48
ҚАЗАҚША
Маңызды
Құралды қолданбастан бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып
шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
- Роботты немесе адаптерді суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз.
- Роботты ылғалды едендерде немесе суға тию немесе суға бату қаупі
бар орындарда пайдаланбаңыз.
- Роботтың тұтанғыш заттардың үстінде немесе олардың жанында
жұмыс істеуіне және салқындамаған күлді жинауына болмайды.
- Роботты ванналар сияқты ылғалды орталарда пайдаланбаңыз.
- Роботтың саңылауларына ешбір сұйықтық құймаңыз.
Абайлаңыз!
- Адаптерді қоспас бұрын, адаптерде көрсетілген кернеудің жергілікті
желі кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
- Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан
ажырату керек.
- Адаптер немесе роботтың өзі зақымдалған болса немесе робот
толық жиналмаған болса, роботты пайдаланбаңыз.
- Адаптер зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін оны
тек Philips компаниясы, Philips мақұлдаған қызмет көрсету орталығы
немесе білікті мамандар ауыстыруы керек.
- Қайта зарядталатын батареяны тек түпнұсқалық түрімен ауыстырыңыз.
- Ешқашан роботты өзіңіз жөндеуші болмаңыз.
- Бұл робот тек үйдің ішінде пайдалануға арналған. Сыртқа апаратын
барлық есіктерді жабық ұстаңыз.
- Роботты қауіпті аумақтарда (мысалы, каминдерге, душтарға немесе
бассейндерге жақын) пайдаланбаңыз.
- Бұл робот тек қатты едендерді тазалауға арналған. Жұмсақ
едендерде оның өнімділігі шектеулі болуы мүмкін.
- Бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар және дене,
сезу немесе ақыл-ой қабілеттері төмен, не болмаса тәжірибесі және
білімі жоқ адамдар қадағалаумен немесе құрылғыны қауіпсіз
пайдалануға қатысты нұсқаулар алған және байланысты қауіптерді
түсінген жағдайда пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамауы
керек. Балалар тазалауды және күтуді қадағалаусыз орындамауы керек.
- Үй жануарларын роботтан алыс ұстаңыз. Үй жануарларының
роботқа отыруына немесе оған тұруына болмайды.
- Бос киімді, шашты және дене бөліктерін роботтың щеткаларынан
алыс ұстаңыз.