OBJ_BUCH-1417-003.book Page 104 Thursday, February 26, 2015 10:30 AM
104 | Қaзақша
Сәйкестік мәлімдемесі
Жеке жауапкершілікпен біз „Техникалық мәліметтер" де
сипатталған өнімнің 2011/65/EU, 2016 жыл 19 сәуіріне
дейін: 2014/108/EC, 2016 жыл 20 сәуірінен соң
2014/30/EU, 2006/42/EC ережелеріндегі барлық тиісті
анықтамаларына өзгерістері менен бірге сәйкес екенін
және төмендегі нормаларға сай екенін кепілдендіреміз:
EN 60745-1.
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch GmbH, PT/ETM9,
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Henk Becker
Helmut Heinzelmann
Executive Vice President
Head of Product Certification
Engineering
PT/ETM9
Robert Bosch GmbH, Power Tools Division
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Leinfelden, 06.02.2015
Жинау
Аккумуляторды зарядтау
Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау
құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау
құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Ескертпе: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын қамтамасыз
ету үшін пайдалану алдында аккумуляторды зарядтау
құрылғысында толығымен зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Аккумулятор зарядталу күйі индикаторы
Аккумулятор зарядталу күйі индикаторының 9 үш жасыл
жарық диоды аккумулятор 6 зарядталу күйін көрсетеді.
Қауіпсіздік салдарынан зарядталу күйін сұрау тек электр
құралын тоқтатып орындау мүмкін.
Зарядтау күйін көрсету үшін өшірілген электр құралда 8
пернесін басып ұстаңыз.
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 3 x жасыл
Үздіксіз жарық 2 x жасыл
Үздіксіз жарық 1 x жасыл
Жыпылықтайтын жарық 1 x жасыл
Аккумуляторды шешу (А суретін қараңыз)
Аккумуляторды шығару үшін 6 аккумуляторды босату
түймесін 7 басыңыз және аккумуляторды электр құралдан
артқа шығарыңыз. Тартқан кезде күш салмаңыз.
1 609 92A 15T | (26.2.15)
Жұмыс құралын ауыстыру
(B1–B2 суреттерін қараңыз)
Кесу пышағы жұмыс істегенде қызуы мүмкін.
Шығарудан алдын кесу пышағын суытыңыз.
– Домалатпа бұранданы 1 босатып қорғау тақтасын 3
толығымен жоғарыға орнатыңыз.
– Бұрауыш көмегімен кесу пышағын 10 кесу пышағының
тесігі ашылғанша бұраңыз.
– Жұқа, тұрақты затты (мысалы, шеге) ашық тесікке кесу
пышағын бұғаттау үшін салыңыз.
– Пышақ бекіткіш 11 бұранданы бұрау бағытында
босатыңыз.
– Кесу пышағын бұғаттау үшін пайдаланған затты алып
қойыңыз.
– Кесетін пышақты 10 аз көтеріп төменге шығарыңыз.
– Жаңа кесетін пышақты ажарланған шетін сыртқа
қаратып аспап патронына салыңыз.
Кесетін пышақ аспап патронына тірелгеніне көз
жеткізіңіз.
– Пышақ бекіткіш 11 бұранданы бұрау бағытында
қайта бұрап бекітіңіз.
– Қорғау тақтасын 3 кесілетін материал қалыңдығына
қайта реттеп, домалатпа бұранданы 1 қайта бұрап
қойыңыз.
Пайдалану
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Тек электр құралыңыздың зауыттық
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық
Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану
жарақаттану және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Ескертпе: Электр құралыңызға арналмаған
аккумуляторды пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе
электр құралының зақымдануына алып келуі мүмкін.
Зарядталған аккумуляторды 6 разъемға бекітілгенін және
разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше салыңыз.
Қуаты
Қосу/өшіру
2/3
Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті 4 алға
1/3
жылжытып қосқышты „I" көзге түсетін қылыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 4 „0"
<1/3
қосқышы көрінгеніше артқа жылжытыңыз.
Резерв
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Литий-иондық аккумулятор „Electronic Cell Protection
(ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Bosch Power Tools