OBJ_BUCH-2203-003.book Page 112 Monday, August 22, 2016 9:16 AM
112 | Қaзақша
Қайта қозғалу сақтағышы
Кездейсоқ қосылудан қорғау қуатпен қамтудағы үзілістен
кейін электр құралдың бақылаусыз іске қосылуын
болдырмайды.
Қайта іске қосу үшін „RESET" пернесін авариялық тоқ
қорғағыш өшіргішінде (PRCD) 2 басыңыз.
Қосқыш/өшіргішті 3 өшірілген күйге келтіріп, электр
құралын қайта қосыңыз.
Айналымдар санын таңдау
Берілісті ауыстыру иінтірегімен 6 үш айналымдар санын
алдын ала талдау мүмкін.
Берілістер төмендегі бұрғылау диаметрлері үшін
ұсынылады:
1-беріліс
165–350 мм
2-беріліс
80–160 мм
3-беріліс
55–105 мм
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бұрғылау үшін бекіткіш тежегішті 5 босатыңыз. Тіректің
айналатын крестін 4 қатты ұстап бұрғылайтын білдектің
сырғнауының алдын аласыз (бұрғылау тіреуінің
пайдалану нұсқаулығы).
1-ші берілісте кіші айналымдар санымен бұрғылаңыз,
бұрғылау коронкасы дірілдеусіз заттекте бұралғанша.
Сосын керек болса, 2-ші немесе 3-ші беріліске өтіңіз.
Бұрғылаудағы басу қысымын бұрғыланатын заттекке
сәйкестендіріңіз. Бір қалыпты қысыммен бұрғылаңыз.
Кейбір уақытта бұрғылау коронкасын тесіктен
шығарыңыз, онда бұрғылау ластарын алмас
бөлшектерден алып қою мүмкін.
Қорғауыш жалғастырғыш
Бұрғылау коронкасы қысылса немесе ілінсе бұрғылау
шпинделіне беріліс тоқтатылады. Бұл жағдайда электр
құралын өшіріңіз, осылай тозу және қызып кетудің алдын
аласыз.
Бұрғылау коронкасын тиісті айыр тәрізді кілтпен оңға
және солға бұрап бекітіңіз. Электр құралын аспаптан
тесіктен абайлап тартып алыңыз.
Артық жүктеу қорғанысы
Артық жүктелу шегі өтілсе, онда электр құралы қатты
дірілдей бастайды. Басу қысымын электр құралы қалыпты
істегенше кішірейтіңіз.
Басу қысымы кішірейтілмесе электр құралы өшеді. Сосын
электр құралын дереу қосу мүмкін, бірақ кішірек басы
қысымымен жұмыс істеу тиіс болады.
1 609 92A 3AA | (22.8.16)
Кернді алып қою
Бұрғылаудан соң суды аз ағызып, бұрғылау коронкасы
мен керн арасындағы бұрғылау қалдығын шайып
жіберіңіз.
Егер керн бұрғылау коронкасында қатты орнатылған
болса, онда жұмсақ ағаш немесе пластик бөлшекпен
бұрғылау коронкасына қағып кернді босатыңыз. Керек
болса, шаңды кернді коронканың соң жағынан басып
шығарыңыз.
Ескертпе: Бұрғылау коронкасына қатты заттармен
қақпаңыз (деформациялану қауіпі)!
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Бұрғылау шпинделін 10 жұмысты аяқтағаннан соң
тазалаңыз. Кейбір уақытта бұрғылау шпинделі мен
бұрғылау коронкасына 9 тот басудан қорғау құралын
бүркіңіз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Қосымша бөлшектер/Қосалқы бөлшектер
Алмастық бұрғылау тірегі GCR 350 . . . . . . 0 601 190 200
Суды жинау сақинасы (GCR 350) . . . . . . . . 2 608 550 620
Суды жинау сақинасының тығыздау
қақпағы (GCR 350) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2 609 390 391
Бекіту жинағы:
– бетон үшін . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2 608 002 000
– тас үшін . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2 607 000 745
Бетон үшін дюбельдер жинағы . . . . . . . . . . 2 608 002 001
Вакуумдық жинақ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2 608 550 623
Вакуумдық жинақ үшін тығыздауыш
резеңке (GCR 350) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2 608 550 626
Bosch Power Tools