6.1
Бүйірлік тұтқышты орнату
▶ Бүйірлік тұтқышты алдын ала белгіленген бұрандалы төлкеге бұрап бекітіңіз.
6.2
Қорғауыш қаптама немесе жапсырмасы бар қорғауыш қаптама
6.2.1
Қорғауыш қаптаманы немесе жапсырмасы бар қорғауыш қаптаманы орнату
Қорғауыш қаптамадағы кодтау тек қана бұйым үшін жарамды қорғауыш қаптаманың орнатылуын
қамтамасыз етеді. Оған қоса кодтау қалқаны қорғауыш қаптаманың құралға құлауына жол
бермейді.
1. Қыспа иінтіректі бұғаттаудан шығарыңыз.
2. Кодтау қалқаны бар қорғауыш қаптама аспап бастиегінің шпиндель мойнындағы ойыққа орнатыңыз.
3. Қорғауыш қаптаманы қажет күйге бұрыңыз.
4. Қорғауыш қаптаманы бекіту үшін қыспа иінтіректі бұғаттаңыз.
Қорғауыш қаптама орнату бұрандасының көмегімен керек диаметрге сай реттеліп қойылған.
Егер қорғауыш қаптама орнатылған кезде қысу тым әлсіз болса, оны орнату бұрандасын
бұрап күшейтуге болады.
6.2.2
Қорғауыш қаптама немесе жапсырмасы бар қорғауыш қаптаманың орнын ауыстыру
1. Қыспа иінтіректі бұғаттаудан шығарыңыз.
2. Қорғауыш қаптаманы қажет күйге бұрыңыз.
3. Қорғауыш қаптаманы бекіту үшін қыспа иінтіректі бұғаттаңыз.
6.2.3
Қорғауыш қаптаманы немесе жапсырмасы бар қорғауыш қаптаманы бөлшектеу
1. Қыспа иінтіректі бұғаттаудан шығарыңыз.
2. Жалғастырғыш ойықпен тураланбағанша қорғауыш қаптаманы айналдырыңыз және алып тастаңыз.
6.3
Алмалы-салмалы аспапты орнату немесе бөлшектеу
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі. Алмалы-салмалы аспап қызып кетуі мүмкін.
▶ Алмалы-салмалы аспапты ауыстырған кезде қорғауыш қаптаманы тіреңіз.
Кесу мен тегістеу сапасы төмендесе, алмасты дискілерді алмастыру керек. Жалпы жағдайда
алмас сегменттері 2 мм-ден (1/16") кіші болғанда алмастыру керек болады.
Басқа диск түрлерін кесу сапасы төмендеген кезде немесе бұрыштық тегістеуіш бөліктері
(дискіден басқа) жұмыс кезінде жұмыс материалына тиген жағдайда алмастыру керек.
Абразивті дискілерді тозу мерзімі өткеннен соң алмастыру қажет болады.
6.3.1
Алмалы-салмалы аспапты орнату
1. Қыспа фланецті тазалаңыз.
2. Қыспа фланецті шпиндельге енгізіңіз.
3. Алмалы-салмалы аспапты орнатыңыз.
4. Қыспа гайканы орнатылған алмалы-салмалы аспапқа сай бұрап бекітіңіз.
5. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
6. Қыспа кілттің көмегімен қыспа гайканы бекемдеңіз, шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіңіз және
қыспа кілтті алып тастаңыз.
6.3.2
Алмалы-салмалы аспапты бөлшектеу
АБАЙЛАҢЫЗ
Сыну және бұзылу қаупі бар. Шпиндель айналып тұрғанда шпиндельді бұғаттау түймесі басылып
тұрса, алмалы-салмалы аспап босап қалуы мүмкін.
▶ Шпиндельді бұғаттау түймесін тек шпиндель өшірулі күйінде болғанда басыңыз.
1. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
2. Қыспа кілтті орналастырып және сағат бағытына қарсы айналдырып, қыспа гайканы босатыңыз.
204
Қазақ
5
2075442
3
*2075442*
4