Dremel 7020 Traducción De Las Instrucciones Originales página 178

Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 83
сыртқы қабықшасы қатты болып келеді және сезімтал емес, себебі оның жүйке
ұштары жоқ. Тырнақтың өзегі сезімтал аймақ болып табылады. Ол өте кішкентай
қантамырлар мен жүйке ұштарынан тұрады және өте сезімтал болып табылады.
Сезімтал аймақ – тырнақты "қоректендіретін" қантамыр. Тырнақ алған кезде
сезімтал аймақты кесіп алсаңыз, тырнақтан қан аға бастайды.
Ашық түсті тырнақ әдетте айтарлықтай мөлдір болғандықтан сезімтал аймақтың
алқызыл өзегін көруге мүмкіндік береді. Тырнақ қара түсті болса, сезімтал
аймақтың орналасқан жерін көре алмауыңыз мүмкін. Үй жануарларының ашық
түсті де, қара түсті де тырнағы болуы мүмкін, бұл сезімтал аймақтың ұзындығын
шамамен анықтауға мүмкіндік береді.
9-суретте үй жануарының тырнағын алу үшін қажетті бұрыш та шамамен
көрсетілген. Тәжірибелік ереже бойынша дұрыс бұрыш табанның астыңғы
жағынан жоғары қарай 45 градус құрайды.
ТЫРНАҚҚА КҮТІМ КӨРСЕТУ
! Ешқашан құралды саптамасынан ұстамаңыз. Құралды саптамасынан
ұстаған жағдайда, ол абайсыздан сырғанап кетіп, бақылаудың жоғалуына
апарып соғуы мүмкін.
Үй жануарының табанын тырнақ зімпаралы дөңгелекке (V) жақын, бірақ тиіп
тұрмайтындай етіп көлбеу бетке (Q) қойыңыз.
Ажыратқышты (B) "LO" (1) күйіне (шамамен 6500 айн/мин-қа тең) жылжыту
арқылы құралды қосыңыз. Өзіңіз бен итіңіз үшін қолайлы болса, "HI" жылдамдық
параметрін де пайдалануға болады.
Саусақ пен тырнақты бір қолмен сүйемелдеп, екінші қолмен айналмалы құралды
пайдаланыңыз. Мұндай тәсіл табанға түсетін дірілді азайтатындықтан үй
жануарыңыз үшін қолайлы болады.
Табан жастықшасының астыңғы жағын ақырындап басу арқылы тырнақ сәл
шығарылып, күтім көрсету жеңілдетіледі.
Айналмалы құралдың жылдамдығына негізделіп жұмыс істеу маңызды; ешқашан
зімпаралы дөңгелек айналып тұрғанда тырнаққа қысым қолданбаңыз. Қысым
қолданған жағдайда тырнақ қатты қызып, үй жануарыңыз қолайсыздық сезінуі
мүмкін.
Айналмалы зімпаралы дөңгелекті бір ретте тырнаққа үш секундтан артық тигізуге
болмайды.
Бір ретте бір тырнақты аяқтаудың орнына бір табандағы әр тырнақты бір-бірден
қысқа мерзімде кесіп, әрекетті бірнеше рет қайталаған жөн. Осылайша әр
тырнаққа суып кетуге уақыт беріледі. Осы процедураны қажетінше қайталауға
болады.
Тырнақты үй жануарыңыз жүргенде тырнағы жерге сәл тиетіндей етіп алыңыз.
Ажыратқышты (B) "OFF" (0) күйіне жылжыту арқылы құралды өшіріңіз.
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР
Кейбір жануарлар құралды көрген кезде абыржуы мүмкін, сондықтан
жануарыңызды ұстап тұрған жөн. Пайдаланушыға тырнақ алу үшін екі қолын
да пайдалану қажет болады, сондықтан жануарыңызды ұстап қалу үшін екінші
адамның көмегіне жүгіну қажет болуы мүмкін.
Айналмалы құралда абайсыздан жүн тұрып қалған жағдайда, құралды
бірден өшіріп қойыңыз және жүнді құралдан тарқатып шығарыңыз. Жүні
ұзын үй жануарлары үшін, үй жануарының саусағын, табанын және аяғын жауып,
тырнақты оқшаулау үшін ескі шұлық қолданыңыз. Тырнақты алу үшін, оны
шұлықтың ұшындағы шағын тесік арқылы өткізіңіз.
Қан аққан жағдайда уылдырғыш ұнтақты қолыңызға жақын жерде ұстаңыз.
Уылдырғыш ұнтақты үй жануарларына арналған дүкендердің көпшілігінен
сатып алуға болады. Қаптамадағы тиісінше пайдалану бойынша нұсқауларды
ұстаныңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
ОҚЫС ОҚИҒАЛАРДЫ БОЛДЫРМАУ ҮШІН, ТАЗАЛАУ АЛДЫНДА
!
ҚҰРАЛДЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЗАРЯДТАУШЫ ҚҰРАЛДЫ ӘРҚАШАНДА ҚУАТ
КӨЗІНЕН АЖЫРАТЫҢЫЗ
Құрал сығылған құрғақ ауамен өте жақсы тазарады. Құралдарды сығылған
ауамен тазалаған кезде әрқашан да қауіпсіздік көзілдіріктерін тағыңыз.
Желдету саңылаулары және қосқыш иінтіректері бөгде заттардан таза және бос
болу қажет. Үшкір заттарды саңылауға кіргізу арқылы құралды тазаламаңыз.
Тырнақтан қалған шаңды немесе қоқысты тазарту қажет болғанда тырнаққа күтім
көрсету саптамасын құралдан шығарып алыңыз.
A q
178
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido