Hilti Nuron SB 6-22 Manual De Instrucciones Original página 181

Ocultar thumbs Ver también para Nuron SB 6-22:
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 35
▶ Өнімді қолдану барысында қорғауыш көзілдірікті, қорғауыш касканы және қорғауыш құлаққапты
киіп жүріңіз.
▶ Құралды алмастырған кезде қорғауыш қолғап киіңіз. Алмалы-салмалы аспапқа тию кесіктерге және
күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
▶ Ажарлау, егеуқұм қағазымен тазалау, кесу және бұрғылау кезінде пайда болатын шаңның
құрамында қауіпті химиялық заттар болуы мүмкін.
қорғасын негізіндегі бояулар; плитка, бетон және басқа кірпіш қалау өнімдері, табиғи тас және
басқа силикаттық өнімдер; емен, шамшат және химиялық затпен өңделген сүрек сияқты белгілі бір
сүрек түрлері; асбест немесе құрамында асбест бар материалдар.
айналасындағы адамдарға әсер ету дәрежесін өңдеу орындалатын материалдардың қауіп класы
бойынша анықтаңыз. Әсерді қауіпсіз деңгейде сақтау үшін шаң жинайтын жүйелерді пайдалану
немесе арнайы тыныс алу органдарының қорғанысын киіп жүру сияқты қажетті шараларды
қолданыңыз. Әсер ету дәрежесін азайту бойынша жалпы шараларға төмендегілер жатады:
▶ Жақсы желдетілген аймақта жұмыс істеу,
▶ Шаңның ұзақ уақыт бойы тиюіне жол бермеу,
▶ Шаңды көз бен денеден алыстату,
▶ Қорғаныс киімін киіп жүру және әсер етілген жерлерді сумен және сабынмен жуу.
▶ Жарақат алудың алдын алу үшін таспалы араны тек дұрыс орнатылған ара таспасының
қаптамасымен бірге пайдаланыңыз.
▶ Бойлай аралау кезінде әрқашан тіректі немесе түзу бағыттауыш жиекті қолданыңыз. Бұл кесу
дәлдігін жақсартады және ара төсемінің сыналану мүмкіндігін азайтады.
▶ Аралап жатқан дайындаманы ешқашан қолда немесе басқа дене мүшесімен ұстамаңыз.
Дайындаманы тұрақты тірекке бекітіңіз.
бақылауды жоғалту қаупін барынша азайту үшін бөлшекті бекіткен жөн.
▶ Өнімді әрдайым екі қолмен арнайы тұтқыштарынан берік ұстаңыз және бұл кезде қолды кері соққы
күшіне қарсы тұра алатындай орналастырыңыз.
▶ Тұтқыштарды құрғақ әрі таза және маймен ластанбаған күйде ұстаңыз.
▶ Әрқашан ара төсемінен ары тұрыңыз, ешқашан ара төсемін денеңіздің осі бойынша жүргізбеңіз.
Кері соққы араны артқа секіртіп алуы мүмкін!
▶ Бірінші кезекте басты шалқайтып жұмыс істеген кезде тұрақтылықты сақтаңыз. Кенет жарылу
нәтижесінде тепе-теңдігіңіз бұзылуы мүмкін.
▶ Ойып бұрғылау жұмыстарын өткізген кезде дайындаманың екі жағын да бекітіңіз. Жарылып бөлінген
бөлшектер құлап түсуі және жарақат тигізуі мүмкін.
▶ Ара төсемі сыналанғанда немесе жұмыс басқа себеппен үзілсе, араны өшіріңіз және оны ара
төсемі толық тоқтағанша ұстаңыз. Айналып жатқанда немесе кері соққы пайда болуы мүмкін болса,
ешқашан ара төсемін дайындамадан шығаруға, артқа жіберуге тырыспаңыз.
▶ Дайындамада тұрып қалған араны қайта қосқыңыз келсе, алдымен аралау орнында ара төсемін
ортаға келтіріңіз және төсем тістерінің еркіндігін тексеріңіз.
▶ Қабырғаларда немесе басқа көру мүмкін емес аймақтарда аралауды орындау кезінде әсіресе
сақ болыңыз. Бататын ара төсемі аралау кезінде жасырын нысанда бұғатталуы және кері соққы
тудыруы мүмкін.
▶ Саусақтың қан айналымын жақсарту үшін жиі үзіліс жасап, жаттығу жасаңыз. Ұзақ уақыт жұмыс
істеген кезде, қатты дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры не жүйкесіне
теріс әсер тиюі мүмкін.
▶ Өнімнің жарығына (жарық диоды) тікелей қарамаңыз және жарықты басқа адамдардың көзіне
тікелей бағыттамаңыз. Соқырлық қаупі бар.
▶ Аралау жұмысын бастамас бұрын ара таспасының тиісінше орнатылғанына көз жеткізіңіз. Дұрыс
орнатылмаған ара таспасы қысылып қалуы және кері соққыны тудыруы мүмкін.
▶ Құлап қалған құралдардан және/немесе керек-жарақтардан жарақат алу қаупі бар. Жұмысты
бастамас бұрын аккумулятор мен қондырылған керек-жарақтың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Электр қауіпсіздігі
▶ Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс аймағындағы электрлік сымдар, газ бен су құбырлары жабық
екендігіне көз жеткізіңіз. Қуыт сымына, газ немесе су құбырына зақым келтірген жағдайда, өнімнің
сыртындағы металл бөліктер ток соғуға немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.
▶ Құбырларды кескенде, мысалы, бөлшектеу және құрастыру жұмыстарын орындағанда, оларда
сұйықтық жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Қажет болса, құбырлардан сұйықтықты кетіру шараларын
қолданыңыз. Құбырларды кескен кезде өнімді кесу сызығынан жоғарырақ ұстаңыз. Өнімде ылғал
кіруден қорғаныс қарастырылмаған.
Электр құралдарымен дұрыс жұмыс істеу және дұрыс пайдалану
▶ Тек белгіленген өлшемдегі ара таспаларын пайдаланыңыз.
*2354067*
Денеге тию, аралау төсемінің сыналануы немесе
2354067
Мысалдары келесідей: қорғасын немесе
Пайдаланушы мен оның
Қазақ
175
loading