Бұрыштық оймалы бастиекті (3) жалпы сегіз күйге
ауыстыруға болады.
Электр құралын айыр тәрізді кілтпен (6) бұрыш басты
фланецтің кілт жазықтығында (5) мықтап ұстаңыз.
Электр құралын корпус қабығында қысуға
u
болмайды.
Айыр тәрізді кілтпен (4) кілт жазықтығында (16) жаппа
гайканы босатыңыз. Бұрыштық оймалы бастиекті (3)
қалаулы күйге 45°-қа жылжытып, айыр тәрізді кілтпен (4)
кілт жазықтығында (16) жаппа гайканы қайтадан тартып
қойыңыз.
Бұл ретте айыр тәрізді кілтпен (6) бұрыш басты фланецке
тіреп тұрыңыз.
Жарық диодты жұмыс шамын жылжыту (H суретін
қараңыз)
BT-ANGLEEXACT
2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 15 | 17 | 23 | 30
Белгілеу шеңберін (19) жұқа бұрауыш парағымен,
қалақшамен немесе ұқсас затпен басып қойыңыз.
Серіппелі тежегіш сақинаны (29) серіппелі тежегіш
сақина қысқышымен артқа қарай корпус сыртына
жылжытыңыз.
Жарық диодты жұмыс шамын (20) жабатын жарық диоды
ұстағышының (15) екі жартысын да енді қалаулы күйге
келтіруге болады. Жарық диодты жұмыс шамындағы
кабельді зақымдамай, тиісті корпус қабығындағы қуысқа
(30) бүктемей жылжытыңыз. Жарық диодты жұмыс
шамын (20) жарық диоды ұстағышының (15) екі корпус
қабығымен қайтадан жауып қойыңыз.
Серіппелі тежегіш сақинаны (29) және белгілеу шеңберін
(19) қайтадан әдепкі күйіне қайтарыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Электр құралын майлау
Майлағыш:
Беріліс қорабына арналған май (225 мл)
Өнім нөмірі 3 605 430 009
Моликот майы
SAE 10/SAE 20 мотор майы
– Алғашқы 150 жұмыс сағатынан кейін беріліс қорабын
жеңіл еріткішпен тазалаңыз. Еріткіш өндірушісінің
пайдалану және кәдеге жарату нұсқауларын
орындаңыз. Беріліс қорабын беріліс қорабына
арналған Bosch майымен майлаңыз. Алғаш рет
тазалаудан бастап тазалау процедурасын әр 300
жұмыс сағатынан кейін қайталаңыз.
Bosch Power Tools
– Ажырату тіркесімінің жылжымалы бөліктерін 100 000
бұрап бекіту әрекетінен кейін бірнеше тамшы SAE 10/
SAE 20 мотор майымен майлаңыз. Сырланатын және
айналмалы бөліктерді моликот майымен майлаңыз.
Жағдай болғанда тіркесімнің тозған-тозбағанын
тексеріп, қайталанушылық пен дәлдікке әсер
етілмегеніне көз жеткізіңіз. Содан кейін тіркесімнің
айналу моментін қайта орнату қажет.
Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
u
мамандар мен дайындығы бар қызметкерлер
орындауы тиіс. Осылайша электр құралының
қауіпсіздігі сақталады.
Өкілетті Bosch сервистік орталығы бұл жұмыстарды
жылдам және сенімді түрде орындайды.
Майлағыш және тазалағыш заттарды қоршаған
u
орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату қажет.
Заңдық нұсқамаларды орындаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
Қазақ | 239
1 609 92A 5P3 | (06.04.2020)