гайкасындағы (D) саңылауға итеріңіз. Бұл цанганың (E) цанга гайкасынан
шығып қалуына әкелуі мүмкін.
Цанганы (E) білікке (G) орналастыру және цанга гайкасын (D) цанга үстінен сағат
тілінің бағытымен бұрап, білікке (G) қайта бекіту арқылы қайта құрастырыңыз.
ЗІМПАРАЛЫ ДӨҢГЕЛЕКТІ ОРНАТУ
Серіппелі төлкені (T) бір қолмен құралға қарай ТӨМЕН тартыңыз да, ұстап
тұрыңыз.
Басқа қолмен біліктегі жалғағыш бетті (U) зімпаралы дөңгелектің (V) астындағы
жалғағыш бетпен (W) туралаңыз.
Зімпаралы дөңгелекті білікке жалғағыш беттен (U) сәл төмен орналастырып,
жалғағыш бет (W) төлкемен (T) тура тұрғанша 90 градусқа бұраңыз.
Төлкені (T) босатыңыз. Зімпаралы дөңгелек (V) орнында құлыптануы тиіс.
! Зімпаралы дөңгелектің білікте дұрыс орналаспауы дене жарақатын алуға
немесе мүліктің зақымдалуына апарып соғуы мүмкін.
Дұрыс орналасқанын тексеру үшін, білікті құлыптау түймесін (A) ұстап тұрып,
зімпаралы дөңгелекті (V) бұраңыз. Зімпаралы дөңгелек (V) білікте айнала
алмайды.
Зімпаралы дөңгелекті шығарып алу үшін, серіппелі төлкені (T) бір қолмен құралға
қарай ТӨМЕН тартыңыз, төлкені (T) ұстап тұрып, зімпаралы дөңгелекті (V) 90
градусқа бұраңыз және зімпаралы дөңгелекті шығарыңыз.
ТЫРНАҚТЫ ҚОРҒАЙТЫН САПТАМАНЫ БЕКІТУ
! Саптаманы орнату алдында білік пен зімпаралы дөңгелектің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
1. Тазалағыш қалпақшаны (K) саптамадан ажыратыңыз, ол үшін тазалағыш
қалпақшаның ішіндегі шағын шығыңқы жерлерді (O) бағытталған саңылауға
жеткенше биіктікті реттеу науасының (P) бойымен жылжытыңыз.
2. Қысқышты (L) алып құлыптан босатыңыз.
3. Саптаманы ашыңыз.
4. Саптаманы құралдың ойылған ұштығына кигізіп, қысқыш (L) толықтай
кіргенше саптаманы жауып қойыңыз.
5. Бүкіл саптаманы (J) ойылған ұштыққа бұрап орнату үшін сағат тілінің
бағытымен бұраңыз (пайдалану барысында саптаманың ауытқып кетуіне жол
бермеу үшін, оның нық бекітілгеніне көз жеткізіңіз).
Тазалағыш қалпақты (K) қайтадан бекітіңіз (1-қадамды жай ғана кері реттілікпен
орындаңыз).
Тазалағыш қалпақты шағын шығыңқы жерлер саптамадағы науаның (P) шетіне
дейін ("3" нөмірінен кейін) толықтай кіргенше бұраңыз. Толық орнатылғанда
қалпақтың шерту дыбысы естіледі.
Тазалағыш қалпақты бағыттауыштардан сыртқа итермеңіз.
ЖҰМЫСҚА КІРІСУ
Жануардың тырнағына алғаш рет күтім көрсету жануар үшін де, оның иесі үшін
де күрделі іс болуы мүмкін.
Тырнаққа күтім көрсетуді жас шағында бастап, оны жүйелі процедураға
айналдыру үй жануарыңыздың осы тәжірибеге әдеттеніп өсуіне жол береді.
Біріншіден, үй жануарыңызға айналмалы құралды қолданбас бұрын оны
табанын ұстаған және тазартқан кезде еркін сезілуіне үйретіңіз. Мұны жүзеге
асыру үшін жақсы бір әдіс – күніне кемінде бір рет аяқтарын, табандарын және
саусақтарын бірнеше минут ішінде уқалау. Сонан соң үй жануарыңызға сүйікті
азығын беру арқылы осы тәжірибемен жағымды байланыс тудырыңыз.
Содан кейін, үй жануарыңызға айналмалы құралға үйретілген қалпында өсуіне
көмектесіңіз. Құрал өшіру тұранда үй жануарыңызға оны иіскелеуге беріңіз.
Содан кейін құралды қолыңызда ұстап тұрып, үй жануарыңызға қосылған
құралдың дыбысын тыңдауға беріңіз.
Айналмалы зімпаралы дөңгелекті үй жануарыңыздың тырнағына біртіндеп
жақындатыңыз да, бір секундтан кем уақытқа тигізіңіз. Әзірше тырнағын
тегістемеңіз; жай ғана үй жануарыңызды құралмен таныстырыңыз. Әдеттену
барысында үй жануарыңызды ынталандыру мақсатымен жақсы тәртіп көрсеткені
үшін азық беріп тұрыңыз. Осы процесс бірнеше күн не аптаға созылуы мүмкін.
ТЫРНАҚ АНАТОМИЯСЫ
Үй жануарыңыздың тырнағын алу алдында сезімтал аймақты анықтауыңыз қажет.
9-суретте үй жануары тырнағының негізгі анатомиясы көрсетілген. Тырнақтың
7
ПАЙДАЛАНУ
9
177
8