Мазмұны
Қауіпсіздік нұсқаулары....................................... 141
Орнату ................................................................ 145
Пайдалану .......................................................... 145
Тасымалдау........................................................ 145
Сақтау ................................................................. 145
Кепілдік ............................................................... 146
Қауіпсіздік нұсқаулары
Құрылғыны алғаш рет пайдаланбас бұрын, осы
қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларын, осы түпнұсқалық
пайдалану нұсқаулығын, аккумулятор жинағына
қоса берілетін қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларын
жəне қауіпсіздік туралы нұсқаулығын жəне қоса
берілетін түпнұсқалық аккумулятор жинағын /
зарядтау құрылғысын пайдалану нұсқауларын
оқыңыз. Оған сəйкес əрекет етіңіз. Буклеттерді
кейінірек пайдалану үшін немесе кейінгі иелері үшін
ұстаңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулықтағы нұсқауларға
қосымша құрылғы пайдаланылатын елдің қауіпсіздік
техникасы мен қайғылы жағдайлардың алдын
алудың жалпы нұсқауларын сақтау керек.
Қауіп деңгейлері
ҚАУІП
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.
ЕСКЕРТУ
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
АБАЙЛАҢЫЗ
● Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
● Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Техникалық қауіпсіздік бойынша жалпы
нұсқаулар
ЕСКЕРТУ
● Осы электр құралымен бірге келетін барлық
қауіпсіздік ескертулерін, нұсқауларды,
суреттер мен техникалық сипаттамаларды
оқып шығыңыз.
Төмендегі нұсқаулардың кез келгенін орындамау
электр тогының соғуына, өртке жəне/немесе
ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін. Кейіннен
пайдалану үшін барлық ескертулер мен
нұсқауларды сақтап қойыңыз.
Ескертулердегі «Электр құралы» термині электр
желісінен жұмыс істейтін (сымды) бұйымға немесе
батареямен жұмыс істейтін (сымсыз) бұйымға
қатысты.
1
Жұмыс аймағындағы қауіпсіздік
a Жұмыс орнын таза ұстаңыз жəне жақсы
жарықтандыруды қамтамасыз етіңіз.
Шашылып жатқан немесе қараңғы жерлер
оқыс жағдайларға оңай əкеледі.
b Электр құралдарын ықтимал жарылғыш
ортада, мысалы, жанғыш сұйықтықтар,
газдар немесе шаң бар жерде
пайдаланбаңыз. Электр құралы шаңды
немесе буды тұтандыруы мүмкін ұшқындар
шығарады.
c Электр құралымен жұмыс істеуге
балаларға жəне бөгде адамдарға рұқсат
етпеңіз. Алаңдататын факторлар
бақылауды жоғалтуға əкелуі мүмкін.
2
Электрлік қауіпсіздік
a Электр құралының ашалары розеткаға
сəйкес келуі керек. Ешқандай жағдайда
ашаны өзгертпеңіз. Жерге тұйықталған
электр құралдарымен бірге өтпелі
ашаларды қолданбаңыз. Өзгертілмеген
ашалар мен сəйкес келетін розеткалар
электр тогының соғу қаупін азайтады.
b Құбырлар, жылытқыштар, пештер мен
тоңазытқыштар сияқты жерге тұйықталған
беттермен дененің жанасуын
болдырмаңыз. Денеңіз жерге тұйықталған
болса, электр тогының соғу қаупі артады.
c Электр құралдарын жаңбырдан немесе
ылғалдан алыс ұстаңыз. Электр құралына
судың түсуі электр тогының соғу қаупін
арттырады.
d Кабельді мақсатына сай емес, электр
құралын алып жүру, тарту немесе ажырату
мақсатында пайдаланбаңыз. Кабельді
жылу, май, өткір жиектер немесе
жылжымалы бөліктерден алыс ұстаңыз.
Зақымдалған немесе шатасып қалған
кабельдер электр тогының соғу қаупін
арттырады.
e Электр құралын ашық ауада
пайдалансаңыз, сыртта қолдануға
жарамды ұзартқыш кабельді
пайдаланыңыз. Сыртта қолдануға
жарамды кабельді пайдалану электр
тогының соғу қаупін азайтады.
f Егер электр құралын ылғалды ортада
пайдаланбау мүмкін болмаса, қауіпсіздік
ажыратқышымен (FI ажыратқышы)
қорғалған қуат көзін пайдаланыңыз. FI
ажыратқышын пайдалану электр тогының
соғу қаупін азайтады.
3
Жеке бас қауіпсіздігі
a Электр құралын пайдаланған кезде қырағы
болыңыз, өз əрекеттеріңізді қадағалаңыз
жəне ақыл-оймен жұмыс істеңіз. Шаршаған
немесе есірткі, алкоголь не дəрі-дəрмек
қолданған болсаңыз, электр құралын
қолданбаңыз. Электр құралымен жұмыс
істеу кезінде бір сəтте абайсызда ауыр
жарақат алуыңыз мүмкін.
b Жеке қорғаныс құралдарын қолданыңыз.
Үнемі көзді қорғайтын құралды тағыңыз.
Тиісті жағдайларда қолданылатын шаңнан
қорғау маскасы, сырғанамайтын қорғаныс
аяқ киімдері, каска немесе құлақ қорғанышы
сияқты қорғаныс құралдары жарақат алу
қаупін азайтады.
Қазақша
141