10 Көгалшапқышпен жұмыс істеу
► Мыналарды өлшеңіз:
– Қалыңдығы a
– Кері қайрау деңгейі b
– Жүзінің бұрышы c
► Қалыңдығын (a) пышақтың бірнеше жерінен
жылжымалы калибрдің (1) көмегімен
тексеріңіз.
Минималды қалыңдықтан кем болса:
пышақты ауыстырыңыз,
► Сызғышты (2) пышақтың алдыңғы жиегіне
қойып, кері қайрау деңгейін (b) өлшеңіз.
Рұқсат етілген кері қайрау деңгейіне жеткен
жағдайда: пышақты ауыстырыңыз,
► Жүзінің бұрышы (c) сақталмаған жағдайда:
пышақты қайраңыз,
► Түсініксіз мәселелер туындаған жағдайда:
STIHL делдалына хабарласыңыз.
10 Көгалшапқышпен жұмыс
істеу
10.1
Көгалшапқышты ұстап тұру
және бағыттау
► Бас тұтқаны екі қолмен бас бармақ бас
тұтқада жататындай етіп ұстап тұрыңыз.
10.2
Кесік биіктігін реттеу
Төмендегі кесік биіктіктерін реттеуге болады:
– 20 мм = S позициясы
– 30 мм = 1-позиция
– 40 мм = 2-позиция
18
Кейбір ел нұсқалары үшін қолжетімді емес.
0478-121-9926-A
18.2.
18.2.
18.2.
18
– 50 мм = 3-позиция
– 60 мм = 4-позиция
– 70 мм = 5-позиция
Позициялар көгалшапқышта көрсетілген.
Кесік биіктігін реттеу
► Көгалшапқышты өшіріңіз.
Пышақ айналмауы тиіс.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Көгалшапқышты тұтқасынан ұстаңыз.
► Иінтіректі (1) көгалшапқыштан аздап ары
итеріп, ұстаңыз.
► Көгалшапқышты көтеріп түсіру арқылы
қажетті позицияға қойыңыз.
Нақты кесік биіктігін кесік биіктігінің
индикаторындағы (2) белгінің (3) көмегімен
оқып шығуға болады.
► Иінтіректі (1) жіберіңіз.
Көгалшапқыш бекітіледі.
10.3
Шабу
► Көгалшапқышты баяу және бақылай
отырып алға қарай жылжытыңыз.
қазақ
349