Metabo WA 13-125 Quick Manual Original página 131

Ocultar thumbs Ver también para WA 13-125 Quick:
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 45
11. Керек-жарақтар
Тек қана түпнұсқа Metabo керек-жарақтарын
қолданыңыз.
5-бетті қараңыз.
Тек қана осы пайдалану бойынша нұсқаулықта
келтірілген талаптар мен сипаттарға сай келетін
керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
A Кескіш дөңгелекке арналған қорғаныш
қалпақтың қысқышы / абразивті кесуге
арналған қорғаныш қалпақ
Кескіш дөңгелектермен, алмасты кескіш
дөңгелектермен жұмыс істеуге арналған. Кескіш
дөңгелекке арналған қорғаныш қалпақтың
қысқышы орнатылған жағдайда, аспапты
абразивті кесу үшін пайдалануға болады.
B Абразивті кесуге арналған ауа тартатын
қорғаныш қалпақ
Алмасты кескіш дөңгелектермен тас
тақталарды кесуге арналған. Тиісті сорғыш
құрылғының көмегімен тас шаңын кетіруге
арналған келте құбыры бар.
C Беттерді ажарлауға арналған ауа
тартатын қорғаныш қалпақ
Бетон, жапсарсыз еден, ағаш және
синтетикалық материалдарды алмас
табақшалы ажарлағыш дөңгелектермен немесе
талшықты ажарлағыш дөңгелектермен және
арнайы ажарлағыш табақшалармен ажарлауға
арналған. Тиісті сорғыш құрылғының көмегімен
тас, ағаш және пластик шаңын кетіруге
арналған келте құбыры бар. Ұшқынды сору
немесе металдарды ажарлау үшін жарамайды.
D Шаңнан қорғайтын сүзгі
Шағын ұялы сүзгі қозғалтқыш корпусының ішіне
ірі бөлшектердің кіруіне жол бермейді. Жүйелі
түрде шығарып тазалаңыз.
E Қол қорғанысы
Тіреуіш тәрелкемен, тіреуіш ажарлағыш
табақшамен, сым қылшақтармен және
керамикаға арналған алмасты бұрғылау
коронкаларымен жұмыс істеуге арналған.
Қол қорғанысын бүйірлік қосымша тұтқыштың
астына орнатыңыз.
F Қосымша тұтқышқа арналған көп
позициялы қапсырма
Әртүрлі тұтқыш позицияларына мүмкіндік
береді.
G Қапсырманың қосымша тұтқышы
Керек-жарақтардың толық тізімін
www.metabo.com сайтында немесе каталогтен
қараңыз.
12. Жөндеу
Электрлік құралда жөндеу жұмыстарын тек
қана электрші маман өткізуі тиіс!
Жалғағыш кабель зақымдалған жағдайда, оны
тек арнайы жалғағыш кабельмен ауыстыру
керек.
Metabo филиалына жөндеуді қажет ететін
Metabo электрлік құралдарымен бірге барыңыз.
Мекенжайлары www.metabo.com сайтында
берілген.
Қосалқы бөлшектердің тізімдерін
www.metabo.com сайтында жүктеп алуға
болады.
13. Қоршаған ортаны қорғау
Ажарлаудан пайда болатын шаңда зиянды
заттектер болуы мүмкін, сондықтан оны
тиісінше кәдеге жарату керек.
Пайдаланылған аспаптарды, орауыштарды
және керек-жарақтарды қоршаған орта үшін
қауіпсіз түрде кәдеге жарату және қайта өңдеу
бойынша ұлттық ережелерді ұстаныңыз.
Тек қана ЕО елдерінде: электрлік құралды
тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз!
Электрлік және электрондық ескі
құрылғылар және ұлттық заңға түрлендіру
жөніндегі 2012/19/EU еуропалық директивасына
сәйкес, пайдаланылған электрлік құралдар
бөлек жиналып, қоршаған орта үшін қауіпсіз
қайта өңдеуге жіберілуі тиіс.
14. Техникалық деректер
4-беттегі мәліметтерге түсініктемелер.
Техникалық дамуға қарай өзгеруі мүмкін.
Ø
= алмалы-салмалы құралдың макс.
диаметрі
t
= екі саңылаулы гайка (15)
max,1
пайдаланылған кезде қысу
диапазонындағы алмалы-салмалы
құралдың макс. рұқсат етілген
қалыңдығы
t
= Quick қыспа гайкасы (1)
max,2
пайдаланылған кезде қысу
диапазонындағы алмалы-салмалы
құралдың макс. рұқсат етілген
қалыңдығы
t
= сиыра ажарлағыш дөңгелек/кескіш
max,3
дөңгелек:
алмалы-салмалы құралдың макс.
рұқсат етілген қалыңдығы
M
= шпиндельдің ирек оймасы
l
= ажарлағыш шпиндельдің ұзындығы
n*
= бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі
(макс. айналу жиілігі)
n
*
= бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі
V
(реттелетін)
P
= номиналды тұтынылатын қуат
1
P
= шығыс қуат
2
m
= желілік кабельсіз салмағы
Өлшеу мәндері EN 60745 стандартына сай
есептеледі.
II қорғаныс класындағы аспап
~
Айнымалы ток
* WE... белгісі бар аспаптар : энергияға толы,
жоғары жиілікті кедергілер айналу жиілігінің
шұғыл өзгерістерін тудыруы мүмкін. Олар
кедергілер басылған соң жоққа шығарылады.
ҚАЗАҚША kk
131
loading