182 | Қaзақша
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу тогын
күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен жабдықталмаған
электр генераторларынан қуат алса, қосу кезінде қуат
төмендеуі немесе электр құралы әдеттен тыс әрекет етуі
мүмкін.
Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін
жарамдылығын тексеріңіз.
Қосу/өшіру
Электр құралын Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті 3 алға
жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішті 3 орнату үшін қосқыш/өшіргішті 3
алды төменге тірелгенше басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 3 жіберіп
немесе ол бекітілген болса қосқыш/өшіргішті 3 қысқа
артында төмен басып сосын жіберіңіз.
Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар,
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып зақымдарға алып келуі мүмкін.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
ске қосу тогының шектеулері (GWS 1100/GWS 1400)
ске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Тұрақты электроника (GWS 1100/GWS 1400)
Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде
айналымдар санын тұрақты дерлік деңгейде сақтайды
және жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді.
1 609 92A 0E8 | (22.8.13)
Пайдалану нұсқаулары
Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда абайлаңыз,
„Статика туралы нұсқаулар" тарауын қараңыз.
Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
дайындаманы бекітіңіз.
Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз
салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріңіз.
Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Электр құралды абразивті-кесу станинада
пайдаланбаңыз.
Сыдырып тегістеу
Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін
пайдаланбаңыз.
30° – 40° шеңбер бұрышымен сыдырып тегістеу кезінде
ең жақсы нәтижелер алуға болады. Электр құралды
жайлап басып, алға және артқа жылжытыңыз. Бұл кезде
дайындама тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және
арналар пайда болмайды.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңбері
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен (құрал) сонымен
бірге дөңес беттерді және профильдерді де өңдеуге
болады.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберлері әдеттегі тегістеу
шеңберлерімен салыстырғанда ұзағырақ қызмет етеді,
азырақ шу шығарады және тегістеу температурасы азырақ
болады.
Металдарды кесу
Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы 13
пайдаланыңыз.
Тегістеу шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін
дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін
тоқтатпаңыз.
Электр құралды
әрқашан айналу
бағытына кері жүргізу
керек. Әйтпесе
бақылаусыз кесілген
жерден шығу қаупі
туындайды.
Профильдерді немесе
төрт қырлы
құбырларды кесу
кезінде кесуді ең аз
көлденең қимада
бастаңыз.
Bosch Power Tools