. Бұранда мен иінтіректі (табақ
бөлігімен бірге) шығарып алыңыз да, ары
қойыңыз.
- Редуктор корпусының 4 бұрандасын (b) бұрап
шығарыңыз. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Редуктор
корпусын суырып шығармаңыз!
- Редуктор корпусын тарту әрекетінсіз қажетті
күйге бұраңыз.
- Редуктор корпусының 4 бұрандасын (b) бар
ирек ойма жіптеріне бұрап кіргізіңіз! Тарту
моменті = 3,0 Нм +/- 0,3 Нм.
- Иінтіректі өз орнына басып тұратын серіппені
бүйірге жылжытып, иінтіректі (17) (табақ
бөлігімен бірге) қайта орнатыңыз және
бекіткіш бұрандамен (a) бұрап бекітіңіз. Тарту
моменті = 5,0 Нм +/- 0,5 Нм. Иінтіректің дұрыс
қызмет етіп тұрғанын тексеріңіз: ол серіппе
керілісінің астында болуы тиіс.
9. Тазалау
Жұмыс барысында электрлік құралдың ішінде
материал бөлшектері жиналуы мүмкін. Бұл
электрлік құралдың суытылуын нашарлатады.
Ток өткізгіш шөгінді электрлік құралдың
қорғайтын оқшаулағышын бұзып, ток соғу қаупін
тудыруы мүмкін.
Электрлік құралдағы кірді барлық алдыңғы мен
артқы желдету саңылаулары арқылы жүйелі
түрде, жиі және мұқият сорып немесе құрғақ
ауамен үрлеп тазартыңыз. Бұл әрекеттің
алдында электрлік құралды қуат көзінен
ажыратып, қорғаныш көзілдірік пен
респираторды киіп алыңыз.
10. Ақаулықтарды жою
VTC, TC, VC электроникасы бар аспаптар:
Электрондық сигналдық индикатор (7)
жанып, жүктеме астындағы айналу
жиілігі төмендейді (W...RT үлгісінде
емес). Аспапқа түскен жүктеме тым жоғары!
Аспапты электрондық сигналдық индикатор
сөнгенше бос жүріс күйінде жұмыс істетіңіз.
Аспап жұмыс істемей тұр.Электрондық
сигналдық индикатор (7)
(жабдықталуға байланысты)
жыпылықтайды. Қайта іске қосылудан
қорғаныс іске қосылды. Аспаптың қосулы
күйінде желілік аша розеткаға салынған немесе
электр қуатымен жабдықтау үзілгеннен кейін
қалпына келген жағдайда, аспап іске
қосылмайды. Аспапты өшіріп қайта қосыңыз.
11. Керек-жарақтар
Тек қана түпнұсқа Metabo керек-жарақтарын
қолданыңыз.
5-бетті қараңыз.
Тек қана осы пайдалану бойынша нұсқаулықта
келтірілген талаптар мен сипаттарға сай келетін
керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
A Кескіш дөңгелекке арналған қорғаныш
қалпақтың қысқышы / абразивті кесуге
арналған қорғаныш қалпақ
Кескіш дөңгелектермен, алмасты кескіш
дөңгелектермен жұмыс істеуге арналған. Кескіш
дөңгелекке арналған қорғаныш қалпақтың
қысқышы орнатылған жағдайда, аспапты
абразивті кесу үшін пайдалануға болады.
B Абразивті кесуге арналған ауа тартатын
қорғаныш қалпақ
Алмасты кескіш дөңгелектермен тас
тақталарды кесуге арналған. Тиісті сорғыш
құрылғының көмегімен тас шаңын кетіруге
арналған келте құбыры бар.
C Беттерді ажарлауға арналған ауа
тартатын қорғаныш қалпақ
Бетон, жапсарсыз еден, ағаш және
синтетикалық материалдарды алмас
табақшалы ажарлағыш дөңгелектермен немесе
талшықты ажарлағыш дөңгелектермен және
арнайы ажарлағыш табақшалармен ажарлауға
арналған. Тиісті сорғыш құрылғының көмегімен
тас, ағаш және пластик шаңын кетіруге
арналған келте құбыры бар. Ұшқынды сору
немесе металдарды ажарлау үшін жарамайды.
D Шаңнан қорғайтын сүзгі
Шағын ұялы сүзгі қозғалтқыш корпусының ішіне
ірі бөлшектердің кіруіне жол бермейді. Жүйелі
түрде шығарып тазалаңыз.
E Қол қорғанысы
Тіреуіш тәрелкемен, тіреуіш ажарлағыш
табақшамен, сым қылшақтармен және
ҚАЗАҚША kk
145
loading