Sony ODS-L30M Manual De Instrucciones página 189

Ocultar thumbs Ver también para ODS-L30M:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 137
Қазақстан
ЕСКЕРТУ
Өрт шығу немесе ток соғу қаупін азайту
үшін бұл құрылғыны жаңбырдың
астында немесе ылғалды жерде
қалдырмаңыз.
Ток соғуды болдырмау үшін
құрылғының корпусын ашпаңыз.
Жөндеу жұмыстарын білікті мамандар
ғана орындауы тиіс.
БҰЛ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖЕРГЕ ҚОСУ КЕРЕК.
(ODS-L30M/L60E)
Құрылғыны орнатқан кезде, бекітілген электр
схемасына оңай қол жеткізуге болатын ажыратқышты
қосыңыз немесе штепсельді құрылғының жанындағы
оңай қол жеткізуге болатын желілік розеткаға
қосыңыз. Құрылғыны пайдалану кезінде ақау пайда
болса, қуат көзін ажырату үшін ажыратқышты
пайдаланыңыз немесе штепсельді ажыратыңыз.
(ODS-L30M/L60E)
Назар аударыңыз - өнімді сөреге
орнатқанда: (ODS-L30M/L60E/L100E)
1. Тармақ тізбегіне артық жүктеме түсіруді
болдырмау
Осы өнім сөреге орнатылғанда жəне сөредегі
розеткадан қуат берілгенде сөре желілік тізбекке
артық жүктеме түсірмеуін қамтамасыз етіңіз.
2. Қорғағыш жерге тұйықтауды қамтамасыз ету
Осы өнім сөреге орнатылғанда жəне сөредегі
розеткадан қуат берілгенде розетка жарамды
қорғағыш жерге тұйықтау қосылымымен
қамтамасыз етілгенін тексеріңіз.
3. Сөренің ішкі ауа температурасы
Осы өнім сөреге орнатылғанда сөренің ішкі ауа
температурасы осы өнімнің көрсетілген шегінде
екенін тексеріңіз.
4. Біркелкі емес механикалық жүктемеге
байланысты қауіпті жағдайға жетуді
болдырмау
Осы өнім сөреге орнатылғанда біркелкі емес
механикалық жүктемеге байланысты сөренің
қауіпті жағдайға жетпейтінін тексеріңіз.
5. Жабдықты жабдықтың жұмыс температурасын
ескере отырып орнатыңыз
Жабдықтың жұмыс температурасын пайдаланушы
нұсқаулығындағы техникалық сипаттамалардан
қараңыз.
6. Орнатуды орындау кезінде тиісті жылу
шығаруды жəне таратуды алу үшін
қабырғалардан келесі бос орынды сақтаңыз.
Оң, сол: 4 см немесе көбірек
Арты: 10 см немесе көбірек
ЕСКЕРТУ: (ODS-L30M/L60E)
Бұл құрылғыны 120 В-тан басқа кернеуде пайдалану
басқа желілік сымды немесе ашаны, я болмаса, екеуін
де пайдалануды қажет етуі мүмкін. Өрт немесе ток
соғу қаупін азайту үшін қызмет көрсетуді білікті
сервис мамандарына тапсырыңыз.
ЕСКЕРТУ (ODS-L30M/L60E)
1. Мүмкін болса, мақұлданған жəне əр елдің
қауіпсіздік ережелеріне сай Қуат сымын (3-өзекті
желі сымы) / Құрылғы коннекторын / Жерге
тұйықтау түйіспелері бар айыр штепсельді
пайдаланыңыз.
2. Тиісті көрсеткіштерге (Кернеу, ампер) сай Қуат
сымын (3-өзекті желі сымы) / Құрылғы
коннекторын / Айыр штепсельді пайдаланыңыз.
Егер жоғарыдағы Қуат сымын / Құрылғы
коннекторын / Айыр штепсельді пайдалану туралы
сұрақтарыңыз болса, білікті маманға жүгініңіз.
Осы нұсқаулықта анық түрде бекітілмеген кез келген
өзгерту немесе модификация осы жабдықты
пайдалану құқығыңызды жоюы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Бұл A класының өнімі. Тұрмыс ортасында бұл өнім
радио кедергілеріне себеп болуы мүмкін, мұндай
жағдайда пайдаланушы тиісті шараларды қолдануы
қажет болуы мүмкін.
Бұл құрылғыны тұрғын аумақта пайдалануға
болмайды.
Сақтық ескерту (ODS-D77F)
Осы құжатта көрсетілгеннен басқа басқару тетіктерін
немесе реттеулерді пайдалану, я болмаса,
процедураларды орындау қауіпті сəулелену əсеріне
əкелуі мүмкін.
Сақтық ескерту (ODS-D77F)
Осы өніммен бірге оптикалық құралдарды пайдалану
көзге əсер ету қауіпін арттырады.
189
Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Ods-l60eOds-l100eOds-d77f

Tabla de contenido