Bosch UniversalAquatak 36V-100 Manual Original página 159

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 27
арттырады және осының арқасында құралдың қызмет ету
мерзімін ұзартады.
Сүзгілердің екеуі де үнемі лас пен қалдықтардан таза
қалыпта болуын тексеріп жүріңіз.
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаға зиян келтіретін химиялық заттарының
жерге, жер асты суына, тоғандарға, өзендерге ж.т.б.
түспеуі керек.
Тазалау бұйымдарын қолданғанда қорапшалардағы
мәліметтерге назар аударып, белгіленген
концентрацияларына сай дозалау керек.
Моторлы көліктерді тазалағанда жергілікті ережелер мен
заңдарды ұстаныңыз: Шашырылып шығатын майлардың
жер асты суларына түсуін болдырмау керек. Шикізатты
қоқысқа тастамай, қайта өңдеңіз.
Аккумуляторды күту
Аккумулятордың оңтайлы түрде қолдануын қамтамасыз
ету үшін төмендегі нұсқаулар мен шараларды ұстанып
жүріңіз:
– Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдықтан
қорғап жүріңіз.
– Электр құралды және аккумуляторды температура
аумағы -20 °C және 50 °C аралығында болған
жерлерде ғана сақтаңыз. Аккумуляторды, мысалы,
жазда көлікте қалдырмаңыз.
– Аккумуляторды бақ электр бұйымнан шығарып алып,
бақ электр бұйымнан бөлек сақтаңыз.
– Тікелей күн сәулелері түсе алатын жағдайларда
аккумуляторды бақ электр бұйым ішінде
қалдырмаңыз.
– Аккумуляторды сақтау үшін ең оңтайлы температура
деңгейі болып 5 °C саналады.
– Аккумулятордың желдету саңылауларын жұмсақ, таза
және құрғақ қылшақпен анда-санда мұқият тазалап
жүріңіз.
Қуаттандырылғанынан кейін жұмыс циклдарының
айтарлықтай қысқарып қалуы аккумулятордың тозып
қалғанын және оны ауыстыру керектігін білдіреді.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді:
www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
Bosch Power Tools
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да
мекенжайларын мына жерден қараңыз:
www.bosch-pt.com/serviceaddresses
Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде
өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі
төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін
жөндеуге құқылы болады:
– механикалық зақымдардың жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу
белгілерінің жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату
туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының
бар болуы;
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік
талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі;
– біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.
Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:
– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген
сынықтар;
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының
қалыпты тозуы.
Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б.
сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін
қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі
туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:
– табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы);
– қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате
қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін
бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның
бөліктері;
– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған
ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз
белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда
Қазақ | 159
F 016 L94 142 | (27.07.2023)
loading