Қауіпсіздік сақтық шаралары
Бұл бөлімде осы өнімді қауіпсіз жəне тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге
арналған маңызды ақпарат берілген. Осы бөлімді мұқият оқып шығыңыз жəне оны
қол жеткізу оңай жерде сақтаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Егер түтін, əдеттен тыс иіс шықса немесе əдеттегіден тыс шу естілсе,
жабдықты дереу өшіріңіз. Əрі қарай пайдалану өртке əкелуі мүмкін. Дереу жабдықты
розеткадан суырыңыз жəне кеңес алу үшін дилерге немесе Seiko Epson сервистік
орталығына хабарласыңыз.
Осы өнімді жөндеуге ешқашан əрекеттенбеңіз. Дұрыс емес жөндеу жұмымсы қауіпті
болуы мүмкін.
Бұл өнімді ешқашан бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз. Бұл өнімді шұқу жарақатқа
немесе өртке əкелуі мүмкін.
Көрсетілген қуат көзін пайдаланыңыз. Дұрыс емес қуат көзіне қосу өртке əкелуі
мүмкін.
Жабдық ішіне бөгде заттардың түсуіне жол бермеңіз. Бөгде заттардың түсуі
өртке əкелуі мүмкін.
Егер су немесе басқа сұйықтық осы жабдық ішіне төгіліп кетсе, кабельдерді бірден
ажыратыңыз жəне кеңес алу үшін дилерге немесе Seiko Epson сервистік
орталығына хабарласыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Кабельдерді осы нұсқаулықта аталғаннан өзге жолмен жалғамаңыз. Өзге
жолдармен жалғау жабдық зақымына немесе күюге əкелуі мүмкін.
Осы жабдықты қатты, тұрақты, көлденең бетке орнатыңыз. Құласа, өнім бұзылуы
немесе жарақат тигізуі мүмкін.
Жоғары ылғалдылық немесе тозаң деңгейлері бар орындарда пайдаланбаңыз.
Артық ылғалдылық жəне шаң жабдықтың зақымдалуына немесе өртке əкелуі
мүмкін.
Осы өнімнің үстіне ауыр заттар қоймаңыз. Осы өнімге ешқашан тұрмаңыз немесе
сүйенбеңіз. Жабдық құлап немесе шашылып кетуі мүмкін жəне сынып, жарақаттауы
ықтимал.
Бірнеше ұзарту өзегін жалғамаңыз. Егер құрылғы аударылса, зақым немесе жарақат
алу қаупі бар.
Дисплей блогының көлденең бұру бұрышы тоқтатқышпен шектеледі. Дисплей
блогын тоқтатқыш арқылы орнатылған шектен тыс бұру үшін артық күш
қолданбаңыз. Бұлай істеу зақымға əкелуі мүмкін.
Кабельді бекітіп жəне ажыратып жатқанда тұтынушылық дисплейдің қуат
қосқыштары жəне ол қосылған құрылғы өшірулі екенін əрқашан тексеріңіз.
Тұтынушы дисплейін ұстағанда құлатып алмаңыз немесе соқпаңыз, өйткені онда
кірістірілген флюоресценттік дисплей түтігі бар.
Егер осы өнімді ұзақ уақыт бойы пайдаланбасаңыз, қауіпсіздік үшін кабельдерді
əрқашан ажыратыңыз. Егер өнімді жылжытсаңыз, жылжыту алдында барлық
кабельдер ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Осы өнімнің ішіне немесе айналасына құрамында жанғыш газ бар аэрозоль
бүріккіштерін пайдаланбаңыз. Бұл əрекет өртке əкелуі мүмкін.
Шолу
DM-D110/DM-D210 — шағын тұтынушылық дисплей. Қоршаған ортаға сай
сериялық кабельді немесе USB кабелін пайдалануға болады.
74 DM-D110/D210 Пайдаланушы нұсқаулығы