Сақтандырулар мен кеңестер
KZ
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына
сай өңделіп шығарылған. Төмендегі ескертулер
қауіпсіздік ережелерін ескерту мақсатында берілген
және оны мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
• Бұл бұйым үй шарттарында кәсіби емес тұрғыда
пайдалануға арналған.
• Бұйымды көшеге, бастырма астында орнатуға тыйым
салынады, өйткені оған жаңбыр және нажағайдың
әсері өте қауіпті болып саналады.
• Бұйымның орнын ауыстыру үшін оның бүйіріндегі
арнайы ұстағыштарды пайдаланыңыз.
• Бұйымға су қолмен, жалаңаяқ немесе дымқыл аяқпен
жақындамаңыз.
• Бұйым тағамдық өнімдерді дайындауға арналған,
оны осы техникалық нұсқаулықта көрсетілген
ережелерге сәйкес тек ересек адамдар ғана
пайдалана алады. Оны басқа кез келген нәрсеге
пайдалану (мысалы, тұрғылықты жерді қыздыру
үшін ) қауіпті болып саналады. өндіруші бұйымды өз
мақсатына пайдаланбаудан туындаған залал үшін
жауапкершілік алмайды.
• Бұйымды пайдалану процесінде ыситын элементтер
және духовка шкафы есігінің кейбір бөліктері қатты
ысиды. Осы бөліктермен жұмыс барысында сақ болу
керек және балалардың духовкаға жақындамауын
қадағалаған дұрыс.
• Басқа тұрмыстық электрожабдықтардың электр қуаты
өткізгіштерімен, бұйымның ыстық бөліктерімен жақын
байланысқа түспеңіз.
• Желдеткіш торларды және ыстықты басатын
тесіктерді жаппаңыз.
• Есіктің ортасындағы тұтқасын ұстаңыз: оның шеті
ыстық болуы мүмкін.
• Үнемі асүйге арналған қолғапты духовкадан асты
алғанда және оған салғанда киіңіз.
• Бұйым пайдаланылмағанда, тұтқалары «о»
жағдайында болуын ылғи тексеріңіз.
• Бұйымның вилкасын тоқ көзінен суыру үшін желі
шнурынан тартпаңыз, вилканың өзінен ұстап
суырыңыз.
• Бұйымның тазалау немесе техникалық жұмыстар
жасау үшін штепсельді вилканы тоқ көзінен суырыңыз.
• Ж ө н д е л м е й т і н ж а ғ д а й д а , б ұ й ы м н ы ң і ш к і
мехнанизмдерін өз бетінше жөндеу жұмыстарын
жүргізу үшін ашуға тыйым салынады. Техникалық
қызмет көрсету орталықтарына хабарласыңыздар
• Духовка шкафының ашық тұрған есігіне ауыр
заттарды қоймаңыз.
• Жабдықты физикалық, сенсорлық және ақыл-есі
кем адамдар (с.қ. балалар), сонымен қатар осы
нұсқаулықпен таныспаған тұлғалар пайдалануға
болмайды. Олардың бұйымды пайдалануына тек
егер олардың қауіпсіздігіне жауапты және осы
нұсқаулықпен танысқан тұлғаларға ғана рұқсат
етіледі.
• Балаларға жабдықпен ойнауға жол бермеңіздер.
70
Жою
• Орайтын заттарды жою: орайтын заттарды қайта
өңдеу бойынша жергілікті нормативтерді сақтаңыз.
• Электронды және электрлі электрожабдықтарын қайта
өңдеу бойынша 2012/19СЕ Еуропалық Директивке
сәйкес электрожабдықтар кәдімгі қала қоқысымен
бірге лақтырылмауы керек. Пайдалануға жарамсыз
заттар оларды құрайтын материалдарды қайта
өңдейді және рекуперациялауды оңтайландыру,
сонымен қатар қоршаған ортаның және денсаулық
қауіпсіздігі үшін бөлек жиналуы керек. Барлық
жабдықтардағы қоқыс себетін өшірген белгі, олардың
бөлек қайта өңделетіндігін көрсететін белгі. Тұрмыстық
электрожабдықтарын дұрыс қайта өңдеу туралы нақты
ақпаратты алу үшін тұтынушылар арнайы мемлекеттік
ұйымдарға немесе дүкенге хабарласуы керек.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
• Егер сіз духовка шкафын кештен таңертеңге дейін
пайдаланған болсаңыз, бұл электростанциялардағы
электроэнергияны тұтыну жүктемесін қысқартуға
жағдай жасайды.
• ГРИЛ және ҚЫЗАРТУ тәртібі бойынша пісіргенде ылғи
да жабық есікпен жұмыс істеу ұсынылады: бұл электр
қуатын айтарлықтай үнемдеу (шамамен 10%), сонымен
қатар дайындаудың жақсы нәтижелері үшін қажет.
• Тығыздауды дұрыс және таза күйінде сақтаңыз, олар
есікке тығыз жатуын және жылу шығармайтынын
тексеріп алыңыз.
! Бұл бұйым электр қуатын үнемдеу бойынша Еуропа
Директивасы талаптарына сай жасалған. Егер екі
минуттан артық ешқандай әрекет болмаса, духовка
автоматты түрде электр үнемдеу жүйесіне көшеді.
Энергияны үнемдеу тәртібі «САҒАТ символы» арқылы
әлсіз түспен көрінеді. Бұйымның басқармасын
пайдаланғанда ол бірден жойылады.
Күтім және пайдалану
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
• Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер және резеңке тығыздағыштар салқын
малынып, түссіз сабын жағылған гу бк амен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды немесе
таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
• Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы кезінде
мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен тазартқышты
пайдаланыңыз, одан кейін шайып, жұмсақ шүберекпен
құрғатып сүртіңіз. Қырғыш заттарды пайдаланбаңыз.
• Сырғымалы тартпалардан басқа барлық керек-
жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылуы мүмкін,
тіпті оларды ыдыс жуғыш машинаға жууға болады.