Контроллер пайдалану
Мобильді құрылғыға жалғау
Bluetooth функциясын пайдалану туралы ескертулер
Bluetooth — әр түрлі қашықтықтардағы әр түрлі құрылғыларға қосылу үшін 2,4 ГГц
жиілігін пайдаланатын сымсыз технология стандарты. Ол кабельдерді жалғаусыз мобильді
құрылғылар, компьютерлер, принтерлер және басқа сандық үй құрылғылары сияқты басқа
Bluetooth қолдайтын құрылғыларға қосыла және олармен деректер алмаса алады.
• Контроллерді басқа құрылғыға қосқан кезде, ақаулықтардың алдын алу үшін
құрылғыларды бір-біріне жақын орналастырыңыз.
• Контроллер мен екінші Bluetooth құрылғысы ең үлкен Bluetooth ауқымының ішінде
екеніне көз жеткізіңіз. Қашықтық, құрылғылар пайдаланылатын қоршаған ортаға
байланысты өзгере алады.
• Контроллер мен қосылған құрылғы арасында кедергілер, оның ішінде, адам денесі,
қабырға, бұрыш немесе қоршау жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
• Жалғанған құрылғының Bluetooth антеннасына тимеңіз.
• Bluetooth кейбір өндірістік, ғылыми, медициналық және төмен қуатты өнімдермен
бірдей жиілікті пайдаланады және осы өнімдер түрлерінің жанында қосылымдар
орнатқанда кедергілер орын алуы мүмкін.
• Кейбір құрылғылар, әсіресе Bluetooth SIG сынақтан өткізбеген немесе бекітпеген
құрылғылар контроллермен үйлесімді болмауы мүмкін.
• Bluetooth мүмкіндігін заңсыз мақсаттарда пайдаланбаңыз (мысалы, файлдардың
пираттық көшірмелерін жасау немесе коммерциялық мақсаттарда хабарларды заңсыз
түрде алу).
Қазақ тілі
7
7