Stihl RMA 253.0 Manual De Instrucciones página 330

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 44
қазақ
4.8.2
Аккумулятор
Сақтандыру
■ Аккумулятор қоршаған ортаның әсерінен
қорғалмаған. Егер аккумулятор қоршаған
ортаның белгіленген әсерлеріне ұшыраса,
онда аккумулятор бұзылуы және бүлінуі
мүмкін.
► Жарамсыз аккумуляторды
тасымалдамаңыз.
■ Аккумуляторды тасымалдау кезінде, ол
төңкерілуі немесе жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Аккумуляторды қаптамаға салғанда, ол
жылжымауы керек.
► Қаптаманың жылжымайтындығына көз
жеткізіп, оны бекітіңіз.
4.9
Сақтау шарттары
4.9.1
Көгалшапқыш
Сақтандыру
■ Балалар көгалшапқыш тәуекелдерін
анықтай алмауы және бағалай алмауы
мүмкін. Балалар ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Сақтандырғыш кілтті суырып
алыңыз.
► Аккумуляторды шығарыңыз.
► Көгалшапқышты балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
■ Көгалшапқыштағы электрлік контактілер
мен металл бөліктерді ылғалдан тот басуы
мүмкін. Көгалшапқыш зақымдалуы мүмкін.
► Сақтандырғыш кілтті суырып
алыңыз.
► Аккумуляторды шығарыңыз.
► Көгалшапқышты таза және құрғақ күйінде
ұстаңыз.
■ Егер сақтау барысында сақтандырғыш кілт
пен аккумулятор енгізілген болса, пышақ
кенет қосылуы мүмкін. Адамдар ауыр
жарақат алуы және материалдық зияннан
зардап шегуі мүмкін.
330
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
► Сақтандырғыш кілтті суырып
алыңыз.
► Аккумуляторды шығарыңыз.
4.9.2
Аккумулятор
Сақтандыру
■ Балалар аккумулятордан туындайтын қауіп-
қатерлерді білмеуі және түсінбеуі мүмкін.
Балалар ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Аккумуляторды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
■ Аккумулятор қоршаған орта әсерлерінің
бәрінен бірдей қорғалмаған. Белгілі бір
сыртқы әсерлерге ұшыраған жағдайда,
аккумулятор жөндеуге келмейтін дәрежеде
зақымдалуы мүмкін.
► Аккумуляторды таза және құрғақ күйінде
ұстаңыз.
► Аккумуляторды жабық үй-жайда
сақтаңыз.
► Аккумуляторды көгалшапқыштан бөлек
сақтаңыз.
► Аккумулятор қуаттау құрылғысымен
сақталған жағдайда: Желілік штекерді
ажыратыңыз және аккумуляторды 40 %
және 60 % аралығындағы заряд
деңгейімен (2 жасыл түсті жарық диоды
жанып тұр) сақтаңыз.
► Аккумуляторды - 10 °C және + 50 °C
аралығындағы температура
диапазонында сақтаңыз.
4.10
Тазалау, техникалық қызмет
көрсету және жөндеу
Сақтандыру
■ Егер тазалау, техникалық қызмет көрсету
немесе жөндеу барысында сақтандырғыш
кілт пен аккумулятор енгізілген болса,
пышақ кенет қосылуы мүмкін. Адамдар
ауыр жарақат алуы және материалдық
зияннан зардап шегуі мүмкін.
► Сақтандырғыш кілтті суырып
алыңыз.
► Аккумуляторды шығарыңыз.
0478-131-9862-B
loading