Hilti Nuron SB 6-22 Manual De Instrucciones Original página 188

Ocultar thumbs Ver también para Nuron SB 6-22:
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 35
ЕСКЕРТУ
Ара таспасынан жарақат алу қаупі бар. Ара таспасы ыстық және/немесе өткір жиекті болуы және
белгілі бір жағдайларда жарылуы мүмкін.
▶ Ара таспасымен жұмыс істеу және оны алмастыру кезінде қорғаныш қолғап пен көз қорғанысын
тағыңыз.
▶ Таспалы араны тек дұрыс орнатылған қаптамасымен бірге пайдаланыңыз.
▶ Пайдаланылған таспалы араны еш жағдайда жанғыш беттерге қоймаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қате ара таспасынан мүлікке залал келтіру. Қате ара таспасы материалдың мерзімсіз бұзылуына
және таспалы араның зақымдалуына әкелуі мүмкін.
▶ Таспалы ара мен материал үшін дұрыс ара таспасын таңдаңыз.
▶ Кесілетін материал үшін дұрыс тіс қадамына (тіс/дюйм) ие ара таспасын таңдаңыз: қатты/жіңішке
материалдар үшін жоғарырақ тіс қадамы; жұмсақ/қалың материалдар үшін төменірек тіс қадамы.
▶ Қалыңдығы 0,5 мм болатын ара таспаларын ғана пайдаланыңыз.
үлкенірек бүгу жүктемесін тудырып, ара тістерінің жылдамырақ тозуына әкеледі.
▶ Ара таспасын, кемінде екі тіс дайындамаға тиетіндей таңдаңыз.
▶ Тек 1140 мм × 12,5 мм × 0,5 мм өлшемдеріне ие ара таспаларын таңдаңыз.
Резеңке сақинада зақымдардың бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.
Таспалы араның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін әр жұмыс процесінен кейін ара таспасының
қаптамаларын және кесік бағыттауышын шаң мен жоңқадан тазалаңыз.
Таспалы араны іске қосу үшін: Алдымен негізгі сөндіргішті, содан кейін қауіпсіздік ажыратқышын
басып, бір уақытта ұстап тұруыңыз қажет.
Таспалы араның жеке салмағы кесік жасау үшін жеткілікті. Таспалы араға ешқандай қосымша
қысым қолданбаңыз.
1. Қажет болса, резеңке сақинаны алмастырыңыз. → Бет 183
2. Қажет болса, ара таспасын алмастырыңыз. → Бет 180
3. Негізгі сөндіргішті басып тұрыңыз.
4. Қауіпсіздік ажыратқышын басып тұрыңыз.
5. Таспалы араны, барынша көп ара тісі дайындамаға тиетіндей, дайындамаға қойыңыз.
6. Аралау жұмысын орындаңыз.
Таспалы араны, әрдайым мүмкіндігінше үш ара тісі кесікте қалатындай бағыттаңыз.
7. Негізгі сөндіргішті жіберіңіз.
7
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар !
▶ Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын
әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Өнімге қызмет көрсету
Қатты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
Бр болса, желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
Өнімнің контактілерін тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті қолданыңыз.
182
Қазақ
Одан қалың ара таспалары
2354067
*2354067*
loading