Егер 3D көзілдірігі физикалық тұрғыдан
зақымданса, оны пайдаланбаңыз.
Егер дұрыс істемесе немесе ақаулық байқалса,
3D көзілдірігін пайдалануды бірден тоқтатыңыз.
Егер мұрныңыздың үсті не самайыңыз қызарып,
ауырып, қышитын болса, 3D көзілдірігін
пайдалануды дереу тоқтатыңыз.
Кейбір жағдайларда 3D көзілдірігіне
пайдаланылған материалдар аллергиялық
реакция тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік
шараларын
пайдалану
3D көзілдірігін түсіріп алмаңыз жəне
майыстырмаңыз.
Сұйық кристалдың ысырмасының бетіне қысым
түсірмеңіз немесе сызбаңыз.
3D көзілдірігінің жанында күшті электр
магнитті толқындар шығаратын құрылғыларды
(мысалы, ұялы телефондарды немесе жеке
радиоқабылдағыштар) пайдаланбаңыз, себебі
ол 3D көзілдірігінің дұрыс жұмыс істемеуіне
себеп болуы мүмкін.
3D көзілдірігін көрсетілген пайдалану
температурасының ауқымынан (
пайдаланбаңыз.
Егер бөлме флуоресцентті шаммен (50 Hz)
жарықтандырылып, жарық 3D көзілдірігін
пайдаланған кезде жыпылықтаған сияқты
көрінсе, флуоресцентті шамды өшіріңіз.
Егер 3D көзілдірігі астынан жоғарыдан төмен
қарай немесе артынан алдына қарай киілсе, 3D
мазмұны дұрыс көрінбейді.
3D көзілдірігін 3D бейнеден басқа затты
қарағанда кимеңіз. Дисплейлердің басқа түрлерін
(мысалы, компьютер экрандары, сандық сағаттар
немесе калькуляторлар т.б.) 3D көзілдірігін киген
кезде көру қиын болуы мүмкін.
14-бет) тыс
(жалғасы қарсы бетінде)
5