Cochlear Baha Manual Del Usuario página 34

Ocultar thumbs Ver también para Baha:
Tabla de contenido
Бұл табиғи резеңке латекстен жасалмаған. Оның бір немесе
екі коннектор дискісі және сақтандыру құрылғысы бар, ол Baha
Softband бір затқа ілініп қалса ашылатындай етіп жасалған
(1 сурет).
Baha Softband құрылғысының бір жақты (1 сурет) және екі
жақты (2 сурет) нұсқалары қол жетімді.
Жұмысқа кірісу: Baha Softband құрылғысымен жеткізілген
болса, жұмсақ жастықша(лар)ды дискі(тер)ге жабыстырыңыз (3
сурет) және жүгірткі(лер)ні пайдаланып таспаның ұзындығын
реттеңіз (4 сурет). Екі жақты нұсқаның екі жүгірткісі бар: біреуі
жалпы ұзындығын реттеу үшін, екіншісі дисктер арасындағы
қашықтықты реттеу үшін (4 сурет).
Baha Softband құрылғысын берік, бірақ ыңғайлы етіп орнату
керек (таспаның астына бір саусақ кіре алатындай болуы тиіс).
1. Baha Softband құрылғысының ұзындығын реттеңіз
2. Baha дыбыстық процессор(лар)дың диск(тер)ін жалғаңыз
3. Baha Softband құрылғысын қолданушының басына тағып,
ыңғайлы болатындай реттеңіз. Жақсы жұмыс істеу үшін
диск(тер)ді құлақтың артқы жағына немесе маңдай сияқты
бас сүйектің жалпақ жағына орналастыру керек (5 сурет).
4. Дыбыс процессорын қосыңыз.
Қолданушы Baha SoundArc құрылғысына үйренгенше,
алғашқы бірнеше аптада оны қысқа мерзімге тағуына болады.
Ауырмау үшін жұмсақ жастықша(лар)ды пайдаланыңыз
және күн сайын қолданушының басындағы дисктің орнын
ауыстырып тұрыңыз.
Жуу нұсқаулары: Baha Softband құрылғысын қолмен 40 °C
(104 °F) немесе одан суық суда жууға болады. Жұмсақ сабынды
66
пайдаланыңыз, бірақ мата жұмсартқышын қолданбаңыз.
Кептіру машинасында кептірмеңіз немесе үтіктемеңіз.
Диск(тер)ті кішкентай қылшақпен тазалауға болады. Күшті
химиялық ерітіндіні пайдаланбаңыз.
Ескерту :
• Жуу немесе тазалау алдында дыбыстық процессор(лар) мен
жұмсақ жастықша(лар)ды алыңыз.
• Baha Softband құрылғысын таққан кезде балаларды
қараусыз қалдыруға болмайды және оларды ересектер үнемі
қадағалап отыруы керек.
• Қолданушының импланты бар болса, Baha Softband
құрылғысын жазылу кезеңінде импланттың/абатменттің
үстіне тікелей қоймаңыз, себебі бұл остеоинтеграция
процесіне кедергі келтіруі мүмкін.
• Кез келген тері тітіркенуі байқалса, теріні демалдыру үшін
Baha Softband құрылғысын алып тастаңыз. Тітіркену кетпесе,
есту қабілеті бойынша маманға хабарласыңыз.
Ауыр оқиғалар: ауыр оқиғалар сирек кездеседі,
құрылғыңызбен байланысты ауыр оқиғалар туралы
Cochlear компаниясының өкіліне және егер болса, еліңіздегі
медициналық құрылғы басшылығына хабарлаңыз.
Ескерту:
• Жұмсақ жастықша(лар)ды жайлылық үшін пайдалануға
болады.
• Егер тозған немесе зақымдалған болса, жұмсақ
жастықша(лар)ды ауыстырыңыз.
• Baha Softband құрылғысын ашу немесе жабу үшін ешқашан
сақтандыру құрылғысын пайдаланбаңыз.
67
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido