Bosch 3 600 HD2 000 Manual Original página 113

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 20
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың
u
толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе
энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің
ақаулануы салдарынан электр құралының
жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда,
бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған
жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру)
қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан
шығарыңыз немесе алып – салмалы
аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы
бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз.
Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес
u
білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу,
монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет
көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады.
Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған,
u
техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып
шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі.
Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі
u
немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар
олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның
бақылауында болмаса немесе электр құралын
пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды
пайдаланбауы тиіс.
Электр құралдарын пайдалану және күту
Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
u
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты
u
күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз
істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің
ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр
құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған бөлшектері бар құралды
пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр
құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға
себеп болып жатады.
Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және
u
май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар
мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді
қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Электр бұйымы үстінен ешқашан су шашпаңыз.
u
Электр бұйымын ешқашан суға малмаңыз.
Электр бұйымды тек қана лайықты түрде
u
орнатылып қойылған шүмегімен пайдаланыңыз.
Үрлегіш құралымен тек қана бақ қалдықтарын
u
үрлеп тазалаңыз. Үрлегіш құралын ыстық, жанғыш
немесе жарылғыш заттарының жанында
пайдаланбаңыз немесе осындай заттарды осы
құралмен үрлеп тазаламаңыз. Қар немесе өз-өзімен
ұшып кете алатын заттарды үрлегіш құралымен үрлеп
тазаламаңыз. Үрлегіш құралын көлік түрлері үшін
Bosch Power Tools
қозғалтқыш ретінде қолданбаңыз (мысалы,
скейтбордтар үшін).
Өшіріп қойылғаннан кейін де бақ құралы бірнеше
u
секунд бойы әлі істеп тұрады (тұрақты ауа ағымы).
Бақ құралын қайта іске қосу алдынан алдымен оның
қозғалтқышының тоқталыуына дейін күтіңіз.
Бақ құралын қайта-қайта өшіріп қоса бермеңіз.
Бұл құрал физикалық, сенсорлық немесе
u
психикалық қабілеттері шектелген, немесе бұл
құралды қолдану үшін керекті тәжірибесі және/
немесе білімі болмаған адамдар арқылы
(осылардың арасында балалар да) тек өздерінің
бақылау астында болып, немесе осы құралды
қауіпсіз түрде қолдану бойынша нұсқаулармен
танысып, мүмкін бола алатын тәуекелдермен
танысқаннан кейін ғана қолданыла алады.
Балалардың электр құралымен ойнамауын
қамтамасыз ету үшін балаларға қарап жүруіңіз керек.
Салқындату саңылауларының барлығын кірден
u
тазалап жүріңіз.
Бұйымды өзгерту бойынша ешбір жұмыстарын
u
өзбасыңызбен өткізбеңіз. Рұқсат етілмеген өзгерту
жұмыстары бақ электр бұйымыңыздың қауіпсіздігін
зақымдап, шуылдар мен вибрациялардың өсіп
күшейтілуіне апара алады.
Құралды әрқашан, әсіресе температура деңгейі
u
төмен болған жағдайларда, төменірек
жылдамдылық деңгейінен бастай отырып іске
қосыңыз. Төмен, суық температура жағдайларда
жоғарырық айналымдар саны таңдалса құрал осы
енгізілгеннен саннан төменірек айналымдар санымен
іске қосылып, одан кейін ғана енгізілген айналымдар
санынан баяу жетуі мүмкін.
Электр бұйымы үстінен басқа заттарды қоймаңыз.
u
Тынысқа шаңның тартылып қалуы мүмкін болу
u
себебінен құралды жабық бөлмелер мен
ғимараттарды пайдаланбаңыз.
Құралда күтілмеген дыбыстар немесе дірілдер,
u
әсіресе желдеткіш жағынан, пайда болған
жағдайда құралды техникалық қызмет көрсету
орталыығына жіберіңіз.
Қауіпсіздік нұсқаулары мен аккумуляторды оңтайлы
түрде пайдалану бойынша нұсқаулар
Аккумуляторды құралға енгізу алдынан құрал
u
өшіріліп қойылған қалыпта болғанын тексеріп
алыңыз. Аккумуляторды қосылып тұрған бақ
электрбұйымына енгізу апаттарға апара алады.
Тек қана осы бақ электрбұйымы үшін арналған
u
арнайы Bosch аккумуляторларын қолданыңыз.
Басқа түрлі аккумуляторларды қолдану жаралану және
өрт қауібіне апара алады.
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
u
бар.
Қазақ | 113
F 016 L94 456 | (22.05.2023)
loading

Este manual también es adecuado para:

Gbl 18v-750