– Сақтандырғыш таспаны электр құралы сырғыған
жағдайда өзіңізден ары жылжитындай етіп
орналастырыңыз.
Бұрғылау тереңдігін реттеу (D суретін қараңыз)
Қос иін төлкесіндегі (5) бұрғылау тереңдігінің шкаласы
(43) қажетті бұрғылау тереңдігін анықтауға мүмкіндік
береді.
Бұрғылау тереңдігін шкаладағы сызықтарға сәйкес
реттеуге болады. Шағын сызықтардың арасында 1 мм, ал
үлкен сызықтардың арасында 10 мм бар.
Қолданысқа енгізу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Қосу
– Электр құралын орналастырып бекітіңіз.
– Электр құралын іске қосу үшін қозғалтқыш
ажыратқышын (9) "I" күйіне басыңыз.
Нұсқау: электр құралын магнит алдын ала қосылған
болса ғана қосуға болады.
Өшіру
– Электр құралын өшіру үшін қозғалтқыш
ажыратқышын (9) "0" күйіне басыңыз.
– Электр құралы толық тоқтағанша күтіңіз.
– Магнитті өшіру үшін магнит ажыратқышын (20) төмен
қарай басыңыз.
Қайта іске қосылудан қорғаныс
Қайта іске қосылудан қорғаныс ток берілуі үзілгеннен
кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол
бермейді.
– Қайта іске қосу үшін қозғалтқыш ажыратқышын (9) "I"
күйіне басыңыз.
Нұсқау: ток берілуі қалпына келсе, жылыстау тогынан
қорғаныс автоматындағы (15) RESET түймесін басыңыз.
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (15)
индикатор (16) қызыл түспен жанған соң магнит
автоматты түрде қосылады.
Артық жүктемеден қорғаныс
Электр құралы артық жүктемеден қорғаныспен
жабдықталған. Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр
құралына артық жүктеме түспейді. Тым қатты жүктеме
түскен жағдайда, электр құралының электроникасы өшіп
қалады. Магнит белсенді күйде қалады.
– Электр құралын кейін қайта іске қосу үшін қозғалтқыш
ажыратқышын (9) "I" күйіне басыңыз.
Электр құралымен қайтадан жұмыс істемес бұрын
төмендегі қадамдарды орындаңыз:
– Бітелуі мүмкін жерлерді тазартыңыз. Алмалы-салмалы
аспап қысылса, солға айналу функциясын
пайдалануға болмайды.
– Электр құралын шамамен 1 минут ішінде жұмыс
істетіңіз де, ол қайтадан пайдалануға дайын болады.
Bosch Power Tools
Артық жүктеме индикаторы
Артық жүктеме индикаторы (6) қосылған электр
құралына артық жүктеме түскені туралы ескертеді.
Үздіксіз жарық,
артық жүктеме жоқ
жасыл
Үздіксіз жарық, сары ауыр жүктеме
– беріліс жылдамдығын
азайтыңыз
Жыпылықтайтын
өте ауыр жүктеме,
жарық, қызыл
– беріліс жылдамдығын
азайтыңыз немесе
қозғалтқышты өшіріңіз,
әйтпесе артық жүктемеден
қорғаныс іске қосылады
Айналу жиілігін орнату
Жұмысты бастаудан бұрын дұрыс айналу жиілігін
u
орнатыңыз. Айналу жиілігі бұрғы диаметрі мен
бұрғыланатын материалға сай болуы керек. Айналу
жиілігі қате орнатылған болса, электр құралы
зақымдалуы немесе дайындамада тұрып қалуы
мүмкін.
Механикалық берілісті таңдау
Беріліс ауыстырып-қосқышын (19) электр құралы
u
тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (19) арқылы 2 айналу
жиілігінің диапазонын алдын ала таңдауға болады.
I беріліс:
үлкен бұрғы диаметрімен жұмыс істеуге арналған
төменірек айналу жиілігінің диапазоны.
II беріліс:
шағын бұрғы диаметрімен жұмыс істеуге арналған
жоғарырақ айналу жиілігінің диапазоны.
– Құлыптан босату түймесін (18) басып, беріліс
ауыстырып-қосқышын (19) қажетті күйге бұраңыз.
– Беріліс ауыстырып-қосқышы бұрылмаса, алмалы-
салмалы аспапты азғантай бұрап, содан кейін қажетті
күйге ауыстырыңыз.
Айналу жиілігін реттеу
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы
реттегіш (2) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс
барысында да реттеуге болады.
Қажетті айналу жиілігі пайдаланылатын алмалы-салмалы
аспапқа және өңделетін материалға тәуелді. Бұл бұрғылау
кезінде алмалы-салмалы аспаптың қатты қызуына жол
бермейді және жоғары бұрғылау сапасын қамтамасыз
етеді.
Айналу жиілігін алдын ала
таңдау
-1
I беріліс: 50 − 255 мин
Қазақ | 207
Алмалы-салмалы
аспап
Бұрғылау коронкасы
(диаметрі 35 −
50 мм), таңбалауыш
1 609 92A 4S6 | (10.05.2019)