Canpol Babies 12/211 Manual Del Usuario página 48

Extractor de leche eléctrico móvil
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 15
Сүтсауғышты қолдану көрсетілімдері
Сүтсауғыш келесі жағдайларда қолдануға болады (мүмкіндігінше, сүт шығуы тұрақталғанынша
күтіңіз, әдетте ол босаңғаннан кейін 2–4 апта бойы болады):
• Емшек сүті артық және сүт бездері қатайған кезде — емшек емізгенге дейін немесе емізген
уақытында шағын мөлшерлі сүтті сүзіп алу жайсыздық сезімін азайтуға және баланың емшек алуын
жеңілдетуі мүмкін.
• Емшек емізу арасында ұзақ үзілістердің себебінен емшек үрпінің ішке кірген кезде.
• Емшек емізуге кедергі жасайтын кеуденің анатомиялық ерекшеліктері (жалпақ, ішіне кірген немесе
жарақаттанған үрпі) болған кезде — сүтсауғышты қолдану үрпінің түрін жақсартуы мүмкін.
• Бала тамаққа тойып ұйықтаған кезде сүт келген кезде.
• Ауырған себебінен баланың тәбеті болмаған кезде.
• Сүт шығуы жеткіліксіз болған кезде — тамақтандыру арасында сүт сүзу сүттің шығуына ықпал етеді.
• Емшек емізген кезде (жұмысқа шыққан немесе іссапарға кеткенде) амалсыз үзілістерде — сүт
шығуын қолдау үшін жүйелі түрде сүт сүзіп отыру керек.
Сүзіп алу мерзімділігі
Емшек емізу уақытша мүмкіндігі болмаған кезде сүт шығуды қолдау үшін сүтті күніне кемінде 8 рет
сүзіп алу ұсынылады. Бастапқыда сүт сүзіп алу қиын болуы мүмкін, бірақ бірнеше күннен кейін сүт
көбірек болады. Бірақ сүт шығуы тұрақтандырылған кезде де сүт аз болуы мүмкін (бір рет сүзіп алу
кезінде 30–60 мл) және қажетті порцияны сүзіп алу үшін бірнеше рәсім қажет болады.
БҰЙЫМНЫҢ ҚҰРАМЫ (1-сур.)
A. Силиконды уқалау саптамасы
B. Сүтсауғыштың корпусы
С. Силиконды жарғақша
D. Силиконды жарғақшаның қақпағы
E. Силиконды клапан
F. Тамақтандыруға арналған бөтелке
G. Силиконды уқалау саптамасының қақпағы
H. Силиконды түтікше
І. Силиконды түтікшенің бекіткіштері (2 дана)
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықта келтірілген суреттер сұлба ретінде ұсынылады және көрнекті
болуға ғана арналған. Бөлшектердің сыртқы түрі көрсетілгеннен ерекшеленуі мүмкін.
Силиконды клапан, силиконды уқалау саптамасы және силиконды түтікше өте тозады және
қажеттілігіне қарай ауыстырылуы тиіс. Қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін авторландырылған сатып
алушыға жүгініңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Силиконды клапанды зақымдамау үшін оны шығарған кезде шүмегінен емес,
түбінен ұстаңыз. Клапанды зақымдау сүзіп алудың қарқындылығын азайтуы мүмкін. Клапанды
абайлап және мұқият жуыңыз, оның ішінде кепкен сүттің қалдықтарын болдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Әр пайдалану алдында сызаттардың, үзілуінің, түс өзгеруінің және басқа
да зақымдану немесе тозу белгілерінің болуын анықтау үшін барлық бөлшектерді тексеріңіз.
Зақымданған және тозған бөлшектер сүтсауғыштың жұмысын бұзуы мүмкін.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ (2-сур.)
1. Сүт сүзу қарқындылығының
4. Аккумуляторды
индикаторы
зарядтау индикаторы
2. Қуат беруді қосу/сөндіру батырмасы
5. Аспаптың жұмыс
3. Сүт сүзу қарқындылығын азайту
режімінің индикаторы
батырмасы
ҚҰРАСТЫРУ ТӘРТІБІ (3-сур.)
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сүтсауғыштың бөлшектерін зақымдамау үшін оны өте абайлап жинау мен
бөлшектеу керек.
1. Олардың арасында саңылау болмау үшін силиконды уқалау саптамасын (1a-сур.) сүтсауғыш
корпусының құйғышына (1b-сур.) салыңыз.
2. Сүтсауғыш корпусының жоғарғы тостаған тәрізді саңылауына (1b-сур.) силиконды жарғақшаны
(1c-сур.) салыңыз, шеттерін қысыңыз және силиконды жарғақтың қақпағымен жабыңыз (1d-сур.).
3. Сүтсауғыш корпусының төменгі саңылауына (1b-сур.) силиконды клапанды тірелгенше салыңыз
(1e-сур.). Тамақтандыруға арналған бөтелкені (1f-сур.) бөтелкенің бейімдегішіне (1o-сур.), ал кейін
олар бірыңғай құрылманы құру үшін сүтсауғыш корпусының төменгі бөлігіне (1b-сур.) қосыңыз.
4. Силиконды түтікшенің бір шетін (1h+i-сур.) силиконды жарғақшаның қақпағымен (1d-сур.),
ал екіншісін сүтсауғыштың электр блогына (1j-сур.) қосыңыз. Түтікше қысылмағанына және
бұралмағанына көз жеткізіңіз.
5. Силиконды уқалау саптамасының қақпағын орнатыңыз (1g-сур.).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сүтсауғыш литий-ионды аккумулятордан жұмыс істейді және батареялар
орнатуды немесе желіге тұрақты қосуды талап етпейді. Сүтсауғышты бірінші рет қолданар алдында
аккумуляторды толық зарядтаңыз. Толық зарядтағаннан кейін аккумулятордың зақымдануын
болдырмау үшін аспапты желіден ажыратыңыз. Аккумулятордың қызмет мерзімін ұзарту үшін оның
зарядының толық аяқталуын болдырмаңыз.
Аккумуляторды зарядтау қуаттау блогының көмегімен жүргізіледі және 2,5 сағатқа жуық уақытты
алады. Аккумуляторды кез келген уақытта зарядтау болады, оның зарядының толық аяқталуын
күтпеңіз. Аккумуляторды зарядтау үшін USB кабелінің бір шетін сүтсауғыштың электр блогына, ал
екіншісін қуаттау блогына қосыңыз және қуаттау блогын желіге қосыңыз. Зарядтау индикаторы
жыпылықтауды тоқтатқанда — аккумулятор зарядталған. Аккумулятордың толық заряды шамамен
2 сағатқа жетеді. Сүтсауғыш кіріктірілген таймермен жабдықталған және үзіліссіз жұмыс істеген
кейін 30 минуттан кейін сөнеді. Аспаптың жұмысын қайтадан бастау үшін қуаттауды іске қосу/
сөндіру батырмасын басыңыз.
12_211reb_p_instrukcja laktator_elektr_ms001.indd 94-95
12_211reb_p_instrukcja laktator_elektr_ms001.indd 94-95
J. Сүтсауғыштың электр блогы
K. Бөтелкеге арналған қақпақша
L. Бұралатын сақина
M. Силиконды емізік
N. Тығыздағыш дискі
O. Бөтелкенің бейімдегіші
P. Қуат блогы
Q. Usb кабелі
6. Жұмыс режимін таңдау
батырмасы
7. Сүт сүзу қарқындылығын
ұлғайту батырмасы
94
ЕМШЕК СҮТІН СҮЗІП АЛУ
Сүтті сүзіп алу алдында:
• Қолыңызды жақсылап жуыңыз.
• Сүтсауғышты пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жуып кептіріңіз («Тазарту және
зарарсыздандыру» тарауын қараңыз).
• Силиконды түтікшені қараңыз. Кір немесе ылғал болғанда сүтсауғышты іске қоспаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Түтікшеге үрлемеңіз.
Сүтсауғышты емшекке салған кезде үрпіні барынша терең (сүтсауғыш корпусы құйғышының дәл
ортасына) салуға тырысыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Силиконды уқалау саптамасы теріге тығыз жатуы тиіс. Саптаманың тығыз
жатпауы сүт сүзу тиімділігін азайтуы мүмкін.
1. Отырып ыңғайлы жайғасыңыз.
2. Аккумулятор зарядының деңгейін тексеріңіз (қажет болған кезде оны зарядтаңыз).
3. Сүт сүзуді бастау үшін іске қосу/сөндіру батырмасын басыңыз. Алғашқы рет пайдаланған кезде
сүтсауғыш 1 қарқындылық деңгейімен стимуляция режимінде іске қосылады. Кейін пайдаланған
сайын — алдында іске қосып орнатқан кездегі режиммен және қарқындылық деңгейімен.
4. Қажетті режимді таңдаңыз:
• Стимуляция режимі (екі шеңбермен белгіленеді) — кеудеге уқалау қимылы есебінен сүттің келуін
қамтамасыз етеді. Қарқындылық деңгейлерінің саны: 9. Қарқындылық деңгейін таңдау «+» және «–»
батырмаларымен жүргізіледі. Сүтсауғыштың жұмыс істеу режимін кез келген уақытта
өзгертуге болады. Егер оны жасамасаңыз, стимуляция режимінде 2 минут жұмыс істегеннен кейін
сүтсауғыш бұрын орнатылған қарқындылық деңгейімен автоматты түрде сүт сүзу режиміне ауысады.
• Сүт сүзу режимі (үш шеңбермен белгіленеді) — емшектен сүт сүзуді қамтамасыз етеді.
Қарқындылық деңгейлерінің саны: 9.
5. Рәсімді аяқтағаннан кейін сүтсауғышты бөлшектеңіз және оның бөлшектерін тазартыңыз («Тазарту
және зарарсыздандыру» тарауын қараңыз).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!Сүтсауғыштың электр блогын, қуаттау блогын, USB кабелін және бекіткіштері бар
силиконды түтікшені жумаңыз және зарасыздандырмаңыз. Қажет болған жағдайда оларды құрғақ
матамен сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Пайдаланушы сүтсауғыштың жұмыс істеу режимін өзгерткен сайын уақытты
қайтадан есептеу басталады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бір кезең 30 минут жасалады, ол уақыт аяқталған кезде сүтсауғыш автоматты
түрде сөнеді. Сүтсауғышты бұрын тоқтау үшін қуаттауды іске қосу/сөндіру батырмасын басыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сүтсауғышты емшектен алу үшін оның сөнгеніне көз жеткізіңіз. Егер аспап
жұмыс істеген кезде сүтсауғышты алып тастау қажет болса, саусағыңызды емшек пен силиконды
уқалау саптамасының арасына (баланы емізген кезде соруды тоқтатқанға ұқсастырып) салыңыз.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ
Алғашқы рет пайдалану және кейін әр пайдаланудан кейін, сондай-ақ сүтсауғышты қолданғаннан
кейін сүтпен жанасатын барлық бөлшектерді: силиконды уқалау саптамасы (1a- сур.), силиконды уқа-
лау саптамасының қақпағы (1g-сур.), сүтсауғыштың корпусы (1b-сур.), силиконды жарғақша (1c-сур.),
силиконды жарғақшаның қақпағы (1d-сур.), силиконды клапан (1e-сур.), тамақтандыруға арналған
бөтелке (1f-сур.) және бөтелкенің бейімдегіші (1o-сур.) — нәзік жуғыш құрал қосылған жылы суда жуу
керек. Жуғаннан кейін барлық бөлшектерді жақсылап шайыңыз және қайнату арқылы 5 минуттан
артық зарарсыздандырыңыз. Сүтсауғышты құрастыру алдында бөлшектерді бөлме температурасын-
да кептіріңіз немесе құрғатып таза матамен сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Зарарсыздандыратын бөлшектердің зақымдануын болдырмау үшін олар түбін-
де жатпайтындай, суды былғап отырыңыз.
Сүтпен жанасатын бөлшектер: силиконды уқалау саптамасы (1a-сур.), силиконды жарғақша (1с-сур.)
және силиконды клапан (1e-сур.) — электр зарарсыздандырғышта қайнатуға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сүтсауғышты пайдаланған сайын тексеріңіз: зақымданған және тозған бөлшек-
тер оның жұмысын бұзуы мүмкін.
Бөтелкені және емізікті күті ережелері
Емізікті әр пайдалану алдында жылы сумен жуу керек және қайнату арқылы 5 минуттан артық зарар-
сыздандыру керек (кермек суда қайнату әк өңезінің түзілуіне әкеп соқтыруы мүмкін). Бөтелкені және
емізікті әр пайдаланудан кейін жақсылап жуыңыз және қайнату арқылы зарарсызданыдырыңыз
(электр зарасыздандырғышта қайнатуға болады). Бөтелкені ыдыс жуғыш машинада жууға болады
(макс. 60 °C). Емізікті ыдыс жуғыш машинада жууға ұсынылмайды. Дезинфекциялаушы жуғыш құрал-
дарды қолданбаңыз. Пайдалану алдында емізікті жан-жаққа тартып байқап (баланың тісі шыққан
кезде өте мұқият) тексеріңіз. Беткі қабатында сызаттар пайда болса, емізікті лақтыру керек. Бөтелкені
құрастырған кезде емізіктің желдетілуін бұзбау үшін бұралатын сақинаны тығыз, бірақ қатты емес
бұрап тартыңыз. Тамақтандыру алдында бөтелкенің ақпауын тексеріңіз. Ішу температурасы 40 °C-ден
жоғары болмауы тиіс. Қақпағы бұрап жабылған бөтелкені жылытпаңыз. Бөтелкені тұмшапеште және
газ/электр плитасында қыздыруға болмайды. Микротолқынды пеште бөтелкенің өзін ғана (емізіксіз
және басқа бөлшектерсіз) қыздыруға болады. Қыздырғаннан кейін жылу біркелкі таралу үшін бөл-
шектерді жазыңыз және біркелкісіз қызу себебінен күюді болдырмау үшін температураны тексеріңіз.
Тікелей күн сәулесінің, майлардың, еріткіштердің және қышқылдардың түсуіне жол бермей, емізікті
жабылған құрғақ ыдыста 0 бастап 25 °C дейін температурада сақтаңыз. Емізіктерді жылу көздерінің
жанында сақтамаңыз, белгіленген уақыттан ұзақ уақыт зарарсыздандырмаңыз (стерилдемеңіз) және
ондағы тесіктерді арттырмаңыз. Емізікті әр 2 айда өзгерту ұсынылады. Нұсқаулықты бұйымды бүкіл
пайдалану кезеңі ішінде сақтаңыз. Материалдар: силикон (емізік), полипропилен (бөтелке). Топтама-
ның нөмірін қаптамадан қараңыз.
Сақтық шаралары
Стоматологиялық аурулардың алдын алу үшін рационалды тамақтану режимін сақтаңыз.
Тамақтандыру алдында тағамның температурасын тексеріңіз.
Зақымданудың немесе тозудың алғашқы белгілерінде бұйымды пайдалануды тоқтатыңыз.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Бұйымды таспаларға, бауларға, арқандарға және киімнің кең жерлеріне байламаңыз: тұншығу қаупі!
Емізікті қуыс емізік ретінде пайдаланбаңыз.
Тек ересектердің бақылауымен қолданыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
• Сүтсауғышты осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен көзделмеген мақсаттарда қолданбаңыз.
• Сүтсауғышты тұтану көздерінің жанында пайдаланбаңыз.
• Пайдаланар алдында дұрыс құрастырылғанын тексеріңіз.
• Сүт сүзіп, ауырғанды түйсінген кезде рәсімді дереу тоқтатыңыз.
• Сүтсауғышты пайдаланар алдында қолыңызды жақсылап жуыңыз.
• Сүтсауғышты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Оның құлауына және соғылуына жол бермеңіз.
• Зарарсыздандырғаннан кейін қорғалмаған қолмен ұстамаңыз: күйіп қалу қауіпі!
• Пайдалануда болған сүтсауғышты басқа пайдаланушыларға сатуға/беруге болмайды.
95
батырмамен
04.11.2022 13:03:06
04.11.2022 13:03:06
loading

Productos relacionados para Canpol Babies 12/211