Kz - Ас Үй Ауа Сорғышы - Gorenje TH60E3X Manual De Instrucciones

Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 42
KZ - АС ҮЙ АУА СОРҒЫШЫ
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың нұсқауларын дəл орындаңыз! Өндіруші осы нұсқаулық
нұсқауларын орындамау салдарынан туындаған ақауларға, залалға жəне өртке жауап бермейді. Аспап үй
жағдайында тама дайындау кезінде пайда болатын түтін мен буды бұру үшін қолданылады.
Аспап осы нұсқаулықтағы суреттерде берілген аспаптан дизайны бойынша өзгеше болуы мүмкін. Бұл
ретте осы нұсқаулықта берілген пайдалану, техникалық қызмет көрсету жəне монтаждау жөніндегі
нұсқауларды орындаңыз.
Нұсқаулықты аспапқа жақын жерде ұстаңыз. Нұсқаулық пен қоса берілетін құжаттамаларды міндетті түрде
!
сақтап қойыңыз. Аспапты жаңа иегерге беру кезінде осы құжаттарды да беруді ұмытпаңыз.
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, өйткені мұнда аспапты монтаждау, пайдалану жəне қауіпсіз қолдану
!
жөніндегі маңызды ақпараттар бар.
Осы аспаптың конструкциясына, электрлік схемасына жəне шығарылған ауаны бұру жүйесіне өзгерістер
!
енгізуге тыйым салынады.
Монтаждауды бастамас бұрын аспапты бұзылулардың жоқтығына тексеріп алыңыз. Бұзылуларды анықтаған
!
кезде аспапты орнатпаңыз жəне аспапты сатып алған дүкенге жүгініңіз.
Ескертпе. Жұлдызшамен «(*)» белгіленген керек-жарақтар кейбір модельдерде ғана жабдықтың жиынтығына
кіреді. Қаласаңыз керек-жарақтарды қосымша жабдық ретінде сатып алуға болады.
Назар аударыңыз!
ЕСКЕРТУ! Монтаждау толықтай аяқталмайынша аспапты электр желісіне жалғамаңыз.
Тазалау мен қызмет көрсетуді бастамас бұрын ауа сорғыны байланыстырғыш кабель ашасын розеткадан ажырату
немесе сақтандырғышты сөндіру арқылы электр желісінен ажыратыңыз.
Монтаждау жəне қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау кезінде қорғайтын қолғап киіңіз.
Аспапты балаларға, физикалық, қозғалу жəне психикалық қабілеттері шектелген адамдарға, сонымен қатар оны
қолдану үшін жеткілікті тəжірибесі мен білімі жоқ адамдарға тек біреудің қарауымен немесе егер оларды олардың
қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлға аспапты қолдануды үйреткен жағдайда ғана осы аспапты қолдануға рұқсат
етіледі.
Аспап ересектердің қолдануына арналған. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Аспап ересектердің қолдануына арналған. Балаларға басқару элементтерімен жəне аспаптың өзімен ойнауға
рұқсат етпеңіз.
Егер тор дұрыс орнатылмаған болса, аспапты қолданбаңыз.
Егер бұл жеке келісілмеген болса, ауа сорғыны тірек жазықтығы ретінде қолдануға ҚАТАҢ тыйым салынады.
Егер бөлмеге ауа сорғыдан басқа газбен немесе басқа да отынмен жұмыс жасайтын аспаптар орнатылған болса,
оны жеткілікті желдетуді қамтамасыз етіңіз.
Ауа сорғының ауасын газбен немесе басқа да отынмен жұмыс жасайтын аспаптардың желдету каналдары арқылы
шығаруға болмайды.
Сорғы астында ашық отпен дайындауға жəне отпен шарпуға ҚАТАҢ тыйым салынады.
Ашық отты қолдану сүзгілердің бүлінуіне немесе жануына алып келуі мүмкін, сондықтан кез келген жағдайда
мұның алдын алыңыз.
Тағамды қараусыз қуыруға тыйым салынады, өйткені май қызып кетуі жəне өртенуі мүмкін. Сорғының астында
орналасқан пісіру аспабының жұмысы кезінде ауа сорғының қол жетімді бөліктері қызуы мүмкін.
Шығарылған ауаны бұру саласындағы жергілікті уəкілетті органдардың ескертулері мен қауіпсіздік жөніндегі
нұсқауларын мұқият орындаңыз.
Аспаптың ішкі жəне сыртқы беттерін жүйелі түрде тазалап тұрыңыз (АЙЫНА БІР РЕТТЕН ЖИІ ЕМЕС)
Аспапты тазалау, сонымен қатар сүзгілерді тазалау жəне ауыстыру бойынша нұсқауларды орындамау өртке себеп
болуы мүмкін.
Шамдары дұрыс орнатылмаған ауа сорғыны қолдануға жəне қалдыруға тыйым салынады, өйткені бұл электр
тоғынан зақым алуға алып келуі мүмкін.
77
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido