7.1
Қосу/өшіру
1. Өнімді қосу үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз.
2. Өнімді өшіру үшін қосу/өшіру түймесін қайтадан басыңыз.
7.2
Жарық алшақтығын таңдау
▶ Жарық алшақтығының түймесін, қажетті алшақтыққа қол жеткізгенше басыңыз.
▶ Жарық алшақтығы арнайы индикатор арқылы көрсетіледі.
7.3
Жарықтықты таңдау
▶ Жарықтық түймесін, қажетті жарықтыққа жеткенше басыңыз.
▶ Жарықтық индикаторында жарықтық көрсетіледі.
8
Қосымша аксессуарлар
8.1
Желілік кабель
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі бар! Кіріп кеткен су өмірге қауіпті электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
▶ Желілік кабельді, өнім құрғақ аймақтарда пайдаланылған кезде ғана жалғаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Сүріну/құлау қаупі бар! Бекітілмей өткізілген кабельдер адамдардың сүрінуіне, құлауына және/немесе
жарық бағанасының аударылуына әкелуі мүмкін.
▶ Желілік кабельді және қажет болса, пайдаланылған ұзартқыш кабельді, ешқандай сүріну қаупі
болмайтындай, келесі қорғаныш түйіспесі бар розеткаға дейін өткізіп, бекітіңіз.
Оған қоса жарық бағанасын энергиямен жабдықтау үшін желілік кабельді жалғаңыз.
Резеңке қаптамасы бар және сымның көлденең қимасы кем дегенде 1,5 мм (AWG 15) құрайтын
желілік кабельді ғана пайдаланыңыз.
Кейбір нарықтарда Hilti компаниясы желілік кабельді де қосымша ұсынады.
1. Жарық бағанасындағы жалғағыш ұяның жапқышын ашыңыз.
2. Желілік кабельдің аспап штекерін жарық бағанасының жалғағыш ұясына енгізіңіз.
3. Желілік кабельдің желілік ашасын розеткаға салыңыз.
Енгізілген аккумуляторды жарық бағанасында қалдыруға болады. Жарық бағанасы желілік
кабельдің жалғанғанын анықтайды және аккумулятормен байланысты ажыратады. Жарық
бағанасы зарядтағыш құрылғы ретінде қолданылмайды, аккумулятор зарядталмайды.
9
Күту және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар !
▶ Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын
әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Өнімге қызмет көрсету
•
Қатты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
•
Бар болса, желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
•
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөліктерге зақым келтіре алады.
•
Өнімнің контактілерін тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.
*2385040*
5
6
2385040
Қазақ
63