OBJ_BUCH-1663-004.book Page 228 Wednesday, November 23, 2016 10:53 AM
228 | Қaзақша
– Ұзартқышты орнату үшін алдымен бұрыштық оймалы
басты 2 алып қою керек болады. Бұл үшін бұрауышты
берілген қысу орнында 8 бекітуге болады.
– Контрсомынды 4 тиісті аспаппен контрсомындың
ойығына іліп көрсеткі бағытында a (сол жақтық ойық)
бұраңыз.
– Бұрыштық оймалы басты 2 көрсеткі бағытында b бұрап
алып қойыңыз.Контрсомынды 4 көрсеткі бағытында a
қозғалтқыш корпусынан 20 бұраңыз.
– Білікті 22 бұрауыш үшін сай ұзартқышта 21 қозғалтқыш
білікке мотор корпусына 20 орнатып ұзартқышты
мотор корпусында бұрап бекітіңіз. Контрсомынды 4 c
көрсеткі бағытында ұзартқышқа бұрап қойыңыз.
– Білікті 22 ұзартқышта 2 бұрыштық оймалы басты
көрсеткінің b бағытын қарсы қайта бұрап қойыңыз.
Контрсомынды 4 көрсеткі бағытында c бұрап,
бұрыштық оймалы басты бекітіңіз.
Сыртқы төрт қырлы ойықты бас болса аспап
алмастыру (E суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты орнату
– Аспап патронының 1 төрт қырлы басындағы тұтқаға,
мысалы жіңішке бұрауышпен, ішіне басып алмалы-
салмалы аспапты 23 төрт қырлы бас үстінен
жылжытыңыз. Тұтқа алмалы-салмалы аспап ойығына
кіруіне көз жеткізіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
– Тұтқаны алмалы-салмалы аспап 23 ойығының ішіне
басып алмалы-салмалы аспапты аспап патронынан 1
шығарыңыз.
Ішкі алты қырлы бас болса аспап алмастыру
(F суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты орнату
– Алмалы-салмалы аспапты 23 аспап патронының 1 ішкі
алты қырлы ойығына сезімді тірелгенше салыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
– Алмалы-салмалы аспапты 23 аспап патронынен 1
керек болса қысқашпен шығарыңыз.
Жылдам алмастыру патрондық баста аспап
алмастыру (G суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты орнату
Тек сайкес салынатын аяқпен (1/4"-алты қырлы) алмалы-
салмалы аспаптарды пайдаланыңыз.
– Жылдам алмастыру патронының 24 төлкесін алға
тартыңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты 23 аспап патронына 1 салып
жылдам алмастыру патронын жіберіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
– Жылдам алмастыру патронының 24 төлкесін алға
тартыңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты 23 аспап патронынан 1
шығарып жылдам алмастыру патронын жіберіңіз.
1 609 92A 37H | (23.11.16)
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Пневматикалық құрылғы қосылған жағдайда ауа кірісінде
өлшенген 6,3 бар (91 пси) жұмыс қысымында істейді.
Айналу бағытын орнату
0 607 451 60./... 453 62. (H1 суретін қараңыз)
– Оңға айналу: айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын 10 баспаңыз немесе басылған айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын жіберіңіз.
– Солға айналу: Айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын 10 басыңыз.
Күйін бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын 10 бұраңыз.
0 607 452 6.. (H2 суретін қараңыз)
– Оңға айналу: бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын 10 берілген көрсеткі
бағытында солға тірелгенше бұраңыз.
– Солға айналу: бұрандаларды босату немесе бұрап
шығару үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын
10 берілген көрсеткі бағытында оңға тірелгенше
бұраңыз.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 10 тек
электр құралы тоқтағаннан соң пайдаланыңыз.
0 607 457 60. (H3 суретін қараңыз)
– Оңға айналу: Айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын 10 R көрсеткі бағытында тірелгенше
бұраңыз.
– Солға айналу: Айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын 10 L көрсеткі бағытында тірелгенше
бұраңыз.
Қосу/өшіру
Жалпы нұсқаулықтар
Ескертпе: Егер пневматикалық құрал ұзақ уақыт
пайдаланбағаннан соң қосылмаса ауа жетестіруді
тоқтатып аспап патронында 1 қозғалтқышты бірнеше рет
бұраңыз. Осымен тұтасу күштері жойылады.
Егер ауа жетістіру тоқтатылса немесе пайдалану қысымы
азайса, пневматикалық құралды өшіріп пайдалану
қысымын тексеріңіз. Оптималды пайдалану қысымы
жағдайында құралды қайта қосыңыз.
Энергияны үнемдеу үшін пневматикалық құралды
пайдаланарда ғана қосыңыз.
0 607 452 60./... 453 62./... 457 60.
Тіркесім түрі
Пневматикалық құралдарда оңға айналуында
(бұрандаларды бұрап кіргізу/сомындарды тарту) кең
аумақта реттелетін бұрау моментіне байланысты ажырату
тіркесімі бар. Ол орнатылған бұрау моменті жетілгеннен
соң қосылады.
Bosch Power Tools