Осы ескертпелерде берілген діріл көлемі нормалық
өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр
құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы
мүмкін. Ол дірілдеу қуатын шамалап өлшеу үшін де
жарамды.
Берілген діріл көлемі электр құралының негізгі
жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа
жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен
немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу
көлемдері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы діріл
қуатын арттыруы мүмкін.
Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және
қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру
қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты
төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бүріккіш пистолет пен негізгі аспап толық және
u
барлық тығыздауыш элементтерімен жиналғанын
қамтамасыз етіңіз. Тек осылай бүріккіш жүйенің
жұмысы мен сенімділігі қамтамасыз етіледі.
Ауа шлангісін жалғау (A1–A2 суреттерін
қараңыз)
Негізгі құрал қосқышы
– Ауа шлангісінің найзалы құлпын (18) көрсеткі
белгілеріне сай реттеп, негізгі құралдың (24)
қосқышының тесіктеріне салыңыз.
– Найзалы құлыпты сағат тілімен шірек айналым
бұраңыз.
Бүріккіш пистолетке қосу:
– Ауа шлангісінің екінші найзалы құлпын (18) көрсеткі
белгілеріне сай реттеп, бүріккіш пистолеттің (4)
қосқышының тесіктеріне салыңыз.
– Найзалы құлыпты сағат тілімен шірек айналым
бұраңыз.
Ескертпе: Бүрку материалын толтырудан алдын ауа
шлангісін (17) алып қойыңыз (найзалы құлыпты (18)
шірек айналымға сағат тіліне қарсы; найзалы құлыпты
(18) қосқыштан (4) тарту).
Иық белдігін бекіту (B суретін қараңыз)
Өңделетін барлық жазықтықтар қолжетімді және икемді
болуы үшін, негізгі блокқа иық белдігін (22) тағуға
болады.
– Әр ілмекке (25) бір белдік ұшын іліңіз.
Bosch Power Tools
Саптама қалпағын алмастыру (PFS 2000) (C
суретін қараңыз)
Ескертпе: саптама қалпағын таңдаудан бұрын бүрку
материалын араластырып тексеріңіз. Сұйық материалды
(мысалы, ағаш бояуы) немесе сұйылтылған материалды
сұр түсті саптама қалпағымен (8) тозаңдатқан жөн. Қою
материалды (мысалы, ағаш лагы немесе қабырға бояуы)
ақ түсті саптама қалпағымен (9) тозаңдатқан жөн.
– Саптама қалпағын алмастыру үшін жаппа гайканы (3)
бұрап шығарыңыз.
– Ауа қақпағын (2) және тығыздауыш шайбаны (11)
тартып шығарыңыз.
– Орнатылған саптама қалпағын бұрап алыңыз.
Бұл ретте тығыздауыш сақина (10) саптама
қалпағында қалғанына көз жеткізіңіз.
– Қажетті саптама қалпағын бүріккіш пистолеттегі ирек
оймаға бұрап кіргізіңіз.
– Ауа қақпағын (2) тығыздауыш шайбамен (11) саптама
қалпағына салып, жаппа гайкамен (3) бұрап бекітіңіз.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жұмыс істеуге дайындық
Суға жақын жерде немесе тікелей әсер ететін
u
жайға жақын жерде бүрку жұмысын орындау
мүмкін емес.
Бояуларды, лактарды және бүрку материалын сатып
алуда қоршаған ортаға әсерін ескеріңіз.
Бүрку аймағын дайындаңыз
Бүркілетін жерлер таза, құрғақ және майсыз болуы
қажет.
– Тегіс аймақтарды бұдырлап сосын ажаргау шаңын
алып тастаңыз.
Ішкі бөлмелерде пайдаланған кезде қапталмаған беттер
бүріккіш тұман арқылы ластануы мүмкін. Сол үшін
бүркілетін аймақтың қоршауын әбден дайындаңыз:
– Еденді, интерьер заттарын, есік, терезе және есік пен
терезе рамаларын және т.б. қаптаңыз немесе
жабыстырып шығыңыз.
Бүрку материалын дайындау
– Бұрку материалын әбден араластырыңыз.
– Керек болса бүріккіш материалды сұйылтыңыз.
Қазақ | 167
1 609 92A 58F | (12.11.2019)